"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ДАЛА БҰЛБҰЛЫ»

03.03.2015
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Міне, сахна төрінен төгілген әуезді үн жан дүниеңді шымырлата төгіліп барып, шырқау биікте ұзақ қалықтады. Тыңдаған адамның санасын ұйытып, сезімтал жүректі шымырлатып, жан сарайыңды ғажайып күйге бөледі. Талғампаз әншінің мөлдір дауыс иіріміне іліккен ән сырлы қалпын жоғалтпастан тыңдарманын тәнті етіп, өзіңді сырға толы өнер әлеміне жетелей түседі. Ғажайып сұлулықты ән аясына сыйғызып, сол арқылы жүрегінің үнін, ән құдіретін шашау шығармай жеткізуде әнші шеберлігінде мін жоқ дерсің. Бұл «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің күміскөмей әншісі Бақыт Шағатаева еді.

{jcomments on}Құт қонып, қыдыр дарыған Абай елі топырағында, қарапайым еңбек адамдары Шағатай Әрхамұлы мен Сарқыт Смағұлованың шаңырағында 1948 жылы дүниеге келген Бақыт Шағатайқызының о бастан өнер жолын мақсат тұтуы да заңды еді. Ол —  әйгілі Құнанбай қажының ұрпағы, ұлы Абайдың інісі Ысқақтың шөбересі. Бақыт Шағатайқызының атасы Әрхам Ысқақов та, өзінің анасы Сарқыт Смағұлқызы да асқан әнші еді. Осылайша оған атаның тәлімі, ананың өнегесі дарып, балалық шағынан өскен ортасы, ұшқан ұясының әсерімен өнер әлеміне ерекше ден қойған еді. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, 1966 жылы Алматыдағы  Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының музыка факультетіне оқуға түскен Бақыт Шағатайқызы оқуын үздік аяқтап, институт қабырғасында қалу туралы оқытушыларының өтінішіне де қарамай, туған топырағына қайтып оралады. Келісімен еңбекке араласып, мектеп-интернатта ұстаздық қызмет атқарады. Мәулетхан, Ғалия атты жас ұстаздармен бірге 1972 жылы аудандық деңгейдегі музыка мектебінің іргесін қалайды. Осы жылы ашылған «Қаламқас» халық ән-би ансамбліне жұмысқа қабылданады. Туған өлкесінің мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, «Дала бұлбұлы» деген халық бағасына ие болып, көрерменінің алғысына кенеледі. Әйгілі «Қаламқастың» мүшесі бола жүріп, шетелдіктерге қазақтың өркендеген өрелі өнерін паш етті. Ансамбль өзінің шырқау биігінде 1984 жылы Венгрияға, 1986 жылы Түркияға, 1996 жылы Қытай еліне, мұнан өзге бұрынғы Кеңес Одағының бірнеше республикаларына концерттік сапарлармен барды. Бақыт Шағатайқызының  репертуарында көптеген халық әндері, халық композиторларының әндері, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары көптеп кездеседі. Ариялардан бірқатар операларды, «Абай» операсындағы Ажардың ариясын, «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің әнін, «Біржан-Сара» операсынан ариялар орындайды. Күміскөмей әншінің дауысы колоратуралық сопраноға жатады.

 

Сахна саңлағы 1976 жылы өткен Бүкілодақтық әншілер фестивалінде лауреат атанды. Мәдениет саласының майталманы Бақыт Шағатайқызы 1989 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленсе, 2012 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанып, өз еңбегінің жемісін көрді. Бұдан өзге құрметтері де жетерлік. 2011 жылы Қазақстан әйелдері съезіне делегат болып қатысып, Елбасының қабылдауында болып қайтты. Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалінің иегері, сонымен қатар Абай ауданының Құрметті азаматы. Бұл атақтар Бақыт Шағатайқызының ұзақ жылдар бойғы маңдай терінің өтеуі. Жұмсақ мінезінен айнымайтын  аяулы перзентіне берген халқының бағасы бұл. 1991 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бата берген айтулы тұлға, халық ақыны Шәкір Әбеновтің киелі әулетіне келін болып түскен Бақыт Шағатайқызы — бүгінде таусылмас ұрпақ қызығына кенеліп отырған ұлағатты әже, ардақты ана. Ұрпақтарының ішінде өнер әлемінде бағы жанып, анасының жолын қуған перзенті Арай Әбенова бүгінгі таңда Шығыс Әскери гарнизоны ансамблінің әншісі болып қызмет атқарады.

 

Туған елін әсем әнімен әлдилеген күміскөмей дара әнші, “Қаламқастың бұлбұлы” Бақыт Шағатаеваға біз де жан жылуына толы мереке сәтінде мықты денсаулық пен зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС