"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Freedom Bank филиалы ашылды

25.10.2023
Freedom Bank филиалы ашылды
245
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Семей қаласында Freedom Bank филиалының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге банктің басқарма төрайымы Гүлфайруз Ахметова, ҚР Ұлттық Банкі Семей қаласы филиалының директоры Алтынай Әбдірахманова және қала тұрғындары қатысты.

Бұл —  «Банк Фридом Финанс Қазақстан» Акционерлік қоғамының  Қазақстандағы он үшінші филиалы.

Салтанатты шарада сөз алған Freedom Bank басқарма төрайымы Гүлфайруз Ахметова облыс тұрғындарының белсенділігін атап өтті.

‒ Құрметті Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ғұламаларды өмірге әкелген киелі өлкенің тұрғындары! Бүгін Сіздердің қалаларыңызда банк филиалы ашылып отыр. Абай облысының тұрғындары белсенді клиенттер қатарында. Соңғы екі жылда облыс тұрғындары 3,5 млрд теңге несие алды. Ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 1,1 млрд теңге кәсіпкерлік мақсатта берілді.  Ипотека алушылар қатары да артты. Бұл қызметтер онлайн режімде цифрлық несие арқылы жүзеге асырылды. Соған қарамастан, халықпен тығыз байланыс орнату, қызықтырған сауалдарына жауап беру мақсатында филиал ашып отырмыз,- деді басқарма төрайымы Г.Ахметова.

Freedom Bank филиалы ашылды

Freedom Bank Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіретін «Фридом Финанс» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы болып табылады. Холдингтің акциялары NASDAQ Capital Market, Қазақстан қор, Санкт-Петербург және Украина биржаларында саудаланады. 2021 жылдан бері нарықта нәтижелі жұмыс істеп жатқан Freedom Bank осы қысқа мерзім ішінде Қазақстанда баламасы жоқ цифрлық өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығарды. Банк арқылы цифрлық ипотека және цифрлық автокредитті  құжат жинап әуре-сарсаңға түспей-ақ, онлайн режімде бір күннің ішінде рәсімдеуге болады. Банкте электрондық әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік бар, мультивалюталық депозиттік картаны, инвестор картасын және шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосқандығын да банк жетістігі ретінде атап өткен жөн.

Шара барысында ҚР Ұлттық Банкі Семей қаласы филиалының директоры Алтынай Әбдірахманова сөз алып, филиалдың жұмысына сәттілік тіледі. Freedom Bank Семей қаласындағы филиалының директоры Камашев Ернар мұнда көрсетілетін қызметтермен таныстырды. Басты мақсат — жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсету. Бөлімшеде үш касса, электронды кезек және VIP клиенттерге қызмет көрсету бөлмесі бар. Филиал аумағында банк клиенттері үшін жеке автотұрақ қарастырылған, сондай-ақ тәулігіне 24 сағат қолжетімді банкомат та орналасқан.

Freedom Bank филиалы ашылды

Банк филиалы облыс орталығында қазан айының басында ашылды. Алқашқы банкомат Семей цемент зауыты аумағында орнатылыпты.

-Біздің зауыт — банктің алғашқы клиенттерінің бірі. Банктің артықшылығы клиенттеріне жылдам қызмет көрсетеді, несиелеуді санауалы секундта жүзеге асырады. Біздегі 1500-ге жуық жұмысшы осы банктің картасын пайдаланады,- дейді Цемей цемент зауытының атқарушы директоры Тимур Тілеубаев.

Мультивалюталық депозиттік картаның ерекшелігі – банк тұтынушысының жалақысы карталық шотына түскен сәттен бастап, жинақ қаржысы ретінде, сол ақшасына 15,5 пайыз сыйақымен үстеме қосылып отырады. Яғни, өзге банктердегі сияқты ақшаны арнайы депозитке аударудың қажеті жоқ.

Freedom Bank 2,5 жыл ішінде еліміздің үздік банктерінің қатарына енді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, алдыңғы кезеңдегідей, активтердің өсуі бойынша сектордың көшбасшысы болды. Осы уақыт аралығында Банк активтері 2.1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2021 жылы Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында 20-орынды иеленсе, қазіргі таңда екінші деңгейдегі ТОП-8 банк қатарында.

Freedom Bank филиалы ашылды

Банк басшылығы көрсетілетін қызметтерді жетілдіруде. Банк бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 100 млн теңгеге дейін толықтыруға арналған «ЖК үшін Цифрлық кредит» жаңа өнімі шықты.

Айта кетсек, филиал кеңсесінде  жеке кәсіпкерлірге, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға несие беру, карточка, шот ашуға мүмкіндік бар. Филиал  дүйсенбі – жұма күндері аралығында, таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істейді. Кеңсе қала орталығында, Байсейітов көшесі, 29 мекенжайы бойынша орналасқан.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

18 минут бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

20 минут бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС