"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында оқушылар үшін 5 бейіндік лагерь ашылды

19.06.2024
Абай облысында оқушылар үшін 5 бейіндік лагерь ашылды
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Оқушылар үшін ашылған лагерьлер облыс колледждерінде орналасқан. Мұнда балалар теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді.

Абай облысының бес колледжінде орналасқан лагерьлер жоспарға сай жүргізілуде. Атап айтқанда, Бесқарағай колледжінің базасында «ЭКОorman» , Радиотехника және байланыс колледжінде «SmartkriS», Геологиялық барлау колледжінде «Жас геолог», Электротехникалық колледжде «ІТ-лагерь» және «Profi Camp» Бизнес және сервис колледжінде бейіндік лагері ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар беру лагері кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және оларды әртүрлі салалардағы болашақ маман ретінде бағыттауға дайындайды. Лагерь бағдарламалары нақты құзыреттерді дамытып қана қоймай, сонымен қатар балаларға практикалық білім мен тәжірибе алуға да көмектеседі.

Бүгін Семейде орналасқан бейіндік лагерьлер бойынша баспасөз туры өтті. Бірінші нүкте — Бизнес және сервис колледжінде орналасқан «Profi Camp» лагері. Бұл жерде қазір лагерьдің екінші маусымы өткізілуде.

Абай облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысы Вилена Жакупбаева биыл өңір колледждерінің базасында бейінді лагерьлер алғаш рет ашылғанын атап өтті.

— Колледждердің әрқайсысы балалардың мүдделеріне сәйкес бағдарламалар ұсынады. Мысалы, Геологиялық барлау колледжінде «Жас геолог» лагері жұмыс істесе, Бизнес және сервис колледжінде «Profi Camp» лагері 8 жастан бастап балаларды қабылдаған. Жалпы, лагерьлер үш маусымда жұмыс істейді. Бүгінгі күні Бизнес колледжінде және Электротехникалық колледжде алғашқы маусымын 60 бала аяқтады. Сонымен қатар алдағы уақытта «Жас геолог» лагерінде оқитын оқушылар Республикалық байқауға қатысады, — деп атап өтті Вилена Жакупбаева.

Колледждерде тамақтану ұйымдастырылған (ақылы негізде), балалар сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін айналысады. Геологиялық барлау колледжінде тамақ тегін беріледі.

It-орталықтың меңгерушісі, Электротехникалық колледж директорының IT-технологиялар жөніндегі орынбасары Никита Лобанов мекеменің бейіндік лагерінде балалар робототехника мен дрондарды басқару негіздерін үйреніп жатқанын жеткізді.

— Қазіргі уақытта бізде 8 жастан 14 жасқа дейінгі 10 бала қатысуда. Оқушылар робототехниканы оқиды. Роботты салудан бастап оны бағдарламалауға дейінгі барлық кезеңдерден өтеді. Сондай – ақ бағдарламада дрондармен жұмыс бар. Яғни, құрастыру, бағдарламалау және басқару. Біз практикалық сабақтарды арнайы белгіленген жерлерде, тордың артында, толық қауіпсіздікте өткіземіз, — деді Никита Лобанов.

«Жас геолог» лагерінің жетекшісі Олжас Айжаксин бағдарламаға теориялық та, практикалық сабақтар да кіретінін айтты.

— Біз тәжірибені “Қарауыл шоқысы” оқу полигонында өткіземіз. Балалар үшін барлық жағдай жасалған. Олар студенттермен бірге жұмыс істейді. Полигонда дағдыларды жаттықтыру арқылы бірнеше пәнді оқытамыз. Биыл 19-28 шілде аралығында Щучинск қаласында өтетін «Жас геолог» жетінші халықаралық олимпиадасы жоспарлануда. Біздің балалар сол жерде өнер көрсетеді, — деді Олжас Айжаксин.

Ерте кәсіптік бағдарлаудың арқасында балалар өздерінің өмір жолын алдын-ала таңдай алады және қазірден бастап болашақ жұмыстарына пайдалы болатын дағдыларды қалыптастырады.

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

3 часа бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

3 часа бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

3 часа бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

3 часа бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

15 часов бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

20 часов бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

21 час бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС