"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Елдегі әр әуежайдың маңында рұқсат етілмейтін нысандар бар – AMANAT жанындағы Кеңес

29.05.2023
Елдегі әр әуежайдың маңында рұқсат етілмейтін нысандар бар – AMANAT жанындағы Кеңес
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

 

Еліміздегі барлық әуежайдың айлақ маңындағы аумағында рұқсат етілмейтін нысандар, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, қоқыс үйінділері, тіпті қасапханалар бар. Бұл жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіреді деп санайды «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес мүшелері.

 

Партия хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, Шымкент қаласы әуежайының санитарлық қорғау аумағында 187 тұрғын үй орналасқан, олардың 128-інің толық рұқсат құжаттары бар.

 

«Менің сұрағым әкімдікке де, азаматтық авиация комитетіне де бағытталады, оларға қандай негізге сүйеніп рұқсат берілген? Рұқсат құжаттарын сіздер бермеген болсаңыздар, онда олар мұның бәрін қалай рәсімдеді? 12 адамның өмірін қиып, тағы 47 адам жарақат алған Алматыдағы қайғылы оқиғаны ешқайсымыз да ұмытқан жоқпыз. Біз әуежай маңында тұратын адамдармен сөйлестік, олар үйіне ұшақ құлап кете ме деп қорқады, тіпті, ұшақтардың моделін дыбысына қарап-ақ ажырата алатын жағдайға жеткен», — деді ол.

 

Бұған жауап ретінде Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегенов заңнамада әуежайлардың 4 км аймағында құрылысқа тікелей тыйым салынбағанын, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қызметті жүзеге асыруға ғана шектеу қойылғанын атап өтті.

 

«Жалпы алғанда Шымкент әуежайының 4 километрге дейінгі айналасына толығымен құрылыс салынған, бірақ соны ішінде 70 нысан аса үлкен кедергі келтіріп тұр. 25 үй және 45 темір-бетон электр жабдықтау бағанасы бар, әкімдік оларды ысырып, ұзындығын қысқартып жатыр. Бұл үйлердің барлығы 10 жылдан астам уақыт бұрын өз бетінше рұқсатсыз салынған. Үйді салып алып, содан кейін ғана заңдастыруға өтініш берген. Бұл мәселе бойынша үкіметтік комиссия жұмысы істеп жатыр», — деді ол.

 

Партиялықтар еліміздегі әуежайлардың айналасындағы қоқыс полигондарының мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, Алматы әуежайының 15 шақырымдық аймағында Алматы облысы тарапынан 351 қоқыс төгетін орын табылды, оның 247-сі ғана жойылды. Бұл ұшу үшін қауіпті жағдай тудырады. 2022 жылы ұшақ құстармен соқтығысқан 46 жағдай тіркелсе, Оңтүстік астананың әуе айлағында осындай 23 оқиға орын алды. Атырау қаласының әуежайы маңындағы жағдай да көңіл көншітпейді.

 

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев әуе тасымалдаушылардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін қозғады. Ол Қазақстаннан басқа, әлемнің көптеген елінде оның ішінде Өзбекстанда, Қырғызстанда және Ресейде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әуе билеттері жеңілдікпен сатылатынын алға тартты.

 

«Мүгедектігі бар адамдар үшін әуе көлігімен қатынау дұрысырақ. Себебі темір жол мен автокөлікке қарағанда ұшақта жоғары сервис пен барлық жағдай бар. Бұл әсіресе, қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтарға қатысты. Неге отандық әуекомпаниялар мүгедектерге де, оларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік бермейді?», — деді халық қалаулысы.

 

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

15 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

16 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС