"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Инфрақұрылым жаңаруда

10.11.2023
Инфрақұрылым жаңаруда
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Туленбергенов пен Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесті.

Айтолқын САМАТОВА,
«Semeı tańy»
Кездесу барысында тұрғындар жол мәселесіне қатысты шағымдарын білдірді.
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде биыл Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерін салу жұмыстары басталған еді. Жоба аясында Водный және Восход кенттерінде ұзындығы 36 шақырым су құбыры желілерін салу көзделген. Жоба іске асқаннан кейін тұрғындар толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мердігер мекеме «AKM Invest Group» ЖШС келесі аптаның соңына дейін Республика және су құбырлары тартылған көшелердің бойына қиыршық тас төгу, жол жабынын теңестіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
Айта кетейік, биыл Семей қаласының шеткері аумақтарын дамыту жоспары әзірленген болатын. Жаз маусымында Водный және Восход кенттері мен саяжайларында жол жөндеу, жаңа жол белгілерін орнату, су құбырларын тарту, балалар ойын алаңдарын жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек биыл Семей қаласының орталық және шеткері аумақтарында 50-ге жуық көше жарықтандырылды. Тозған бағаналар ауыстырылып, сынған шамдар ішінара жөнделді. Жағалау ауданындағы Сәтбаев көшесі, Жеңіс саябағы, Бейбітшілік аралы, Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік, шіркеу алдыңдағы алаң, аквапарк аудандары қосымша жарықтандырылды. Степной, Жоламан, Суық бастау, Шығыс кенті, Мирный, Затон, Комсомол кентеріндегі бірнеше көшеге жаңадан 1000-ға жуық жарық бағаналары орнатылды.
Қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов сонымен қатар жылу құбырларын ауыстыру кезінде қазылған қала көшелерін де аралады. Көшпелі кеңеске қалалық ТҮКШ бөлімінің басшы және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазіргі күні Мәңгілік ел, Цемент кенті, Титов және басқа да көшелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. “Мердігер ұйымдардың жұмысы қала әкімдігінің қатаң бақылауында. Жұмыстарды осы айдың ортасына дейін толық аяқтауды тапсырамын”,- деді Рамиль Майшұланұлы мердігер ұйымдардың басшыларына.
Биыл Семей қаласында 45 шақырымға жуық жылу құбырлары ауыстырылды. Қазылған жерлер мердігер ұйымдардың есебінен қалпына келтірілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС