"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 338 заңсыз қоқыс орны жойылған

08.04.2025
Абай облысында 338 заңсыз қоқыс орны жойылған
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылы Абай облысында зиянды шығарындыларды азайтып, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында нақты қадамдар жасалды. Өндіріс орындары жаңғыртылып, жүздеген заңсыз қоқыс тастайтын орындар жойылды, заң бұзушыларға қатысты ондаған айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы Экология департаментінің басшысы Серік Сарбасов баяндады.

– Былтыр департаментке 515 жоба келіп түсті. Оның ішінде, бірінші санаттағы нысандар бойынша экологиялық рұқсаттар беру желісімен 52 өтініш тіркелді, өткен жылдан қалған 4 өтініш те қаралды. Сонымен қатар «Қоршаған ортаға әсерді бағалау аясын немесе скринингін айқындау жөніндегі қорытындыны беру» мемлекеттік қызметі бойынша 400 өтініш қабылданды. Жалпы, Абай облысында 1-санатқа жататын 53 табиғат пайдаланушы жұмыс істейді, – деді Серік Сарбасов.

Семей қаласында, яғни облыстың әкімшілік орталығында, қоршаған ортаны ластаудың негізгі үлесі үш кәсіпорынға тиесілі – «Семей цемент зауыты» ЖШС, «Силикат» ЖШС және «Теплокоммунэнерго» ШЖҚ КМК. Спикердің айтуынша, бұл кәсіпорындардың барлығы жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңартып, ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін азайтуда.

– Мысалы, «Семей цемент зауыты» ЖШС №4 айналмалы пешке орнатылған шаң ұстау жабдығын ауыстырды. Бұл тазарту тиімділігін 99,33%-ға дейін жеткізуге және шаң шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берді. «Силикат» ЖШС-де №3 және 5 қазандықтарға ішкі конус-циклондар ауыстырылып, жаңа циклондар орнатылды. Соның нәтижесінде шаң шығарындылары 15-20%-ға дейін қысқарды. «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңарту арқылы да ауа сапасы жақсарады деп күтілуде, – деді спикер.

Алайда өңірде экология мәселелеріне тиісті көңіл бөлмейтіндер де бар. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 63 тексеріс жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 149 бұзушылықты анықтады.

– 148 нұсқама беріліп, оның 139-ы орындалды. Жалпы, департамент тарапынан 144 әкімшілік іс қозғалып, 141 айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 464 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша өндірістік экологиялық бақылау туралы есепті және қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті тапсырмағаны үшін 3,4 миллион теңгеге 34 айыппұл салынды, – деп атап өтті Серік Сарбасов.

Сондай-ақ, экология басқармасының басшысы «Ғарыш Сапары» порталының мәліметіне сүйене отырып, 2023 жылы облыс аумағында 347 заңсыз қоқыс орны анықталғанын айтты. Жыл соңына дейін олардың 338-і жойылды. 2024 жылы мұндай полигондардың саны азайды.

– Өткен жылы өңір аумағында 266 заңсыз қоқыс орны тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға аз. Қазіргі таңда «Ғарыш Сапары» порталында тіркелген барлық заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылды, – деп түйіндеді Серік Сарбасов.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

21.04.2025
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты. – Осыдан бір жыл бұрын бәріміз...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

1 день бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

1 день бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

2 дня бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

2 дня бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС