"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

30.06.2025
«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды
50
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көкөніс пен жеміс ағаштарын қырып бара жатқан құрттарға қарсы шұғыл шара қабылдауды сұрайды. Атап айтқанда, Ұлан ауданына қарасты Белогорский, Асу Бұлақ және Огневка ауылдарында жұрт бау-бақша мен орман жапырағынан түгел айырылуға шақ қалған. Бұл туралы Anyqtime.kz порталы хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша, зиянкестер тек бақша өнімдерін ғана емес, шырша мен қарағай сияқты қылқан жапырақты ағаштарды да жайпауда. Кейбіреулер бұл жәндіктерді «биологиялық қаруға» теңеп, мұндай көлемдегі апатты алғаш көруде екенін айтады.

– Құрттар жапырақ, гүл, тіпті қылқанды ағаштарды түгел жеп жатыр. Оларды қолмен теріп үлгеру мүмкін емес. Бұл – тең емес күрес, – дейді ауыл тұрғындары.

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Белгілі болғандай, ауылдарда дүкен де жоқ, нан аптасына бір-екі рет қана жеткізіледі. Сондықтан тұрғындар үшін бақша мен орман – жалғыз күнкөріс көзі. Ауыл тұрғыны Татьяна Сутормина бұған дейін гүлдеп тұрған алмасының жап-жалаңаш күйге түскенін көрсетіп, биыл жеміс-жидек, шөп, тіпті қысқы азыққа ештеңе қалмағанын айтты.

– Мен орманда 42 жыл жұмыс істедім. Бірақ мұндай апатты алғаш көруім. Құрттар тіпті қотыршөптің өзін де жеп жатыр. Жойқын жылдамдықпен көбейіп келеді, – дейді орманшы Иван Шаров.

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Ауыл тұрғындары құрттардың үйлердің ішіне кіріп, тіпті кейбір тағамдардан да табылып жатқанын айтады. Жәндік тиген қол ісіп, ауырып жатқандар да бар. Осыған байланысты олар құрттардың улы болуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.

Жергілікті әкімдік мәселе туралы хабардар екенін мәлімдеп, құрттардан сынама алынып, фитосанитарлық қызмет зертханаға жолдағанын хабарлады. Қорытынды шыққан соң нақты шешім қабылданады деп отыр.

Алайда тұрғындар билік өкілдері тым баяу әрекет етіп жатқанын айтып, көз алдында тіршілік атаулы жойылып бара жатқанын алға тартуда.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

5 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

5 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС