"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ

02.09.2025
СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ
47
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы – қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің алтын қазынасы. Бұл өңірде ежелгі қоныстар мен тарихи ескерткіштер көптеп кездеседі. Соңғы жылдары археологтер жүргізген зерттеулердің нәтижесінде өңірдің көне тарихына қатысты тың деректер табылып жатыр.

Археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және орта ғасырларға жататын қоныстар мен қорымдар анықталды. Қазба барысында тұрмыстық бұйымдар, керамикалық ыдыстар, еңбек құралдары, әшекей бұйымдар және ежелгі құрылыстардың қалдықтары табылды. Бұл жәдігерлер аймақ халқының шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениет деңгейін танытады.

Бұл Шәкәрім университеті мен Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуінің нәтижесі. Сол тұрғыда екі ғылыми орталық өз күшін біріктіріп, еліміздің көне дәуіріне қатысты археологиялық және тарихи деректерді жүйелі түрде зерттеуге бағытталған ортақ бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» ғылыми жобасы. Осы бағдарлама шеңберінде археологиялық қазба жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып отыр.

СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДАҒЫ КӨНЕ ҚОНЫСТАР ҚҰПИЯСЫ

Ғалымдардың айтуынша, Абай облысының аумағында ежелгі көшпелілер мен отырықшы тайпалар қатар өмір сүрген. Жаңа деректер бұл өңірдің Ұлы Жібек жолымен байланысын да айқындай түсуде. Әсіресе өзен бойындағы қоныстар сауда-саттық пен мәдени алмасудың маңызды орталығы болған

Археологтер тапқан жәдігерлердің құндылығы – олар тек өткенді танытып қана қоймайды, сонымен бірге болашақ ұрпаққа тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда табылған заттар ғылыми зертханаларда зерделеніп, кейін музей қорына тапсырылады.

Бағдарлама аясындағы негізгі нысандардың бірі – Абай облысының Жаңасемей ауданына қарасты Мұздыбай ауылының жанында орналасқан Мұздыбай-3 қорымы.

Қазба барысында алынған материалдар сол кезеңдегі тұрғылықты халықтың жерлеу рәсімін, әлеуметтік құрылымын және мәдениет үлгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл деректер аймақтың көне тарихын толықтыра түсіп, мәдени мұрасын жан-жақты зерделеуге жол ашады. Сонымен қатар жаңа ғылыми мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуге ықпал етеді.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, PhD Азат Айтқали алдағы уақытта зерттеу жұмыстары жалғасып, табылған артефактілерге кешенді зертханалық сараптама жасалатынын атап өтті.

Соның ішінде радиокөміртектік (С14) мерзімдеу, технологиялық және трасологиялық талдаулар қарастырылған. Аталған әдістер ескерткіштің дәлірек уақытын анықтап, оны тарихи-мәдени тұрғыдан неғұрлым толық сипаттауға мүмкіндік береді.

Абай облысындағы көне қоныстарды зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Археологтер жаңа экспедициялар ұйымдастырып, өңірдің толық археологиялық картасын жасауды көздеп отыр. Бұл ғылыми қазыналар тек Қазақстан тарихын байытып қана қоймай, жалпы адамзат өркениетінің дамуын түсінуге де септігін тигізеді.

Абай облысының жер қойнауындағы көне қоныстар – халқымыздың терең тамырлы тарихының айғағы. Көне қоныстардың ашылуы – ел тарихын танып-білудің жаңа белесі. Бұл жұмыстар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, өткенге құрметпен қарауға зор үлес қосары сөзсіз.

Археологтердің табысты еңбегі арқылы біз өз өткенімізді тереңірек танып, ұлттық құндылықтарымызды бағалай түсеміз. Өткенін таныған елдің болашағы да берік болмақ. Мейір

ОРАЗҒАЛИЕВ,
Шәкәрім университеті

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

18 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

19 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС