"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бүгінгі ұрпақ өткеннен не біледі?

01.06.2023
Бүгінгі ұрпақ өткеннен не біледі?
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 мамыр күні Alikhan Bokeikhan университетінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған конференция өтті. Конференцияға Абай облысы әкімінің орынбасары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия төрағасы Шалқар Байбеков, қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, тарихшы Мұхтарбек Кәрімов, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ерлан Еркінұлы, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева және өзге де қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық институттарының мүшелері қатысты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында республика көлемінде «Азалы тарихқа тағзым» атты шаралар легі ұйымдастырылуда. Ал облысымызда 100-ге тарта түрлі деңгейде мәдени-танымдық шаралар өтеді деп күтілуде. Соның бірі — Абай өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тарихын зерделеу және сараптау мақсатында өткізіліп отырған өңірлік конференция.
2020 жылы 24 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №456 Жарлығына сәйкес республикада Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Еліміздің әр аймағында аталған комиссияның облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелері де төл тарихымыздың «ақтаңдақ беттерін» зерделеу бағытында нәтижелі істер атқаруда.
— Бүгін өздеріңізбен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған өңірлік конференция жұмысына жиналып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомат Тоқаевтың №456 Жарлығына сәйкес құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істейді. Аталған комиссияның облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелері де құрылған. Абай өңірі, Семей қаласы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, республикамыздың тарихи орталығы. Әсіресе ХХ ғасырдың басындағы саяси үдерістер тоғысында маңызды рөл атқарған Семей шаһары Алаш қозғалысының орталығы ретінде белгілі болды. Тіпті 1917-1927 жылдары Алаш қаласы атауымен де тарих парақтарында жазылып қалды. Сондықтан елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Семей қаласында айрықша мәнде өткізілуі заңды құбылыс деп санаймын. Бұл жерде Алаш арыстарының, Құнанбай әулеті ұрпақтарының ізі қалған. Бүгінде Бейбітшілік аралы атауымен белгілі аралда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қаншама арыстарымыздың қаны төгіліп, қыршын жандары қиылды. Осы бағыттағы істер комиссия жұмысы аясында және комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін де жалғаса беретін болады,- деді жиынды ашқан Шалқар Заманбекұлы.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік бөлімшелерінің қажырлы зерттеу және зерделеу жұмысарының нәтижесінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі материалдарының» 33 томы жарық көріп отыр. Аталған еңбектер ең алдымен республикалық және облыстық комиссия құраманыдағы жұмыс тобы мүшелерінің тыңғылықты іздеу, анықтау және ақтау тұрғысында жасаған еңбектерінің айқын көрінісі екендігі анық. Аталған көп томдық еңбектердің 20-шы томы Абай облысы әкімі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияға тиесілі. Конференция барысында өңірімізге қатысты осы еңбектің таныстырылымы өтіп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұқтарбек Кәрімов пен Әлихан Бөкейхан университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Майгүл Матаева кітаптардың тұсауын кесті.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев комиссияның атқарған жұмысы және алдағы уақыттағы жоспарлар туралы айтып өтті. Айдар Серікқазыұлының айтуынша, қазіргі уақытта комиссия «Алаш қозғалысы» атты 10 томдық жинаққа құжаттар мен материалдар дайындау үстінде. Жинақтың алғашқы бірінші томы Абай облысына арналмақ. Сонымен қатар «Халық жады» еске алу кітабы әзірленуде.
— 2020 жылдың 24 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, жер-жерде өзінің жұмысын іске асыра бастағанын білесіздер. Бұл жұмыс біздің өңірде де жолға қойылған. Облыс әкімдігі жанынан комиссия құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы органдар, ғалымдар, өлкетанушылар мен өңірдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтар — жалпы жиыны 21 адам енді. Одан бөлек, тоғыз адамнан тұратын үш жұмыс тобы бар. Жұмысты үйлестіру қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімі, сондай-ақ облыстық Достық үйі жанынан құрылған бөлім тарапынан іске асады. Бұл мәселемен шұғылданатын жалпы штат саны 11 адамнан тұрады. Сонымен қатар қала және аудан әкімдіктері жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмыс атқарады. Жергілікті жерлерде аталған жұмысты ішкі саясат бөлімдері үйлестіруде. 2022 жылғы 20 қазанда өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 7-ші отырысының хаттамасында берілген тапсырмаларды орындау барысында «Абай облысында кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы» тақырыбымен жинақ әзірленіп, мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесіне жолданды. Аталған жинақ 33 томнан тұрады. Оның 20-шы томы Абай облысы әкімі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының тікелей атсалысуымен жарық көрді. Қазіргі уақытта комиссия «Алаш қозғалысы» 10 томдығына құжаттар мен жинақтар дайындау үстінде. Осыған байланысты өңірік комиссия құрамындағы «Алаш» тобы жетекшісі Еркін Рахметуллин мен топ мүшесі Лаура Қадырова Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік архивінде, ҚР Президенті архивінде жұмыс істеп қайтты. Жинақталған материалдардың барлығы осы жинаққа енеді деп күтілуде. Ағымдағы жылдың екінші, үшінші тоқсанында «Халық жады» еске алу кітабын әзірлеу шеңберінде жұмыс жалғасын табады,- деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.
Alikhan Bokeikhan University «Алаштану» ҒЗО директоры, жұмыс тобының жетекшісі Еркін Рахметуллин «Алаш қозғалысы: жаңа деректер мен тың пайымдаулар туралы» тақырыбында баяндама оқыды.
— Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамында екі жылдан артық жұмыс істеп келе жатырмыз. Абай облысы құрылған соң өңірлік комиссияның құрманына ендік. Осы жылдар аралағында ашық қордағы деректер бойынша көптеген құжаттар анықталды. Қаламыздағы қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында, Мәскеу қаласындағы және өзге де архивтердегі іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұған дейін еш жерде жарық көрмеген, қаралмаған құжаттар табылды. Бұл құжаттар ағымдағы жылы жарық көретін «Алаш қозғалысы» он томдық жинаққа енетін болады. Оның алғашқы томы Абай облысына арналмақ,- деген Еркін Ерланұлы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
— Комиссияның жұмысы — құжаттарды анықтау ғана емес, насихаттау, ғылыми айналымға енгізу, сонымен қатар ұсыныстар жасау. Комиссия жұмысы 2023 жылы аяқталады. Бірақ тарихты зерделеу жұмысы әрі қарай жалғасуы керек. Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында қаншама Алаш арыстары атылды. Осы жерде НКВД ғимараты болған екен. Сол орынды анықтап, тағзым ететін ескерткіш салынса деген ұсынысым бар. Сонымен қатар шет елдердегі архив деректерінің көшірмелерін әкелуге қолдау көрсетілсе,- деді Еркін Рахметуллин.
Шәкәрім атындағы университеттің «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, жұмыс тобының жетекшісі Тоты Кариева «Халық жады» естеліктер жинағы көптомдық жобасының Абай өңірінде жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, сондай-ақ қуғын-сүргін мен ашаршылық екі түрлі оқиға екенін, сондықтан бұл қасіретті оқиғаларды бір күнге біріктіру дұрыс емес деген ойын айтты.
«Саяси қуғын-сүргіннің тарихи себептері және оның Қазақстандағы көрінісі» туралы Шәкәрім атындағы университеттің «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімов, «Семей мұғалімдер семинариясының Алаш тарихындағы орны» туралы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Шағангүл Жанаева баяндама оқыды.
Конференция соңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың атынан комиссия жұмыс тобы мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС