"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СҰҢҚАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯ ҮЛГІСІ

17.03.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауданда қазақтың етті әрі сүтті ақбас сиырын көптеп өсіру, оның тұқымын асылдандыру, сүт және ет өнімдерін өңдеу, мал семірту кәсібін дұрыс жолға қою мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастады. Соның бір айғағы Сәтбаев ауылдық округіне қарасты «Күмісті» шаруа қожалығының мал семірту алаңында аудандық семинар болды.

{jcomments on}Семинарға барлық ауыл әкімдері, шаруа қожалықтарының иелері, мамандар қатысты. Мұндағы мал семіртуші Сұңқар Мамырбеков өзінің жұмыс тәжірибелері, малды қалай күтіп, қалай азықтандыратыны туралы айтып берді. 70 бас өгіз бордақылап, оған жоңышқаны турап беретін Сұңқардың шаруашылығын қалдықсыз технология үлгісі деуге болады. Сұңқардың анасы Төлеу Мусина да іс басында жүр. Көмекші азамат Әлихан Мұқатаевтың да шаруаға мығым екені байқалып тұр.

Мал семірту алаңы қарапайым. Мал қораның күнгей жағына ұзыннан-ұзақ қо-йылған терезеден күн сәулесі түсіп, қораның ішін жылытып тұр. Ортадағы науаларға шөптің ұнтағы салынған. Қаз-қатар өгіздер байланған.

Аудан әкімі Ділдабек Оразбаев іс басындағы семинарда сөз сөйлеп, осы  шаруашылықтың тәжірибесін басқаларға үлгі ретінде көрсетті. Осындай қарапа-йым тәсілмен жасалған мал бордақылау алаңдарын басқа ауылдарда да жасауға болатынын айтты.

Ауданда мал бордақылау ісін қолайлы кәсіп деп білетіндердің қатары көбейіп келеді. Оған дәлел — былтыр ауданда 20 мал бордақылау алаңы болса, қазіргі таңда 117 жерде мал бордақыланады.     Малға жоңышқаны турап беру әдісін Сұңқар Мамырбеков алғашқылардың бірі болып іске асырған.

 

Семинарда мал тұқымын асылдандыру мәселесі де кеңінен сөз болды. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серік Қонысбаев және Қызылкесік ауылдық әкімдігінің бас маманы, ғалым-зоотехник Сайлау Қалиев аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының тапсырмасымен   жуырда ғана Ресейдің Алтай өлкесіне барып қайтқан болатын. Олардың алдына қойылған негізгі мақсат көрші елдегі асыл тұқымды ірі қара малын өсіру тәжірибелерін зерттеу, озат үлгілерді ауданға әкелу, ғылыми тәжірибелерді жергілікті жерде тарату болған екен. Серік Қонысбаев пен Сайлау Қалиев семинарда Ресей еліне жасаған сапардан алған әсерлерімен бөлісті. Ол жақта қазақы ақбас сиырларын көптеп өсіріп, генетикалық әлеуеті жоғары, әлемдік деңгейдегі сұрыптаудан өткізу арқылы дамытып отырғаны жайлы әңгімеледі. Ресейден асылтұқымды сиырларды сатып әкелудің жолдары түсіндірілді. Ресейдің «Колос» шаруашылығындағы бұқалардың салмағы 1200  келі тартса, сиырлардың салмағы 530 келі екен. 1960 жылдардың аяғында қазақ жерінен әкетілген ақбас сиыр тұқымын ғылыми жолмен ұрықтандырып, асылдандырған ресейлік шаруалардан үйренеріміз әлі де көп екенін айтады олар.

 

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

«Семей таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС