"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 5000-ға жуық оқушы жазғы лагерьлерде демалады

29.05.2025
Абай облысында 5000-ға жуық оқушы жазғы лагерьлерде демалады

www.freepik.com

7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей таңы – Абай облысында жазғы демалыс маусымында 5000-ға жуық мектеп оқушысы қала сыртындағы лагерьлерде тынығады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Сәуле Қожебекова мәлімдеді, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі.

9 лагерь балаларды қабылдауға дайындалуда

Жаз бойы облыста 9 лагерь тұрақты жұмыс істемек. Оның 8-і – мемлекеттік, 1-еуі – жекеменшік. Жеті лагерь типтік үлгіде салынса, қалған екеуі бейімделген ғимараттарда орналасқан.

9-15 маусым аралығында алты лагерь алғашқы балаларды қабылдаса, қалған үшеуі 16-20 маусым аралығында есігін ашады. Қазіргі таңда лагерьлердің дайындығы 75 пайызға жетіп отыр.

«Барлық лагерьге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Балалардың шомылуы бес лагерьде ұйымдастырылады. Онда балалар суға арнайы жабдықталған аймақтар мен бассейндерде педагогтердің қадағалауымен түседі», – деді Сәуле Қожебекова.

Әлеуметтік осал топтағы балалар – ерекше назарда

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4713 бала «Всеобуч» қоры есебінен жазғы демалыспен тегін қамтылады. Сонымен қатар, үздік оқып, қоғамдық белсенділік танытқан 128 оқушы республикалық «Балдаурен» және «Бөбек» лагерьлеріне жолдама алады.

Ал ауылдық жерлердегі үздік 250 оқушы Алакөл жағалауындағы «Дарабоз» лагерінде демалмақ. Бұл бастамаға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсетіп отыр.

Жөндеуден өткен лагерьлер қайта іске қосылуда

Өткен жылы Үржар ауданындағы «Тарбағатай» лагері қайта қалпына келтіріліп, онда 446 бала демалды. Ал Курчатов қаласындағы «Берег» лагері Мәдениет бөлімінен Білім бөліміне берілген. Келесі жылы Көкпекті ауданындағы «Балдаурен» лагерін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

8 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

8 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

8 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

13 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

13 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

13 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС