"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

27.06.2025
Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысына жұмыс сапарымен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласындағы бірнеше білім беру мекемесінің жай-күйімен танысты.

Министр барған алғашқы нысан – №11 жалпы орта білім беретін мектеп. Мектеп бейімделген үш қабатты ғимаратта орналасқан, қазіргі уақытта мұнда 1411 оқушы оқиды. Соның 296-сы уақытша оқу орнында білім алуда. Жаңа корпус немесе жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

Ғани Бейсембаев «Балдәурен» балабақшасының жұмысымен де танысты. 1988 жылы салынған бөбекжайда 13 топ бар, 64 адам жұмыс істейді. Мұнда 320 орындық ваучерлік жүйе енгізілген. Балабақшаның материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет екенін айтқан облыс басшысы бұл бағытта әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

Сапар барысында министр №52 жаңа мектептің құрылысын қарап шықты. 600 орындық бұл мектеп «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатыр. Семей қаласында 4025 оқушыға орын жетіспейді. Жаңа мектеп іске қосылғанда тапшылық 600 орынға азаяды. Сонымен қатар, қала маңындағы Восход ауылының балалары үшін де бұл мектеп үлкен жеңілдік болмақ.

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

Кейін министр мен аймақ басшысы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында облыс әкімі өңірдегі өзекті мәселелерді атады. Атап айтқанда, апатты жағдайдағы 3 мектеп пен жөндеуді қажет ететін Үржар ауылындағы Абай мектебі туралы айтып, министрден қолдау сұрады.

Министр Ғани Бейсембаев өз сөзінде Семейде 1000 орындық жаңа мектеп салу мәселесі қарастырылатынын және Үржардағы мектепке қатысты ұсыныс назарға алынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ауыл мектептерінің жанынан спорт алаңдарын ашу жобасына Абай облысының да қатысатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

41 минута бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

43 минуты бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

46 минут бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

6 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

6 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

6 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС