"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ерекше жандарға құрмет көрсетілді

08.12.2023
Ерекше жандарға құрмет көрсетілді
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

3 желтоқсан — Халықаралық мүгедектер күніне орай, Қалалық Мәдениет сарайында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мерекелік іс-шара өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Салтанатты жиынға Абай облысы әкімдігінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев, «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова және қала тұрғындары қатысты.
Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық кірігуіне жағдай жасау назардан тыс қалған емес. Бұл бағытта мемлекет жүйелі шаралар қабылдауда.
Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Ал Абай облысында 24,5 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Оның ішінде мүгедектігі бар балалар саны — 2,9 мың. Аймақта 6 мыңға жуық адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Абай облысы әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
— БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 30 жылдан астам уақыт бойы 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні ретінде аталып келеді. Мүгедектер күні – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау мен құрмет көрсету күні. Бұл күн қоғамда барлық азаматтардың тең екенін білдіреді. Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап отыр. Олардың құқықтары сақталуын қамтамасыз ету аясында елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Біздің басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Ерекше қажеттілігі бар жерлестеріміз назардан тыс қалмайды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңа Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Оның аясында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылуда, — деді Жасұлан Сәрсебаев.
Жалпы, биыл облыста әлеуметтік салаға 24,7 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылса, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қолдауға 3,1 млрд., арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын ұстауға 7,3 млрд. теңге бөлініпті.
— Әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру — азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі. Жыл басынан елімізде Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Осы бастама аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Отбасының цифрлық картасын енгізудің басты мақсаты – әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтау, тәуекелдердің алдын алу және проактивті форматта әлеуметтік көмек көрсету. Облыс бойынша 202,0 мың отбасында 619,5 мың адам цифрлық картаға енгізілген. Жалпы цирфлық картада Қазақстанның 19,8 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат бар, — деді Жасұлан Сәрсебаев.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада алғашқы болып Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарды абилитация және оңалту орталығы ашылды. Жыл басынан бері абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасымен мұқтаж адамдардың жалпы санының 87,5 пайызы қамтылған. Бүгінгі күні орталықта 130 адам қызмет алуда, оның 50-і балалар.
Келесі жылы Үржар балаларға арналған орталығының екі қабатты қосымша ғимаратының құрылысы аяқталмақ. 2024-2025 жылдары балаларға арналған тағы екі орталықтың құрылысы жоспарланған. Жобаның алдын ала құны — 8 млрд. теңге. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжат әзірлеуге конкурс жарияланған.
Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде биыл 590 мүгедектігі бар адамдар мен қарттар, балалар үкіметік емес ұйымдармен қамтылып отыр. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.
Жыл басынан мемлекеттік сатып алу шеңберінде 91 мүмкіндігі шектеулі жанға протездік-ортопедиялық құралдар алу үшін 153,8 млн теңге қаражат бөлініп, 74 адам 120 млн теңгеге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 2027 жылға дейін 989 нысанды, соның ішінде 2023 жылы 198 нысанды бейімдеу жоспарланған. Бүгінгі күні 140 нысан толығымен бейімделіп, жоспардың жетпіс пайызы орындалған.
Облыстағы мың бес жүзден астам жүріп-тұруы қиын адамдарға он алты инватакси қызмет көрсетеді. Оның он екісі Семей қаласында, біреуі Жарма, үшеуі Аягөз ауданында.
Салтанатты шара барысында Абай облысы әкімдігінің аппарат басшысы Жасұлан Сәрсебаев мерекеге орай бірқатар азаматтарды Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың алғыс хатымен марапаттады. Осыдан соң жиналғандар жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС