"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді

01.06.2025
Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей таңы – Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданында болып, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай атқарылып жатқан дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі.

Сапар барысында аймақ басшысы ең алдымен Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесіне барды. 2020 жылы ақынның 175 жылдығына орай кешенде реставрациялық және абаттандыру жұмыстары жүргізілгенімен, бүгінде амфитеатр мен кесененің төменгі бөлмелері жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты облыс әкімі Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесіп, алдағы жөндеу жұмыстарының нақты мерзімін сұрады.

Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді

Абайдың 180 жылдығына арналған негізгі салтанатты іс-шаралар Абай ауданында өтеді. Солардың бірі – «Жеті қазына» атты ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі. Бұл шара Қарауылтөбе аумағында ұйымдастырылады. Мұнда ашық дала сахнасы, ат жарысына арналған шеңбер, 400 орындық көрермен мінбері, киіз үйлер қалашығы мен кәсіпкерлерге арналған 2500 шаршы метрлік сауда аймағы дайындалып жатыр. Су мен жарық тартылып, жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде. Қосымша жолдар да салынады.

Жергілікті билік өкілдері мен жауапты басқарма басшылары мерейтойға дайындық барысы жайында облыс әкіміне толық баяндама жасады.

Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді

Берік Уәли сондай-ақ Қарауыл ауылындағы Абай саябағына барды. 2020 жылы салынған бұл демалыс орны биылғы мерейтой аясында жөндеуден өтеді. Саябақта серуен жолдары, спорт алаңдары, субұрқақтар, самалжайлар мен әлеуметтік инфрақұрылым бар. Сапар аясында аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты.

Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді

Сонымен қатар, Берік Уәли мерейтой өтетін негізгі орындардың бірі – Абай алаңы мен стадионға барып, дайындық барысын көрді.

«Осыдан үш ай бұрын, 22 ақпанда арнайы келіп, 180 жылдық мерейтойға не қажет екенін нақты анықтап кеткенбіз. Содан кейін облыс бюджетін қайта қарап, қажетті қаражат бөлінді. Қазір Жидебайға антенналық құрылғы орнату, жол жөндеу секілді жұмыстар жүріп жатыр. Бұл – республика көлеміндегі маңызды мереке. Шетелден де қонақтар келеді. Сондықтан дайындықты жоғары деңгейде өткізу – басты міндет. Бүгін бөлінген қаражаттың қалай игеріліп жатқанын өз көзіммен көруге келдім. Жоспарға сай жұмыс жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек», – деді облыс әкімі.

Абай облысының әкімі мерейтойға дайындық барысын тексерді

Абайдың 180 жылдығы ел руханияты мен мәдениеті үшін маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Мерекелік шараларды сапалы өткізу – өңір беделін көтеріп қана қоймай, ұлы ойшылдың мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС