"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

KAZ Minerals Aktogay: ҚАЙТА ОҚЫТУДАН КӘСІБИ ДАМУҒА ДЕЙІН

11.06.2024
KAZ Minerals Aktogay: ҚАЙТА ОҚЫТУДАН КӘСІБИ ДАМУҒА ДЕЙІН
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС бүгінде өндіріс саласы үшін қажетті мамандар даярлауда тың бағдарламаларды жүзеге асыруда. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан іс-шаралардың игілігі мол екендігі қазіргі таңда толық дәлелденіп отыр.

Сөз басында айта кетсек, кен байыту комбинаты бой көтерген Аягөз ауданы — ежелгі дәуірлерден бері мал шаруашылығына маманданған өңір. Сонымен қатар Ақтоғай кентінің еңбекке жарамды тұрғындары, негізінен, Түрксіб магистралінің бойында теміржолшы болуды ата кәсіпке айналдырған. Яғни тау-кен өнеркәсібі — бұл өңір үшін күні кеше ғана қалыптасқан, тыңнан қолға алынған сала. Сондықтан кен байыту комбинаты үшін әсіресе жергілікті тұрғындар арасынан қажетті мамандар дайындау маңыздылығы зор өзекті тақырып десек, қателеспейміз.

Бұл орайда әсіресе 2018 жылдан бастап қолға алынған «Тағылымдама» бағдарламасының берері мол болып тұр. Аталған бағдарлама жоғары және арнаулы орта оқу орындарын тамамдаған студенттерге заманауи технологиялық компанияға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін бұл бағдарламаға компания бойынша жалпы саны 643 тағылымгер қатысыпты. Осылайша, қазіргі таңда 470 тағылымгер өндірістен өз орнын тауып, тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал 54 адам әлі де болса тағылымдамадан өтіп жатыр. Ағымдағы жылы тағы 113 адамды тағылымдамаға қабылдау жоспарланғанын айта кеткен орынды.

KAZ Minerals Aktogay: ҚАЙТА ОҚЫТУДАН КӘСІБИ ДАМУҒА ДЕЙІН

Десек те компания тарапынан кеңінен жолға қойылған «Қайта даярлау» бағдарламасы комбинатқа іргелес орналасқан Ақтоғай кенті мен Қопа ауылының тұрғындарын жұмысқа алуда таптырмас жоба болып тұр. Бұл бағдарлама өткен жылдың соңынан бастап жұмыс істейді. Маңыздылығы сол, жергілікті тұрғындарға жаңа кәсіпті игеріп, тұрақты қызметке орналасуға мүмкіндік береді.

— Компания Ақтоғай өңіріндегі өз жұмысын бастағалы бері жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мәселесін басты орынға қойған болатын. Әйтсе де тілек білдірген азаматтардың басым көпшілігінің біліктілігі біз қойған талапқа сәйкес келмейтіні белгілі болды. Кент тарихына үңілсек, тұрғындары темір жол саласына маманданған. Сол себепті компания өз тарапынан жаңа біліктілікті игеру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алды. Мәселен, өткен жылы бес үміткер оқуын бітіріп, бізге дипломмен келген болатын. Жалпы, бұл жердегі басты талап әр үміткер Семейдегі электротехникалық колледжде үш ай мерзім ішінде кәсіптік білім алып, бағдарламаның арнайы курсынан өтуі керек. Дегенмен бұл бағдарламаның өзіндік талаптары бар. Атап айтсақ, үміткердің орта немесе жоғары техникалық білімі болуы тиіс. Одан соң денсаулығында кінәрат болмауы тиіс, — дейді бұл орайда комбинаттың еңбек қатынастары жөніндегі бөлімінің басшысы Алмас Дәнібек.

Ал арнайы курсты тамамдап келген маман тау-кен комбинатына тағылымгер ретінде жұмысқа қабылдана алады. Әрбір жаңа маманға бір тәлімгер мен бір бапкер бекітіледі. Осылайша, жаңадан келген азамат теория жүзіндегі алған білімдерін нақты іспен, еңбекпен ұштастырып, өндіріс саласының нағыз маманына айнала алады.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда өндіріс үшін қажетті бірнеше мамандықтар бар. Электрослесарь, слесарь-жөндеушілер, электрогазбен дәнекерлеушілер үшін Ақтоғай кен байыту комбинатына жұмысқа қабылдануға мүмкіндік зор.

— Біздің компаниямызда бұл мамандықтардың тұрақты айналымы бар. Яғни, бос орындар жиі болып тұрады. Ал аталмыш бағдарламаға оралар болсақ, компания оған қатысушы әр адам үшін орташа есеппен алғанда шамамен 500 мың теңге қаражат жұмсайды. Оған оқу ақысы, колледж жатақханасынан орын және шәкіртақы кіреді. Бағдарламаға қатысушының міндеті — тек кәсіби машығын жетілдірсе болғаны, — дейді ол.

Биылғы жылы сәуір айының бірінші жұлдызынан бастап 9 адам Семейдегі аталған колледжде өз оқуларын бастапты. Оны тамамдаған соң Ақтоғай кен байыту комбинатына тағылымгер ретінде қабылданатын болады. Ал өткен жылы кәсіптік оқуын бітірген 5 адам қазіргі күні осында еңбек етіп жүр.

Бір ерекшелігі, қызметін алғаш бастаған жандарға үлкен талап қойылмайды. Ниет пен талпыныс болса болғаны, көп ұзамай жаңа мамандық иесі ретінде «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-да тұрақты түрде еңбек ете алады.

Ал теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім алу — бүгінгі ауыл жастары үшін таптырмайтын мүмкіндік. Бүгінде осындай мүмкіндікті өз пайдасына жарата білген ауыл жастары аз емес. Солардың қатарында Ақтоғай кентінің тумасы Рашид Қалинұров та бар. Кен байыту комбинатына тағылымгер бағдарламасы арқылы келген ол бүгінде автоматика және құрылғыларды бақылау-өлшеу слесары болып қызмет атқаруда. Жаңа жұмыс орнында осымен үшінші ай еңбек етіп жүр. Семейдегі аталған колледжде үш ай тағылым алып, қайта даярлаудан өтіп келіпті. Айтуынша, алғашқыда өзінің бастапқы мамандығы бойынша ауылдық жерден екі қолға бір күрек таба алмаған. Сондықтан да біраз уақыт осы елді мекенде құрылыс саласында жұмыс істепті. Әйтсе де туған жерінде еңбек етуді өзіне парыз санаған жас жігітке «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС кәсібін өзгертуге ұсыныс жасап, жұмыс орнын ұсынған.

— Бүгінде бұл мамандыққа сұраныс жоғары. Мамандығымды өзгертіп, осынау комбинатқа келгеніме қуанамын. Осындағы оқыту бөлімінің қызметкерлері бағыт-бағдар көрсетіп, кәсіби маман болып қалыптасуыма жәрдемдесуде. Өзге де кәсіптік-техникалық білім алып жатқан жастар дәл мен тәрізді өз болашақтарын KAZ Minerals компаниясымен байланыстыруына әбден болады, — дейді Рашид.

Тағы бір айта кетер жайт, компания студенттерге арналған гранттар бөлу бағдарламасын да жүзеге асыруда. Мәселен, 2018 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі аралықта ЖОО және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне 209 млн теңгеге 117 грант бөлініпті. Бұл игілікті шара биыл да жалғаспақ. Ағымдағы жылы компания 126,5 млн теңгеге 23 грант бөлуді жоспарлап отыр. Ол бойынша жергілікті жердегі, яғни Ақтоғай кенті, Қопа және Таңсық ауылдары тұрғындарына басымдық берілетін болады. Десек те басты талап — Абай облысында туып-өскен мектеп түлегі болуы тиіс.

Мұның барлығы аталған компанияның тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласында мамандардың жаңа буынын даярлап шығаруға құйған ірі инвестициялары болып саналады. Сонымен қатар бұл — инженерлік-техникалық салаға қабілеті бар, дарынды жастарды іздеу мен іріктеудің ең тиімді тәсілі.

Кен байыту комбинатының қызметтік саясатының басым бағыттарының бірі – қызметкерлерінің қауіпсіздігі. Сол үшін де жұмысқа алғаш қабылданған тағылымгерлер, қайта даярлау бағдарламасымен келгендер, қарапайым жұмысшылардың өздері де  техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйреніп, арнайы дәрістерден өтеді. Оның сыртында әркім өз мамандығы бойынша 15-17 күн бойы тәлім алады. Әр топта шамамен 20-30 адамнан болуы мүмкін. Осылайша, тыңғылықты даярлықтан өтпейінше ешкім жұмыс орнына жіберілмейді.

— Біздің зауытымызда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибесі мол мамандар жетерлік. Олар ішкі жағдайдан толық хабардар, техника тілін де жетік білетін жандар. Жаңадан қабылданғандарға солардың арасынан тәлімгерлер тағайындаймыз. Олар сондай-ақ дәріс өткізіп, түрлі тақырып бойынша ақпараттандырып, қызметке баулиды. Біз үшін еңбеккерлеріміздің кәсібилігі, жұмыс орындарында өздерін еркін сезініп, қауіпсіздік талаптарын барынша сақтай білуі аса маңызды, — дейді қызметкерлерді оқыту мен дамыту бөлімінің басшысы Дархан Ербасынов.

Мұндай шаралардың маңызы зор. Себебі бүгінде кен байыту комбинатында заманауи техникалар мен тың технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Сондықтан да мұндағы оқыту, кәсіби тұрғыдан баулу, ұжымдық мәдениетті меңгеру мен тіпті жұмыс орнына психологиялық тұрғыдан бейімделу шараларына да айрықша басымдық беріледі.

— Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау бойынша арнайы дәрістер ұйымдастырылады. Сол тәрізді әрбір маман алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін де меңгеруі қажет. Өрттің алдын алу мен тілсіз жауға жол бермеу машығын қалыптастыру да үлкен міндет. Барлық қызметкерлер осындай даярлықтан өтеді, — дейді бөлім басшысы.

Кәсібилікті шыңдап, ауыр жүк көліктерін жүргізуді виртуалды түрде меңгеру үшін мұнда теңдесі жоқ симулятор құрылғысы да қойылған. Ол арқылы салмағы 200 тоннадан асатын үш қабатты үйге парапар алып жүк көлігі Caterpillar техникасын да тізгіндеуге болады. Ал компьютер дем сәтте виртуалды жүргізушінің қандай қателіктер жібергенін алақанға салғандай етіп көрсетіп береді. Дәл осылай мамандар оқыту орталығында мүлде қауіпсіз саналатын заманауи дәнекерлеу құрылғысымен де жұмыс істеуге машықтанады.

Қорыта айтқанда, әрбір жаңадан келген маман компанияның әлемдік деңгейдегі кеніштері мен кен байыту фабрикаларында қолданылатын соңғы технологияларымен жұмыс істеу бойынша тәжірибе жинап, қызметтік ортаға, өндіріс процесіне бейімделе алады.

Міне, осылайша «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда тұратын, оқитын және жұмыс істейтін тұрғындармен байланысын нығайтуды жалғастыруда. Ал жаңа бағдарламалар, тың жобалар аясында жүргізіліп жатқан барлық жүйелі жұмыстар, сөз жоқ, компанияның табысты қызметіне де оң ықпал еткені анық.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Semeı tańy»

 

Ұқсас жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

21.05.2026
Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл...

Толығырақ...Details

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

21.05.2026
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

21.05.2026
“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» 2023–2027 сайлауалды бағдарламасы аясында Абай облысы  Абай ауданына қарасты Орда елді мекенінің тұрғындары тарапынан көп жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

19.05.2026
Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

Semeytany.kz – Абай облысында суға шомылу маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

19.05.2026
Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

Semeytany.kz – Абай облысының делегациясы Австралияға барып, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар мен тиімді басқару тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында өңір өкілдері...

Толығырақ...Details

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

19.05.2026
Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

3 часа бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

3 часа бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

4 часа бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

2 дня бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

2 дня бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

2 дня бұрын

Қарағайлыда 712 пәтерлі тұрғын үйлер салынып жатыр

2 дня бұрын

Семей вокзалы жыл соңына дейін жаңғыртылады

2 дня бұрын

Абай облысында байланыс пен интернет сапасы жақсарады

2 дня бұрын

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС