"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерлан Қошанов: «Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды уақытылы көтеріп отыруы тиіс»

29.05.2023
Ерлан Қошанов: «Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды уақытылы көтеріп отыруы тиіс»
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия жанындағы республикалық кеңестердің жаңа төрағаларымен жиын өткізді. Жиынға партияның аймақтық филиалдары бейнеконференция режимінде қатысты.  

Сөз басында Ерлан Қошанов кеңестердің негізгі мақсатының бірі – Президент пен партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу екенін атап өтті. Сондай-ақ республикалық кеңестер партияның негізгі диалог алаңдары екенін атап өтіп, аманаттықтардың алдында тұрған бірқатар маңызды міндетті белгілеп берді.

Ерлан Қошанов: «Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды уақытылы көтеріп отыруы тиіс»

«Салалық кеңестердің тиімділігін түбегейлі арттырып, бұл жұмысқа партияның жаңа жақтастарын, сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту керек. Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды анықтап, уақытылы көтеріп отыруы, проблемалық нысандарға баруы, оларға қатысты шешім шығарып отыруы тиіс», – деді партия Төрағасы

Отырыс барысында Ерлан Қошанов партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен тағайындалған «AMANAT» жанындағы кеңестердің жаңа басшыларын таныстырды.

Осылайша, Партиялық бақылау комитетіне – Павел Казанцев, Экологиялық кеңеске – Бауыржан Смағұлов, Өңірлік даму жөніндегі кеңеске – Берік Бейсенғалиев, Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске – Екатерина Смышляева, Аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі кеңеске – Нұржан Әшімбетов, Жастарды қолдау жөніндегі кеңеске – Нартай Сәрсенғалиев басшылық ететін болды.

Ерлан Қошанов: «Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды уақытылы көтеріп отыруы тиіс» Ерлан Қошанов: «Біздің кеңестер қоғамды толғандырған тақырыптарды уақытылы көтеріп отыруы тиіс»

Сонымен қатар Ерлан Саиров – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске, Жұлдыз Сүлейменова – Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңеске, Аманжол Әлтай – Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесіне, Динара Зәкиева – Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңеске жетекшілік етуді жалғастырады.

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Саиров алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, кеңес жұмысының арқасында Түркістан облысына қарасты ауылдардағы 45 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселесі шешілді.

Павлодар облысындағы экологиялық кеңестің төрағасы Ирина Чидунчи мемлекеттік органдармен кері байланыс орнамай отырғанын, атап айтқанда кеңес жолдаған хаттардың 80%-на немқұрайлы жауап қайтарылатынын айтты.

Ал Түркістан облысындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Жаңабай Ағабеков аманаттықтар жедел әрекет ету топтары арқылы «Бақытты отбасы» жобасы аясында өмірдің қиын жағдайына тап болған өңірдегі отбасыларға көмек көрсететінін атап өтті.

Айта кетейік, былтыр республикалық кеңестердің 56 отырысы өтіп, онда 91 мәселе қаралды. Мемлекеттік органдарға арналған 584 ұсыным әзірленді. Сондай-ақ, комитеттердің 23 отырысы өткізіліп, онда 52 мәселе қаралды және 59 ұсыным дайындалды.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

16 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

17 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС