"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді — Президент

02.09.2024
АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді — Президент
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
 Бүгін атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум бойынша Жарлыққа қол қойылады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымдауынша, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс.

«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған республикалық референдум туралы Президент Жарлығының жобасы Үкімет қарауына жіберілді.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

1 день бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

1 день бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

1 день бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС