"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Оның әйелі, менің күйеуім бар еді…

30.05.2023
Оның әйелі, менің күйеуім бар еді…
10.4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бір жігітті жанымнан артық сүйдім. Ол екеуміз бір көшенің бойында тұратынбыз. 3 жыл жігіт-қыз болып араластық. Сөйтіп шаңырақ көтергіміз келді. Бірақ қандай да бір түсініксіз себептермен оның отбасы біздің осы қарым-қатынасымызға қарсы болды. Амал жоқ, ара қатынасымыз үзілді.

Көп уақыт өтпей Рамазан айынан кейін мен басқа жігітке тұрмысқа шықтым. Менің жақсы көрген жігітім де өз теңін тапты. Бірақ арада көп өтпей мені шайтан азғырды. Уәдемнен тайып, бұрынғы жақсы көрген жігітімді көбірек ойлап, онсыз өмір сүре алмайтындай күй кеше бастадым. Сөйтіп өз күйеуіме деген сезімім бірте-бірте суып, жек көріп, тіпті оны көргім келмейтін деңгейге жеттім. Үйге келсе, жоқ жерден ұрыс-керіс шығарып, жаныма жуытпадым. Онымен бір үйде тұрамын деген ойдың өзі денемді түршіктіріп жіберетін болды.

Ақыры жақсы көрген жігітіммен күйеуіме білдірмей, әйелі бар екенін біле тұра қайта сөйлесе бастадым. Сол уақытта жер бетінде менен артық бақытты жан жоқ еді. Оған деген сезімім бұрынғыдан да арта түсті. Тіпті осы жігітті жақсы көретінімді айтып, түсіндірсем, күйеуім менен ажырасады деген үмітпен сүйген жігітіммен бірге кетіп қалдым.

Сөйтіп, біз 1-2 күннен кейін бірге екенімізді айтып, туыстарымызға xабар бердік. Енді бақытты ғұмыр кешетінімізге сенімді едім. Өкінішке орай, бәрі басқаша болды. Екеуміздің бүкіл туыс-туғанымыз жиналып отырған жерде ата-анасына қарсы келе алмай, тағы да сүйіктім менен бас тартты. Барлығына мені өз күйеуін таңдады деді де, сөзінен тайқып кетті. Сонымен менде өз күйеуіммен бірге кетуден басқа жол қалмады. Ол мені кешіріп, болған жағдайды ұмытамын деді.

Бірақ жараның орнында тыртық қалатыны сияқты, күйеуіміз екеуіміздің арамыз бұрынғыдай болмады. Көп өтпей онымен тұра алмайтынымды біліп, ата-анамның үйіне кеттім. Дегенмен туыстарымның жүзіне қарай алмай, өзімді нашар сезініп жүрген едім. Маған күш берген — сүйіктім бір күні кері оралып, мені алып кетеді деген үмітім ғана еді. Өйткені оның уәдесі бар-ды. Күйеуім бұл жағдайға қырсығып, сүйіктіммен тұруыма келісімін бермейтінін, тіпті ажыраспайтынын айтып, мен тауып бере алмайтын көлемде ақша талап етті. Ең сорақысы, 100 мың доллар бергенде ғана ажырасамын деп шарт қойды.

Мен жақсы көрген жігіттің де ата-анасы күйеуіңнен ажырассаң ғана сендерді үйлендіреміз деген талабы бар еді. Екі оттың ортасында қалған мені ата-анам аяп, бақытым үшін сол ақшаны тауып берді. Сөйтіп күйеуімнен ажырастым. Енді сүйгеніммен бірге болуға еш кедергі жоқ. Бірақ басымдағы барымды бағаламай, одан қалса біреудің отбасын ойрандап, бақытты болғым келген өзімшілдігімнің соңы өкінішпен бітетінін білсемші… Арада болған осыншама жағдайдан кейін өзім жақсы көрген жігіт те менен түбегейлі бас тартып, өзінің әйелімен қайта жарасып кетті. Ал мен екі кеменің құйрығын ұстаған жанның суға кететінін кеш түсініп, қу тіземді құшақтап, жалғыз қалдым. Әйел адамға бұл өмірде тірексіз қалудан асқан қасірет жоқ екен…

Құрметті құрбым мен әпке-сіңілім, менің қатемді қайталамаңдар! Неке қиған күннен бастап-ақ лағынеті шайтанның азғыруынан сақтанып, өз күйеуіңізден басқаға көңіл аудармаңыз. Жүректерді бұрушы да, кімнің кімге тең екенін білуші де — Алла Тағала. Ол сізді өз күйеуіңізге бекерден-бекер қоспағанын естен шығармаңыз. Оның қас-қабағына қарап, бағалап, разылығын тауып, жәннатқа жетудің әрекетін жасап, бастысы қолда барда алтынның қадірін біліңіз!

Asylarna.kz

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

15 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

16 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС