"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бишімбаевты жақтаушылар Салтанат Нүкенованың ағасына ауыр айып тақты

28.01.2024
Бишімбаевты жақтаушылар Салтанат Нүкенованың ағасына ауыр айып тақты
432
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевты ақтаудың жаңа түрі пайда болды. Бұл жолы олар марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің есімін қаралауға тырысып бағып отыр, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дау Елена Семенова есімді желі қолданушысының жазбасынан кейін пайда болды.

«Кейінгі күндері жалқау адам ғана Бишімбаевтың адвокаттары мен осы тақырыпты көтерген журналистердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеген шығар. Адвокаттар туралы айтпаған адам жоқ. Неліктен Салтанаттың қазасы көпшіліктің наразылығын тудырды? Салтанат деген кім? Неге бәрі ол туралы айтып жатыр? Ал өз анасы аяусыз өлтіріп, анасының сүйіктісі қоқысқа көмген қорғансыз бала ше?

…Ең бастысы, неге марқұмның ағасы Айтбек Амангелді, зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғайтын адал адам өзі туралы бар шындықты айтпайды?

Неліктен ол өзіне қатысты арыз түскені жайлы шындықты айтпайды? 10 жастағы қызды, яғни бұрынғы министр Бишімбаевтың қызын зорлау әрекеті туралы рапорт барын неге айтпайды? Ол зорлау туралы арыз берілгеннен кейін тергеуден қалай құтылды? Неліктен Айбек Амангелдінің жағдайында сот төрелігі нәтиже бермеді, бұрынғы әкім болған ағасының ықпалы болды ма екен? Неліктен тергеу органдары бірнеше сараптама жүргізбеді? Ал Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы үшін не өзгерді, ол арыз жазып, содан кейін ештеңе болған жоқ деп арызды неге қайтарып алды? Қай кезден бастап бізде дәлел емес пікір ескерілді? Неліктен қыздың анасы қайтыс болған адамды алтын адам дейді? Бұл, бір сөзбен айтқанда, ақша үшін бәріне көз жұмуға дайын екіжүзділік деп аталады!» — деп жазды ол.

Мәселеге адвокат Жанна Мұхамади да үн қатты. Ол  сол күні шын мәнінде не болғанын айтты.

«Сатылатын адамдарға дауа жоқ. Жаңа шабуыл басталды, бұл жолы Салтанаттың ағасынан педофил жасап бағуға тырысып жатыр.

Ол Бишімбаевтың қызына шабуыл жасап, оны зорламақ болған дейді. Ал оған жазадан құтылуға отбасы көмектесіпті-мыс. Неге бұл жағдайда баланың анасы мен әкесі, ата-әжесі мән бермеді?
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі (баланың анасы) оны жазасыз қалдырар ма еді?

…Ал бүкіл оқиға, шын мәнінде, Салтанаттың ағасы оны алып кетуге келген кезде болған. Ол (Салтанат — еск.) соққыға жығылғанын білген бойда Бишімбаевпен жанжалдасты.

Балалар бұған куә болды. Әрине, қорқып кетті. Полицияға Айтбек Амангелдінің өзі қоңырау шалды!!! Ал бұл оқиғаны Бишімбаевтың өзі шешті, өйткені полиция араласқан жағдайда Салтанаттың соққыға жығылғаны ашылып қалар еді. Қылмыстық іс мариалдарында мұның бәрі расталады», — деп жазды ол.

Бұл жайтқа Айтбек Амангелді де үнсіз қалмады.

«Бұрынғы әйелі, қыздың анасы Назымның пікірі. Менің пікірім артық болатын шығар», — деді ол.

Мәселеге, расында да, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман да араласқан. Ол экс-шенеунікпен 14 жыл бір шаңырақ астында бірге тұрған, олардың үш баласы бар.

«Уау! Қандай нұсқа. Жала жаппауды сұраймын. Мен сол қыздың анасымын. Маған шағымым жоқ деп жазған жазбаша құжаттарды көрсетіңіздер. Өзіме де қызық болып кетті және маған зорлық туралы жазбаша арызды көрсетіңіздер. …Балалар қатты қорқып кеткен еді, ал әкелері оларды түн ішінде жалғыз қалдырып кеткен. Мұның бәрін Қуандық жасады. Оның үстіне менен тіпті полицияға қоңырау шалмауымды сұрады.

…Мен, менің қызым туралы қолыңызда арыздар болмаса да, сандырақ жазып отырсыз. Бізді білмей, оқиғамызды білмей. Бос сандырақ. Шынында да төленіп қойған», — деді экс-министрдің бірінші әйелі.

Айта кетейік, әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевты ақтау процесі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов бұрынғы министр Ермұхамет Ертісбаевты Бишімбаевты қолдауға қатысы бар адамдардың бірі екенін айтқан еді.

«Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ұлын қорғаштап, қоғамдағы пікірге әсер етуге тырысқан видеосы естеріңізде ме? Ол журналистер мен блогерлердің үсітнен өзін, ұлын, олардың отбасын көпшілік алдында қорлағаны үшін арыз жазды.

Ал бұқараға үн қату үшін оған Назарбаевтың бұлбұлы — Ермұхамет Ертісбаевтан басқа ешкім мүмкіндік берген жоқ.

Уәлихан Бишімбаев та сол сияқты, өмір бойы «ескі қазақстандық». Университетті басқаратын қатардағы ректор ретінде есепсіз байлық жинады. Олар қандай жолдармен «табылғаны» түсінікті, соның арқасында жұбайы ұзақ жыл бойы табысты бизнесті басқарды.

Көпшілік Қуандық Бишімбаевтың өзі де сыбайлас жемқорлық үшін отырғанын ұмытып кетті, бірақ туыстарының ықпалды байланыстарының арқасында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты», — деді Итқұлов.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да осы іс бойынша дабыл қағып, жуырда сот отырысы басталатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

3 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

4 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

4 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС