"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҺКӘРІМ МҰРАСЫ

06.05.2023
 ШАҺКӘРІМ ӘНДЕРІ
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШАҺКӘРІМ МҰРАСЫ

ШАҺКӘРІМ МҰРАСЫҚазақ ойы, мәдениеті мен әдебиетінің тарихын Шәкәрім Құдайбердіұлысыз көз алдымызға елестету әсте мүмкін емес. Күні кешеге дейін оны халық жауы ретінде танып, оның шығармаларын ауызға алудан жасқаншақтап келген едік. Уақыт та бұл олқылықтың орнын толтырды. Шәкәрімнің кітаптары шығып, оны халық бұрынғыдан да зор тани түсті. Ол — ақын, философ, ағартушы. Ол — халқына шын берілген адал Шәкәрім қазақ халқының өткені мен болашағын терең зерделеп, толғақты ой айта білген адам.

Басқа да халықтар секілді қазақтар да жақсы адамдары мол халық, әрине, олардың ішінде жамандары да бар, — деп жазады Шәкәрім. Әйтсе де қазақтар өте күрделі жағдайда / табиғи және әлеуметтік / өмір сүріп отыр. Осыдан келіп олардың арасында ұрлық — қарлық жасау, өзінің байлығын билігін пайдаланьш, кедей — кепшікті алдау, тықсырушылық, күн көрсетпеу болып отыр.

Шәкәрім осыны жеңе білуге, мәдениетті көтеру жолында күш — жігер біріктіруге шақырады. Ол бұдан шығудың жолын да көрсетіп берді. Біріншіден, партияларға, олардың қызыл жалынды сөздері мен ұрандарына еліктеп кетпеу керек, олардың мүддесі үшін ұрыс — керіске барудың ешқандай да керегі жоқ, бұдан ұтылатындар — қарапайым халық. Халық өзінің адал еңбегіне сүйене отырып, тура, айқын жолдан айнымауы керек. Екіншіден, қазақ халқы басқа, өркениетті елдердің, халықтары сияқты білімге, ғылымға ұмтылғаны жөн. Бұл жолда — керісті, мал ұрлауға және басқа келеңсіз әдеттер мен қылықтарды ысырып қойған абзал. Байларға кек артудың, олардан рақым күтудің қажеті жоқ. Ұрыс. Олардың бар ойлайтыны — байлық, одан басқа қызық жоқ, соны мақтаныш көреді. Өмірдегі бар мақсаты сол ғана. Олар өнер — білім жайлы тіпті ойламайды да. Үшіншіден, қалалар мен елді — мекендер тұрғызып, сонда білім алып, еңбек етуге жағдай жасауы тиіс. Балаларды жас кезінен баптап тәрбиелеу керек. «Онсыз қазақтардың дәл қазіргі уақытта күш — қуаты жоқ», — дейді Шәкәрім.                — көретін көзі, ұғатын сөзі жоқ, қазақтың бұл күнде аты бар, өзі жоқ» — деп шындық жайды жасырмай айтады. Бұлай кете берсек, қазақ халқы өзіндік мәдениеті мен тарихы бар, басқалармен иық тірестіре алатын ұлт болудан қалатындығына хауіп білдіреді, осыдан сақтандырады.

Қазақтар басқа халықтардың ішінде белгілі бір дәрежеде мәдениеті мен тарихы бар ұлт ретінде көрінуі үшін  ел басқарып отырғандардың жалпақ, жағымпаз, құркеуде болмауы керектігін аса қажет деген тұжырым жасайды Шәкәрім. Жайлы қызмет, атақ — даңқтың соңында кеткен басшы елді көгертпейді, қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мүддесін көздемейді.

Шәкәрім лирикасының тақырыптық ауқымы өте кең. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын  мөлдірете зерделеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл  болмыс — бітімін барынша сезіне отырып, уақыт пен қоғам, тіршілік жайында шабыттана сыр ақтарған саяси — әлеуметтік лирикасымен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша құбылыстарын шебер өрнектеген  табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, ақиқат пен болашақ, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты олар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.

Шәкәрім көбіне — көп өзінің сөзін жастарға арнаған. Оларды адамгершілік қадір — қасиетті жоғалтпауға, көп еңбектеніп, ізденуге шақырады. Өзіңді — өзің жоғары қойып, өзімшілдік танытудан түк шықпайды. Қайта әрбір адамды бағалай біл, оның жақсы жақтарын да, жаман жақтарын да аңғара біл, жаманын таста, жақсысын ал, қоғамның өзі халықтың өзі сол жеке адамдардан тұрады. /Адамның бәрі — өз халқың /. Өзінің халқы үшін жауапты, адал болу әр адамның азаматтық асқақ борышы, керек десеңіз жақсы өмір, жарқын мұрат үшін өмірмен де қоштасуға болады. Шәкәрім жырларын оқып отырғанда осындай ой түюге болады.

Осындай жоғары адамгершілік борышты өтеу үшін — дейді Шәкәрім, — жас адам білім алуға тиіс, өзінің күш — қуатын білімін тереңдетуге, ғылыммен шұғылдануға жұмсауға тиіс. Бұл ретте Абай идеал бола алады. Ол жол көрсетіп қана қойған жоқ, өзінің бүкіл шығармашылық және адал өмірімен қазақтарға әлемдік өркениетке апаратын, надандық пен артта қалушылыққа қарсы күресетін жолды көрсетіп берді.

Шәкәрім ғасырлар бойы сараланып, қалыптасқан халық поэзиясының көркем тілі мен қанатты сөздерін, шығыс ақындарының  сұлу да сыршылдық сипаттауларын, ал ұлы ұстазы Абайдың шеберлік дәстүрін үлгі тұтып, қазақ поэзиясына өзінше қайталанбас өрнек салды.

Ұлы ойшыл өзінің шығармаларында адамгершілік, имандылық, тәрбиесіне, оқу — білімге, әлемдік өркениетке жетуге көп көңіл бөлген. Ол жастарға арналған сөзінде жаман қылықтардан аулақ болуға салмақтылыққа, сабырлылыққа, жас кезден бастап иманжүзді болуға шақырады. Олар жалқаулықтан арылып, білімге ұмтылса дейді. Ол өз заманындағы жастарға сенбесе де, болашақ жастарға сенім білдіреді.

Шәкәрім — халық тарихынан, этникалық, этнографиялық деректерден мол хабары бар ақын. Поэмадағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем. Жалпы Шәкәрім трагедиялық халді, шытырман оқиғаларды баяндау үстінде халық бейнесі арқылы қоғамдық  психологияны бейнелеу, жеке адам басындағы ахуалды халық табиғатымен байланыстыру — Шәкәрімнің ақындық  шеберлігінің бір сипаты.

Шәкәрім лирикасы мен поэмаларындағы философиялық терең ойшылдық  пен поэтикалық көркемдік Абай дәстүрімен әрдайым үндесіп жатады. Оның бүкіл әдеби мұрасынан Абай іргетасын қалаған реалистік әдеби дәстүрдің жалғастығы жарқырай көрінеді. Жоғарыда біз мысалға келтіріп талдаған қанатты сөздер өтк ен — кеткен ғасырлардағы ақылмандардың түйін — тұжырымдарымен  бой  таластырар туындылар.  Шәкәрімнің кемел ойларын  келісті ақылын  терейік  те халқымызға өнеге тұтайық. Сонда  елдігіміздің  туы биіктей түседі.

Жалпы алғанда, Шәкәрім поэмаларының тақырыптық, көркемдік сыр — сипаты оның эпикалық ауқымда, әлеуметтік деңгейде көркем ой тұжырымдай білген шабыт иесі екенін дәлелдейді. Ақын өз поэмаларында негізінен қазақтық қара өлеңінің дәстүрін ұстанады. Шәкәрімнің кейіпкерлері — адал махаббаттың, пәк  сезімнің, адамгершілік пен ақылдылықтың туын  ұстаушылар.

Шәкәрім — халық тарихынан, этникалық, этнографиялық деректерден мол хабардары бар ақын. Поэмадағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем. Ақын халық тілінің  нәрлі бояуларын, мақал — мәтелдері мен қанатты сөздерін мол пайдаланды. Поэмаларында сәтті теңеулер,  ауыстырулар мол.

Шәкәрімнің прозалық шығармаларының ішіндегі ең көрнектісі «Әділ -Мария»  атты шығармасы. Онда 1910 жылдар шамасындағы қазақ даласының саяси — әлеуметтік ахуалы, ел тұрмысындағы әр алуан жағдайлар суреттеледі. Романның  тақырыбы қазақ ауылындағы қыздардың бас еркі, бір — біріне ғашық жастардың қайғылы тағдырына арналған.

Шәкәрімнің шағын проза үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Мен жетпіс екі жасқа келгенде» деген шығармалары да көңіл аударарлық. Олардың қай — қайсысы да тәрбиелік мәні ерекше туындылар.

Шәкәрім туған халқының Шығыс пен Батыстың озық ойлы әдебиеті мен мәдениетінің інжу — маржандарымен таныстыру жолында да көптеген іс атқарды. Бірнеше жұрттың тілін білу арқылы Шығыстың жауһар қазыналарынан нәр алды. «Оятқан ерте мені шығыс жыры» немесе «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деген өлеңдері дәлел.

«Ләйлі — Мәжнүн» дастаны Шығыс поэзиясында көптеп жырланып келе жатқан шығарма. Бұл дастанды нәзира үлгісі бойынша Шәкәрім өзіндік өрнегімен жырлап шыққан.

Шәкәрім ғасырлар бойы сараланып, қалыптасқан халық поэзиясының көркем тілі мен қанатты сөздерін, шығыс ақындарының  сұлу да сыршылдық сипаттауларын, ал ұлы ұстазы Абайдың шеберлік дәстүрін үлгі тұтып, қазақ поэзиясына өзінше қайталанбас өрнек салды.

 

Әдебиеттер:

  1. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер.

Құраст. М. Жармұхамедов. С. Дәуітов. — Алматы: Жазушы, 1988 ж. — 560 б.

  1. Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. Құраст. Д. Әшімханов. — Алматы: Жалын, 1992 ж. — 544 б.
  2. Еспенбетов А. Шәкәрім мұрасының зерттелу проблемалары. // Жинақта: Шәкәрім дәрістер. Республикалық ғылыми — теориялық конференция материалдары. Семей. 1998 ж. 25 — 28 бб.
  3. Әубәкір Ж. Шәкәрім және Көкбайды зерттеудегі ақтаңдақтар. // Жинақта: Шәкәрім дәрістер. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Семей. 1998 ж. 32 — 36 бб.
  4. Ізтілеуова С. Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі. Алматы, 2000 ж. 186 б.
  5. Жәкиева Г. Шәкәрім қара сөздерінің тәрбиелік мәні. // Қазақстан мектебі. 2001 ж. №9. 47 — 49 бб.

Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,

Семей қаласының облыстық тарихи — өлкетану музейінің

ғылыми қызметкері,

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

29.10.2026
Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

Семей медицина университетінде өткен «Bir Tolqynda» диалогтік алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды бастамалар талқыланды. Жастар инфрақұрылымды дамыту, ең төменгі жалақыны...

Толығырақ...Details

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

29.10.2026
Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

Бүгін аймақ башысы Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

14 часов бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

14 часов бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

1 день бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

1 день бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

1 день бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

1 день бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

1 день бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

1 день бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС