"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бас Прокурор Үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

22.11.2023
Бас Прокурор Үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені қабылданып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде көшедегі мәдениетсіздіктен бастап ұрлау, тонау және кісі өлтіруге дейінгі қылмыстардың барлық түрлеріне қарсы тұру қажет», — деді Берік Асылов.

Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкеп соқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың «отбасылық дебошир» әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап полиция мұндай адамдарды өз бастамашылығымен анықтау құқығына ие болды. Ал алдыңғы тоқсанда жәбірленушілердің өтініштері бойынша тек 7 мың әкімшілік құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.

Бас Прокурор Үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

Сонымен қатар жағдайға теріс әсер ететін бірқатар факторлар сақталатыны атап өтілді.

Бұрынғысынша, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жоғары үлесі жасырын болып қала береді, себебі жәбірленушілер қорқып, жасалған зорлық-зомбылық туралы жасырады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі үшін зардап шеккендермен тиімді әлеуметтік жұмыс және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті қаржыландыру тікелей жасалуы тиіс.

Алайда елдегі аудандардың 85%-ы дағдарыс орталықтарымен қамтылмаған. 2022 жылы әлеуметтік қызметтер (тұрмыстық қызметтер көрсету, дәрігерге дейінгі медициналық, психологиялық, заң көмегі, оның ішінде құжаттарды қалпына келтіру бойынша, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру)  2 749 құрбанға көрсетілгенімен, олардың саны 13 есеге – 38 мың көп болды.

Сонымен қатар алкоголизм, нашақорлық, азғындық өмір салты құқық бұзушылықтарға ықпал етеді.

Берік Асылов атап өткендей, профилактиканы жетілдіру жұмысындағы маңызды бағыт «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету болып табылады.

Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен, азаматтардың ел заңдарына және бір-біріне деген құрметіне тәрбиелеумен қатар жүруге тиіс. Құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне қарсы тұруды жастарға ерте жастан үйрету керек.

Талқылау қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алуды күшейту бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Қолайсыз отбасыларды анықтау тетігін жетілдіру жөнінде отбасын қолдау орталықтарын пайдаланудың тиімділігін зерделеп, шаралар қабылдау мақсаттары тұр.

Ұйымдастырушылық-практикалық шаралармен қатар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы күрес тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізуді пысықтау жоспарланған.

Түзетулер қатарында мас күйінде денсаулыққа кез келген зиян, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық салада келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

Отырыс соңында Бас Прокурор қоғамды және әрбір азаматты тәртіп орнатуда белсенді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Жергілікті жерлердегі прокурорларға үйлестіру шараларымен қылмыс деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС