"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңадан іске қосылатын электр қондырғыларын қосу мерзімдері қысқартылды

03.05.2023
Жаңадан іске қосылатын электр қондырғыларын қосу мерзімдері қысқартылды
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Пайдалану қағидалырына сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұтынушы ұйымға 7 құжатты ұсыну қажет.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті бас маманы міндетін атқарушы Амина Тулюгалиева сұхбат беріп, электрмен жабдықтау шарты туралы айтып берді.

 − Амина Сериковна, бірден көпшілікті мазалап отырған сұрақтан бастасақ. Бүгінде өңірімізде электр желісіне қалай қосылуға болады?

− Пайдалану қағидалырына сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұтынушы ұйымға 7 құжатты ұсыну қажет. Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды.

-Техникалық шарттар қандай мерзімде беріледі?

− Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде негізгі құжаттық рәсімдер басталады. Қол қойылған электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін,  тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін, жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

− Егер энергия беруші ұйым тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағанын анықтаса не болады?

− Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Бұл актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы энергия беруші ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта хабарлама жібереді. Энергия беруші ұйым қайта өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды жүргізеді. Егер ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру бір ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.

− Энергия беруші ұйым тұтынушыны қандай мерзімде электр қуатына қосады және бұл қалай жүзеге асады?

− Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру келесі тәртіпте және мерзімде жүргізіледі: құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы энергия беруші  ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді. Энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;

хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді;

электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.

− Объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттарды алу қажет пе?

− Иә, бұрын берілген техникалық шарттар жарамайды. Иесі ауысқан кезде жаңа меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді. Энергия беруші ұйым екі жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

− Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін заңнамада қандай шаралар көзделген?

− Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 301-1 бабының бөліміне сәйкес Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

− Өңір тұрғындары арыз-шағымдарын қайда және қалай жолдай алады?

− Өңір тұрғындарының электр энергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуына байланысты арыз-шағымдары немесе оңтайландыруға ұсыныстары болса Семей қаласы, Лұқпан Өтепбаев көшесі, 4    № 11 кеңсе бойынша қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (7222) 35-39-69.

Және әр сәрсенбі және жұма күні сағат 15-00-ден 17-00-ге дейін Департамент басшылығы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

21 час бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

22 часа бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС