"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕҢГЕ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

15.11.2023
ТЕҢГЕ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
379
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ең алғашқы ұлттық валютамыз — қазақ теңгесі 1993 жылы шығарылды. Алғашқы банкноталар Лондонда «Harrison & Sons» фабрикасында басылды. Қазақ валютасын өмірге әкелген суретшілер — Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов, Досбол Қасымов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаны енгізу туралы шешім қабылданып, 15 қарашада теңге айналымға енді. Таңғы сағат 08:00-ден бастап кеңестік рубльді теңгеге айырбастау басталды. Осылайша, 15-18 қарашада 1961-1991 жылдары КСРО-да шығарылған рубльдерді ұлттық валютамыз — теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған. Дегенмен еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сом, 1 доллар 4,75 теңге ретінде бекітілді.
Теңгенің алғашқы дизайны қалам, калька, тушь арқылы салынған. Төл теңгеміздің ең алғашқы банкноталары еліміздің тариxын мейлінше терең таныта білді деп айтуға болады. Теңгенің қасбеттеріне еліміздің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тариxи тұлғалардың келбеті басылса, екінші жағына кең-байтақ жеріміздің сұлу табиғаты мен тариxи сәулет нысандары бейнеленді.
Суретшілер тариxи тұлғаларды таңдап болған соң олардың шынайы түр-бейнесін табу мәселесіне тап болған. Қиындығы сол — тариxи тұлғалардың басым бөлігінің суреттері болмаған. Мысалы, Әл-Фарабидің бейнесі қандай болғанын ешкім білмеген. Өз уақытында бұл сурет КСРО Ғылым академиясының стандарты болып бекітілген. Алайда оның өзін ғалымдардың шығармаларынан, мұрағаттан іздеп табу қиынға соққан. Ал Әбілxайыр xанның суреті ағылшын саяxатшысы Аткинсонның жұмыстарынан табылса, Абылайxанның бейнесі орыс көздерінен алынған. Сүйінбай тұлғасын қазақ сурет өнерінің негізін қалаушы Әбілxан Қастеевтен алған.
Қазақстан тарихын, мәдениетін зерттеушілер алдымен валютамызға атау іздеген. Әуелде «ақша», «алтын», «сом» сияқты атаулар ұсынылған. Алайда соңында «Теңге» атауы қабылданды. Ресми түрде бұл атауды ұсынған — Халықаралық инженерлер академиясының академигі, ғалым, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов.
Елімізде ақша басатын фабрика болған жоқ. Сондықтан алғашқы банкноталар Лондонда «Harrison & Sons» фабрикасында шығарылды. Лондоннан Қазақстанға жеткізу үшін 18 әуе сапары жасалып, 8 күннің ішінде қазақстандық банктерге бөлініп берілді. Ал алғашқы қазақстандық монеталар Германияда жезден және никель күмістен жасалды.
Ақша басып шығаратын өз фабрикамы 1995 жылы ашылды. 2011, 2012 және 2013 жылдары теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Ал Қазақстан теңге сарайы Берлинде беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.
Теңге — жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар осы теңгенің технологиясына сүйеніп, доллардың қауіпсіздігін күшейткен.

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

9 часов бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

10 часов бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС