"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

…АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

28.02.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Семей қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Күн тәртібінде қызылша, тұмау сынды маусымдық аурулардың алдын алу мәселелері қаралды.

{jcomments on}«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Семей қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ басшысы Бағлан Чегедековтің айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда ағымдағы жылы қызылша дертімен ауыру көп тіркелген.

— Қаламызда 2014 жылы 7 жағдай тіркелсе, үстіміздегі жылдың қаңтар айында 12 жағдай зертханада дәлелденіп, ақпанда 26 дерт тіркелген. Біздің қаламызда ғана емес, еліміз, тіпті әлем бойынша бұл дерт дендеп тұр,- дейді Бағлан Салихұлы.

Қызылшаның көп тарауына байланысты алдын алу шаралары қолға алынған. Республика бойынша 16 ақпан мен 28 наурыз аралығында қызылшаға қарсы профилактика жүргізу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, ауырмаудың басты жолы дертке қарсы екпе алу екен.

— Қызылша – ауа-тамшы жолымен берілетін, жедел жұқпалы ауру. Күз және қыс айларында жиі таралады. Алдын алудың жалғыз жолы – қызылшаға қарсы егілу,- деген жұқпалы ауруларды емдеу ісі бойынша қаланың бас дәрігері Эльвира Исабаева қызылша дерті жайлы айтты.

 

Мамандардың пікіріне сүйенсек, қызылша вирусы адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түсіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды. Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады, науқастың дене қызуы көтеріледі, тамаққа тәбеті төмендейді, әлсіздік, жөтел, түшкіру, көзі қызарып, жасаурайды, мұрыннан су ағады. Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң қызыл бірігетін бөртпелер, бастапқыда бетте, құлақтың артында пайда болады, содан соң барлық денеге тарайды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады.

 

— 1930 жылдары, екпе жүргізілмеген тұста, тұрғындар қызылшамен жаппай ауырған. Тіпті  асқынуы салдарынан өмірлерімен қоштасқан да. Кейіннен, екпе жүргізілген жылдары, аурушаңдық күрт төмендеген. Негізі, қызылша 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерде жиі кездеседі. Екпе жүргізілген соң, бесінші, алтыншы күндері дене қызуы көтеріледі. Бұл қызылша емес, ағзаның екпеге жақсы белгі беруі,- деген Эльвира Қалқаманқызы екпе жүргізудің маңызы зор екенін атап өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында мамандар ойларын ортаға салып, жалпы, қызылша мен тұмау ауруларын болдырмау үшін аурудың алдын алу тұрғысында өздерінің пікірлерін білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС