"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

29.05.2025
БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл сайын 29 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні аталып өтіледі. Елімізде бұл мереке алғаш рет 2019 жылдан бастау алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық қағидаларын ұстанатынын көрсете білді. Осыған сай еліміздің бітімгершілік миссиясын мемлекетітің негізгі сыртқы саяси стратегиясына айналдырды.

Қазақстан биыл Голан үстіртіне жіберген 139 әскери қызметшіден тұратын алғашқы дербес бітімгерлік контингентін күтіп алды. Сол әскери құрамда өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайту мақсатында бір жылдан астам уақытқа жуық бөтен елде абыроймен қызметін атқарып келген «Шығыс» өңірлік қолбасшылғына қарасты 44736 әскери бөлімінің барлау жауынгерлік ротасының бөлімше командирі сержант Дархан Еркінов те болды. БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күні қарсаңында әскери қызметшімен сұхбаттасудың сәті түсті. Дархан Еркінұлы 2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің инженер – технолог мамандығын тәмамдап, білім алды. Кейін Отан алдындағы борышын атқарып, осы салада қалуды шешеді. Қазір Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жүргеніне он бір жылдан асқан. Осы уақыт аралығында ол өзін кәсіби білікті маман ғана емес, әр іске жауапкершілікпен қарайтынын әскери қызметші екенін көрсетті. Оның пайымынша, бітімгерлер тек қана қорғаушылар емес, сонымен қатар олардың міндеттеріне дағдарысты жағдайларды шешу мен бейбітшілікті қолдау кіреді. Сондықтан бітімгер болу үлкен жауапкершілікті жүктейді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгерлермен болған кездесуінде:  «Бітімгер болу – бейбітшіліктің елшісі болу деген сөз. Бұл – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік, нағыз ержүрек жауынгерлердің қолынан келетін іс. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», — деген болатын. Бүгінгі күні осы істі абыроймен атқарып келгенімізге өте қуанамын. Бітімгерлік миссиясына алғаш рет бара отырып, өзіме көптеген тәжірибе ала алдым, — дейді Дархан Еркінов.

Сирия еліне барған қазақстандық бітімгерлер өздерін нағыз кәсіби мамандар ретінде көрсете білді. Олар жауынгерлік даярлықты, кез келген қойылған міндеттерді шешуде төзімділік пен әзірлікті көрсетті. Бұл БҰҰ миссиясының басшылығымен де жоғары бағаланды.

— Әрине, қақтығыстар жүріп жатқан елдің жағдайы өте қиын деуге болады.  Халқы күнделікті жейтін тамақтарына дейін таппай жүреді. Электр жарығының өзі әр ауылға екі сағат сайын кезек-кезек біріледі. Әсіресе ауыз су өте тапшы. Тамақ пен ауыз су сұрап жүретін жалаң бұт, жалаң  аяқ балалар жетерлік. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырыстық, — дейді сержант Дархан Еркінұлы.

Қазақстан тарихындағы алғаш бітімгерлік миссиясы болғандықтан қойылатын тапсырмалар да күрделі болды. Сол қойған тапсырмаларды жауынгерлеріміз уақытымен орындап, абыроймен елге оралды. Осыған сай Мемлекет басшысы бітімгерлерді әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында 44736 әскери бөлімінің барлау жауынгерлік ротасының бөлімше командирі сержант Дархан Еркінов те болды. Ол Президент тарапынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінде сержант Дархан Еркінов жұбайы Әсел Еркіновамен бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған  бақытты отбасы.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС