"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Колледж түлектеріне де қолдау қажет

12.04.2024
Колледж түлектеріне де қолдау қажет
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің төрағалығымен Абай облысы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде тоғыз сұрақ қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев Абай облысы аумағында ветеринарлық-санитариялық салауаттылықты қамтамсыз ету бойынша 2023 жылы жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді.  Облыстық мәслихат депутаты Шолпан Шегедекова қала көшелерінде мысық мен иттердің өлекселері көптеп жататынын айтып, басқарма басшысынан тиісті шара қолдануды өтінді.

Ержан Мұратбекұлы қала тазалығы басқарманың міндетіне кірмейтінін және бұл мәселеге әкімдік жауапты екенін жеткізді.

Депутаттар сонымен қатар иелері бар иттер мен мысықтарға сырға салып, ені жоқ жануарларды бірден жою қажет деген ұсыныс білдірді.

«Иттерді ату кезінде тазы, төбет секілді қазақы тұқымды иттерді сақтап қалу қажет. Мемлекет басшысының өзі оларды сақтап, көбейтуге тапсырма берген»,- деп  атап өтті депутат Мерей Қарт.

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру нысандарын күтіп ұстау және колледж түлектерін өз мамандығы бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев баяндады. Баяндамаға орай қаладағы көлік колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері үшін де «Дипломмен ауылға» секілді жобалар қажет екенін айтып, игі бастама көтерді.

— Ауылдарда механизатор, тракторшы сынды қарапайым жұмысшы мамандықтар тапшы. Қалада керісінше қолында дипломы бар жұмыссыз жастар көп. Өкінішке орай, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тек ЖОО түлектеріне арналған. Біз колледж түлектеріне де қолдау көрсетуіміз қажет. Оларға да көтерме ақы төленіп, үй берілсе ауылдарда халықты тұрақтандырар едік,- деді Айбек Нұғымаров.

Халық қалаулысы Марат Құрманбаев Айбек Нұғымаровтың бастамасын қолдай отырып, мектептерде де бұрынғыдай қосымша техникалық білім беруді жандандыруды ұсынды.

Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков бұл екі ұсыныс  Абай облысы мәслихаты депутттары атынан хат түрінде Парламенттің қарауына жіберілетінін айтты.

Күн тәртібінде сондай-ақ қатты тұрмыстық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, Абай облысы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Абай облысы бойынша жер комиссиясы құрамын бекіту туралы» « Абай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу және өзге де мәселелер қаралды.

Негізгі отырыс аяқталған соң халық қалаулылары облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа бірқаатр депутаттық сауалдарын жолдады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС