"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Электр энергетикасы саласындағы талаптардың сақталуы маңызды

30.04.2024
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

— Ермек Кенжебекұлы, сұхбатымызды «Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің негізгі атқараттың функциялары туралы бастасақ.

-Қайырлы күн, құрметті Абай облысының тұрғындары! Өзімді таныстырып кетейін, Ермек Кенжебекұлы Белгібаев аталған Департамент басшысымын.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 «Электр энергетикасы туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына сәйкес Департамент:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.

Және де Департамент, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген, Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді ол «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру». Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.Әзірлік паспортын алуға өтініш алдағы күзгі-қысқы кезеңге жылына 1 рет ғана көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет алушылар дайындық паспортын elicense.kz веб-сайтынан өз бетінше жүктей алады. Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің ресми сайтында және www.elicense.kz «Электронды лицензиялау» веб-порталында орналастырылған.

Сондай-ақ Департаменттің Faceebok, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде жеке парақшалары бар, ол жерде Департамент өз қызметі жөнінде  тұрақты түрде ақпараттар жариялайды.

Өңір тұрғындарының электр энергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының бұзылуына байланысты
арыз-шағымдары немесе оңтайландыруға ұсыныстары болса, орналасқан мекен жайымыз Семей қаласы, Міржақып Дулатов көшесі, 112, 2-ғимарат, байланыс телефоны: 8 (7222) 56-50-24. Және де апта сайын, әр сәрсенбі және жұма күні сағат 15-00-ден 17-00-ге дейін Департамент басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

— Электр желісіне қалай қол жеткізуге болады? Техникалық шарттар қандай мерзімде беріледі?

— Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының тұтынушылары арасындағы көтерме және бөлшек сауда нарығында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және Электр энергиясын пайдалану қағидалырымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергиясын пайдалану қағидалырына сәйкес, тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға
7 құжатты ұсыну қажет. Сонымен қатар, жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдері қысқартылды. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін
5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

— Егер энергия беруші ұйым тексеру барысында өтініш берушінің техникалық шарттар талаптарын орындамағанын анықтаса, не болады?

Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді. Анықталған кемшіліктер туралы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта (еркін нысанда) хабарлама жібереді. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қайта өтініш алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарауды жүргізеді және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тұтынушының электр қондырғыларын қосуды жүргізеді және қайта тексерілгеннен кейін ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру 1 (бір) ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді. Сыртқы қосылуды қайта қарау кезінде сыртқы қосылуды бастапқы тексеру кезінде көрсетілмеген ескертулер беруге жол берілмейді. Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды қарап тексеруді жүргізбейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) қабылдамайды.

— Энергия беруші ұйым тұтынушыны қандай мерзімде электр қуатына қосады және бұл қалай жүзеге асады?

Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру келесі тәртіпте және мерзімде жүргізіледі: құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді; хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді; электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға құжаттарды жібереді.

— Объектінің меншік иесі ауысқан кезде жаңа техникалық шарттарды алу қажет пе?

— Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді. Иесі ауысқан кезде электрмен жабдықтау шартын жасасу тәртібі өзгертілді, енді объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді. Энергия беруші ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді. Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

— Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін заңнамада қандай шаралар көзделген?

— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 301-1 бабының бөліміне сәйкес Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

— Назарларыңызға көп рақмет!

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

13.03.2026
Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Абай облысында әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылы қойылған міндеттер толық...

Толығырақ...Details

Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу

13.03.2026
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 69-сессиясында сөз сөйледі. Сессия қатысушыларына жасалған негізгі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 191 заңсыз қоқыс орны жойылды

13.03.2026
Абай облысында 191 заңсыз қоқыс орны жойылды

2025 жылы Абай облысының аумағында 191 заңсыз қоқыс орны анықталып, қоқыс орны жойылды. Қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтау және жою...

Толығырақ...Details

АДАЛ АЗАМАТ: Қоғамға қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен тұлға

13.03.2026
АДАЛ АЗАМАТ: Қоғамға қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен тұлға

Қоғам дамуына адал еңбегімен, білімімен және парасатымен үлес қосып жүрген жандар қашанда құрметке лайық. Осындай ел игілігі жолында ұзақ жылдар...

Толығырақ...Details

Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

12.03.2026
Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорда хабарлады....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

12.03.2026
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Семей қаласында «Семей Водоканал» КМҚК ұжымымен Жаңа Конституция мен алдағы референдумның маңызына арналған кездесу өтті. Кездесуге спикерлер ретінде Мұхамедқали Қасқабаев,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

4 часа бұрын

Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу

4 часа бұрын

Абай облысында 191 заңсыз қоқыс орны жойылды

4 часа бұрын

АДАЛ АЗАМАТ: Қоғамға қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен тұлға

4 часа бұрын

Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

23 часа бұрын

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

23 часа бұрын

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

23 часа бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ARAI EAST FOOD» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23 часа бұрын

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

2 дня бұрын

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС