"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» АТАНДЫ

08.12.2023
«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» АТАНДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде ел ордасы Астана төрінен ақжолтай хабар жетті. Атап айтсақ, Абай облысының екі еріктісі республикалық «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпазы атанды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,
«Semeı tańy»

Жуырда Астана қаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өткен еді. Биыл төртінші жыл қатарынан ұйым-дастырылған сыйлық негізінен ел түкпіріндегі волонтер¬лер қозғалысын дамытуға және қол¬дауға, әлеу¬меттік және қоғамға пай¬далы міндет¬терді шешуге елеулі үлес қос¬қан отан-дық және халық¬аралық волон¬терлер мен во¬лон¬тер¬лер топтарын, волонтер¬лер ұйы쬬дарын барынша көтермелеуге және ын¬та¬ландыруға бағытталған.
Халықаралық волон¬тер¬лер күні аясында ұйымдас¬ты¬рыл¬ған осынау іс-шара барысында еліміздің әлеу¬меттік, қоғамдық өміріне белсене арала¬сып, мұқтаж жандарға қолұшын созып жүрген 47 волонтер мен волонтерлік ұйымдар үздік деп танылды.
Іріктеудің әуелгі кезеңінде тәуел¬сіз сарапшылар өтінім бер¬ген¬¬дерді қоғамға маңызы мен әлеу¬мет¬тік желідегі белсенділігіне қарап, келесі кезеңге өткізді. Ал екін¬ші сатыда министрлік жанынан құр¬ыл¬ған арнайы комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы нақты түрде шешім қабылдады.
Нәтижесінде осынау мерекелік кешке республи¬ка¬ның түкпір-түкпірінен волонтерлікті серік еткен белсенді жастар қауымы арнайы шақырылды. Бұл жолғы қоғам белсенділері 15 әлеумет¬тік маңызы бар аталым бо¬йынша іріктелген екен. Соның ішінде Абай облысынан Әлихан Бөкейхан университетінің студенті, «Ақ Ниет» қайырымдылық ұйымының жетекшісі Аяулым Дүйсенова «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясының, БҰҰ-ның есірткіге қарсы күрес ұйымының еріктісі, Абай облысы жастар мәслихатының депутаты Руслан Бутанаев «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының иегері атанып, топ жарды. Жеңімпаздарды ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров құттықтап, алдағы уақыттардағы еңбектеріне табыс, мол жетістік тіледі.
Сөз орайында айта кетелік, Жастар орталығының мәліметінше, Абай облысында 4 мыңға жуық ерікті бар. Сондай-ақ волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 8 қоғамдық бірлестік, оқу орындарында 23 волонтерлік ұйым және 19 бастамашыл топ тіркелген. Жыл басынан бері облыста 458 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылып, оған 4500-ден астам жас тартылыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС