Облыс әкімдігінде Абай облысы әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді.
Аталған жиынға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Телекоммуникациялар комитетінің, байланыс операторлары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының бірінші отырысы барысында тұрғындарды мобильді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында интернет желісінің антеннасы құрылымдарын орнату мәселесі талқыланды. Абай облысындағы туристік нысандарындағы коммуникация мәселесі де қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. Ұлттық жобаға облыстың 172 ауылдық елді мекені кіреді. Жобаны жүзеге асыру Абай облысындағы елді мекендердің 90 пайызын кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі