"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

15.07.2025
Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеумет | Қауіпсіздік

Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі орман және дала өрттерінің алдын алу, цифрлық карта бойынша әлеуметтік топтағы отбасыларды қолдау, сондай-ақ 2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық мәселелері қаралды.

Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, қала және аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Өрт саны 4,5 есеге артқан

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатовтың мәліметінше, өңірде өрт қауіпті маусымға дайындық аясында кешенді шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, орман алқаптарына жақын елді мекендерде механикаландырылған күзет ұйымдастырылып, авиация мен тікұшақтар кезекшілікке тартылған.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан, биыл табиғи өрттердің саны күрт артқан. 252 оқиға тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсім байқалған.

Орман өрттерінің алдын алу мақсатында 170 маманнан тұратын 38 мобильді топ 334 рейд жүргізіп, 93 адамды әкімшілік жауапқа тартқан.

Баяндамаларда шалғай ауылдарда құрылған 70 өрт сөндіру бекетінің көбі жылы ғимаратпен жабдықталмағаны да айтылды. Бұл қыс мезгілінде қауіпсіздік талаптарын орындауға кері әсер етуі мүмкін.

Өртке қарсы күрес – басты міндет

Облыс әкімі салаға жауапты орынбасары Серік Төленбергеновке бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда:

  • «Семей орманы» резерватында өртті ерте анықтайтын автоматтандырылған жүйе орнату;

  • Ресеймен шекаралас аумақтарда орман соқпағын салу;

  • Өрт сөндіру техникаларын лизингке алу;

  • Резерватқа берілген техниканы тиімді пайдалану жолдарын қарастыру;

  • Орман өрттерімен күресетін мамандар тапшылығын шешу жөнінде ұсыныс әзірлеу.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасына төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жұмысын бағалауды және минералды жолақтарды қоқыстан тазарту бойынша мониторинг жүргізуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 час бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

1 час бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

1 час бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

21 час бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

22 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

22 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

2 дня бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС