«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригаданың жас сарбаздары алғаш рет ату жаттығуларын орындады. Тәжірибелік атыс дайындығы бойынша сабақтар ату тирында өткізілді.
Атыс жаттығуы орындалар алдында әдеттегідей әр жауынгерге сержанттар нұсқаулық өткізді. Бұл өз кезегінде жас сарбаздар үшін ату мен дәл көздеуде тигізер пайдасы орасан зор. Атап айтқанда сарбаздар қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуын сапалы орындау үшін оқу нүктелерінен өтті. Айталық «КЯ-83» станогы атыс қаруынан оқты жұмсамай атуға үйретсе, атуға дайындау бойынша 1 және 2 нормативтер сапалы атуға септігін тигізбек. Оқу нүктелерінде сондай-ақ сарбаздарға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да сабақтар жүргізілді.
Жаттығу алдында жеке құрам қауіпсіздік ережелерімен танысып, атыс алаңында оқ атуды орындады. Сарбаздар бір жыл бойы тек АК-74 автоматынан оқ атуды орындап қана қоймай, басқа да қару түрлерін зерделейді. Әскердің, тәртіпке бағынудың, Отанды қорғаудың барлық қыр-сырын үйреніп, нағыз ер азаматқа сай мектептен өтеді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі