"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты.

Құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов пен Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Түленовтің мәліметіне сәйкес, биыл өңірде екі жаңа мектеп пайдалануға берілген. Қарағайлыда – 1200, Бесқарағайда – 300 орындық мектеп ашылды. Водный кентіндегі 600 орындық мектеп жаңа оқу жылында іске қосылады. Аягөздегі мектеп құрылысы аяқталуға жақын, ал Шығыс кентінде жаңа мектептің құрылысы енді басталған.

Одан бөлек, алты мектепке қосымша ғимарат салу көзделуде. Алайда кейбір мектептерге қатысты жобаларға қосымша қаржы қажет екені айтылды.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 2,9 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 12 мектептің шатыр, терезе, электр желісі жаңартылады, 85 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алайда бірқатар жұмыстардың кестеден кешігіп жатқаны айтылды.

Облыс әкімі басқарма басшыларына нақты әрі жүйелі есептің жоқ екенін сынға алды.

– Алдағы үш жылда қанша мектеп саламыз? Құрылысы басталып, аяқталмай қалған нысандарды неге назардан тыс қалдырып отырсыздар? Жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр дейді, бірақ оны қаржыландыру жоспары жоқ. Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек. Водный мен Аягөздегі мектептер 1 қыркүйекте ашылуы тиіс, – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновке мектеп құрылысын бақылауға алуды, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар білім басқармасына жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды жүктеді. Қала, аудан әкімдеріне мектеп маңында бей-берекет қоқыс орындарына жол бермеу, құрылыс қалдықтарын арнайы орындарға шығару талаптарын орындау міндеттелді. Бұл талап бұзылған жағдайда мердігерлерге айыппұл салынатыны ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

5 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

5 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС