"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

04.07.2025
Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеумет

Semeytany.kz – Абай облысында қаржы пирамидаларының жолын кесу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Іс-шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасына және «Заң және тәртіп» идеологиялық науқанына сәйкес жүзеге асуда.

Облыс құрылған сәттен бастап Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 10 қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін тоқтатқан. 2024 жылы Bitlime, Magis, Chia Tai Tiahging және Eolus секілді жобалар әшкереленген. Нәтижесінде 197 салымшы зардап шегіп, келтірілген залал көлемі 88 миллион теңгеге жеткен. Оның 3,4 миллионы өтеліп, 30 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленген.

– Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың белсенділігі жылдан-жылға артып келеді. Адамдарды тарту жолдары да агрессивті сипатқа ие бола бастады. Біздің мақсат – тек кінәлілерді жауапқа тарту емес, азаматтарды мұндай схемаларға араласудың қауіптілігі туралы дер кезінде ескерту, – деді департамент басшысы Медет Орынбасаров.

Алдын алу жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Департамент мамандары өңір тұрғындарымен, студенттермен және кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, күмәнді жобалардың белгілерін түсіндіруде. Оның ішінде: кепілдіксіз жоғары табыс уәде ету, лицензияның болмауы, жаңа салымшылар есебінен төлем жасау және психологиялық қысым көрсету тәсілдері бар.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету – қылмыстық құқық бұзушылық. Мұндай әрекет үшін 3 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер қылмыс ұйымдасқан топ арқылы жасалса, жаза бес жылдан он жылға дейін түрме және мүлікті тәркілеу түрінде ауырлайды.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды барынша сақ болуға, күмәнді жобаларға ақша салмауға, несие алып, инвестиция жасамауға, компаниялардың лицензиясын мұқият тексеруге шақырады. Күдік тудырған жағдайда, Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 нөміріне немесе Telegram-дағы @baiqa_piramida боты арқылы хабарласуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 часа бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 часа бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

4 часа бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

24 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС