"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

20.06.2025
Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шар қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты.

Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде

Аймақ басшысы алдымен 1960 жылы салынған Шар қалалық мәдениет үйінде атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Бұл нысандағы жаңарту «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жұмыстың 40 пайызы аяқталған. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Жаңғыртылған мектепке оң баға берілді

Сапар барысында әкім Абай атындағы мектеп-балабақша кешеніне де барды. 243 оқушы білім алатын оқу орнында 2023 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Оқу кабинеттері жаңартылып, STEM, химия, биология, физика және робототехника бағытындағы сыныптар жабдықталған. Қазақ тілі пәні кабинеті Абайдың 180 жылдығына орай ашылған. Мектеп дәліздері де ерекше безендірілген. Кешен құрамындағы балабақшада 50 бала тәрбиеленуде. ҰБТ нәтижесі бойынша екі оқушы «Алтын белгіге» ие болған.

Мектеп ішін аралап шыққан Берік Уәли бұл білім ордасын үлгілі жоба ретінде атап, Білім басқармасына басқа мектептерге осы форматты үлгі ету жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ, мектеп алдында жергілікті ақсақалдармен және белсенді азаматтармен кездесіп, Амангелді көшесінің жолын жөндеуге қатысты өтінішті қабыл алды.

– Шар – үлкен елдімекен. Қала мәртебесі бар. Бұл жерде бассейн мен балалар алаңы салынады. Мәдениет үйі жөнделіп жатыр. Амангелді көшесінің жолын да қалпына келтіреміз. Барлық мәселе біртіндеп шешіледі, – деді облыс әкімі.

Өндірістік әлеуетке жоғары баға берілді

Берік Уәли «Қамқор-Локомотив» ЖШС құрамындағы Шар локомотив жөндеу депосына да барды. 1935 жылы құрылған бұл кәсіпорында бүгінде 155 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы – 300 мың теңгеден асады. Депо жылына 900-ге жуық техникаға қызмет көрсетеді. Кәсіпорында барлық негізгі жөндеу, дәнекерлеу, құрастыру және бақылау цехтары жұмыс істейді.

– Бұл мекеме – Шар қаласының тірегі. Мұнда тұтас теміржолшылар әулеттері жұмыс істейді. Биыл кәсіпорынның 90 жылдығы. Осы мерейтойды лайықты атап өтулеріңізге тілектеспін, – деді Берік Уәли.

Облыс әкімінің сапары Шар қаласындағы әлеуметтік мәселелерге назар аудару және өндірісті қолдау бағытында маңызды шаралармен жалғасты.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 часа бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 часа бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 часа бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

8 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

8 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

8 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС