"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

11.07.2025
Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Мемлекет басшысының Алакөл жағалауындағы туристік инфрақұрылымға қатысты сынынан кейін Абай облысы әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов Мақаншы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол аудан басшылығы мен жауапты мекемелер өкілдерімен бірге көл жағасында шұғыл кеңес өткізіп, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасау, тазалық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қауіпсіздік пен тазалық күшейеді

Көл жағасында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтер ұйымдастырылып, тәртіп бұзғандарға шара қолданылады. Әсіресе моторлы қайықтармен қызмет көрсететіндерге қатысты бақылау күшейеді. Сонымен қатар, жағалау маңында қоқыс тастаған сауда орындары мен демалыс базаларына айыппұл салынады.

Инфрақұрылымға 658 миллион теңге бөлінді

Алакөлдің Абай облысына тиесілі жағалауында соңғы жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілген. Биыл осы олқылықты жою мақсатында облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға Арбат алаңы (108,9 млн тг) мен жаңа қоғамдық кеңістік (171,6 млн тг) жөнделіп, жағалауды абаттандыру (107,5 млн тг) жұмыстары атқарылуда. Жағажайға 25 киім ауыстыратын орын, 50 контейнер, 2 биотуалет орнатылған. 7 пирстің 3-еуі дайын, жарықтандыру мен құтқару мұнаралары іске қосылған.

Қауіпсіздік үшін жаңа нысандар салынып жатыр

Жағажай аумағында құтқару станциясының құрылысы басталды. Бұл нысан алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен қатар, Қабанбай ауылында екі өрт сөндіру көлігіне арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қоқыс пен қалдықтарды шығару жүйесі жетілдірілуде

Жағалауға қосымша 100 контейнер мен 75 урна қойылып, жалпы контейнер саны 110-ға жетті. Арбат аумағында тазалық әр 30 минут сайын, ал жағалауда күніне үш рет жүргізіледі. Қалдықтарды өңдеуге арналған полигон құрылысына қажетті құжаттар дайындалуда.

Әжетханалар мен электр желілері

Биыл санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбеймек. Қазірдің өзінде 10 санитарлық торап орнатылды. Ал электр қуатын арттыру үшін жаңа «Алаколь» қосалқы стансасы мен жоғары кернеулі желілердің құрылысы 2026 жылдың қазан айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Су көліктеріне бақылау артады

Жағажай аумағында 5 құтқару мұнарасы жұмыс істеп тұр, 6 құтқарушы күнделікті кезекшілік етеді. Төтенше жағдайлар министрлігі мен көлік инспекциясы су көліктеріне тұрақты рейд жүргізіп, 30 су көлігі тексеріліп, 12 әкімшілік хаттама толтырылған.

Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Катер, шезлонг, асхана мен демалыс базаларын басқаратын кәсіп иелерімен салық және кассалық аппаратты пайдалану мәселелері түсіндірілді.

Абай облысы әкімдігі Президент тапсырмасына сәйкес Алакөл жағалауындағы жағдайды жақсарту үшін кешенді жұмыстарды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 часа бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 часа бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

4 часа бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

23 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС