"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

26.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

фото: Polisia.kz

60
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көші-қон қызметі комитеті көші-қон мәселелерін реттейді, заң талаптарының сақталуын қадағалайды және халыққа елге кіру, тұру, құжат рәсімдеу салаларында мемлекеттік қызмет көрсетіп, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Комитет төрағасы Аслан Аталықов 2025 жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

—  Аслан Базарбаевич, Көші-қон қызметі комитеті немен айналысады?

—  Көші-қон қызметі комитетінің қызметін тұтастай алсақ, үш негізгі функциясы бар: біріншісі – азаматтарды құжаттандыру және тіркеу, екіншісі – шетелдіктерге рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, үшіншісі – таза полицияға тән функция, яғни көші-қон бақылауын қамтамасыз ету, – деп түсіндірді спикер.

Бүгінде мемлекеттік қызметтер барған сайын автоматтандырылып, ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсуде. Жыл сайын цифрлық сервистерге сұраныс артып келеді, бұл азаматтардың сенімі мен мемлекетпен жылдам әрі сапалы өзара іс-қимылға ұмтылысын көрсетеді.

—  Жалпы, көші-қон қызметі жыл сайын шамамен 8 млн көші-қон қызметін көрсетеді. Жыл өткен сайын бұл қызметтерге сұраныс өсіп келеді, – деді полиция полковнигі. Жыл басынан бері көші-қон қызметі комитеті мынадай құжаттарды берді: 1,9 млн жеке куәлік; ҚР азаматының 1,1 млн паспорты; 303 мың балалар паспорты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан өз паспорттары мен жеке куәліктерін шығара бастады. 1995 жылдан бастап ескі кеңестік құжаттарды ауыстыру жүрді.

Құжаттар біртіндеп жаңғыртылды: түрлі-түсті фото пайда болды, цифрлық паспорттар және чипі бар поликарбонат жеке куәліктер енгізілді. 2010 жылдан бастап рәсімдеу толық автоматтандырылды. 2024 жылдан бері 24 беттен тұратын балалар паспорты, ал ересектерге арналған 36 және 48 беттен тұратын паспорттар шығарылады.

—  Жазда БАҚ-та қазақстандық паспорттың дизайны өзгеретіні туралы ақпарат шықты. Қандай элементтер қосылды?

—  Биыл 3 шілдеден бастап құжаттардың жаңа үлгілерін іске қостық. Қорғаныс деңгейін күшейттік. Соңғы үлгіде барс және тағы басқа қорғаныс элементтері пайда болды, олар жалған құжаттарды анықтауға мүмкіндік береді, – деп жауап берді комитет төрағасы.

—  Неге дәл барс?

—  Барс – мемлекетіміздің символикасы, күштің белгісі. Паспортымыздың «күші» де бүгінде өте жоғары, – деп атап өтті Аталықов.

2025 жылы қазақстандық паспорт әлемдік рейтингте позициясын нығайтты: Қазақстан азаматтары визасыз 79 елге бара алады. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанды басып озып, көш бастап тұр. Рейтингтің көшін Сингапур (193 бағыт), Жапония және Оңтүстік Корея (әрқайсысы 190 бағыт) бастап келеді. 2025 жылғы 30 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жүргізілген авиациялық қауіпсіздік бойынша кешенді аудит қазақстандық паспорттың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болғанын көрсетті, бұл әлемдік көрсеткіштен (72%) және ортаеуропалық деңгейден (87,9%) әлдеқайда жоғары. Бұл паспорттың қолдан жасалуына қарсы қорғаныс деңгейі жоғары екенін дәлелдейді.

—  Паспорты бар ең үлкен жастағы немесе ең кішкентай азаматты атай аласыз ба?

—  Бізде көшпелі құжаттандыру қызметі бар. Қызметкерлеріміз компьютер, фотоаппарат, қолтаңбаға арналған стилустары бар шағын чемоданшықпен адамдардың үйіне барып, құжаттандырады. Бұл көбіне қарт адамдарға арналған. Биыл құжаттандырылған ең үлкен азамат – 1915 жылы туған. Ол Қостанай облысының тумасы, қазір Қостанай қаласында тұрады. Сондай-ақ оның құрдасы – Ақтөбе облысының тумасы, 1915 жылы туған азамат та бар. Екеуі де 110 жаста. Алла денсаулық берсін, – деді спикер.

—  Дәл осы жылы қандай негізгі цифрлық шешімдер енгізілді?

—  2025 жылы біз тестілік режимде онлайн-құжаттандыру пилоттық жобасын іске қостық. Бұл қызмет биометриялық сәйкестендіру жүйесін қарастырады. Яғни жасанды интеллект бет-әлпеттің «тірі» екенін, фотоның сапасын, стандарттарға сай келетін-келмейтінін, фотошоптың бар-жоғын анықтайды. Келесі жылы тест сәтті өтсе, жобаны толық іске қосу ниетіміз бар, – дейді Аслан Аталықов.

—  Азаматтар үшін бұл ыңғайлы, қолжетімді, жылдам. Ал қызметкерлердің өзіне қалай әсер етті? Цифрландыру жұмыстарына қандай ықпал етті?

—  Шынын айтқанда, цифрландырудың әсері орасан. Неге біз онлайнға көшіп жатырмыз? Өйткені бұл бірқатар үдерістерді автоматтандырып, қызметкерлерімізді кей жұмыстардан босатады. Көші-қон полициясы қызметкерлері тек қызмет көрсетіп қана қоймайды, олар шетел азаматтарын «сүзгіден» өткізетін «фильтр»: рұқсат беру құжатын беру керек пе, оларды елімізде тұрақты тұруға қалдыру керек пе немесе азаматтық беру керек пе – осыны қарайды. Енді оларда уақыт көбірек болады, ал көп уақыт жейтін күнделікті рутина азаяды, – деп жауап берді тәртіп сақшысы.

Қазақстан ІІМ құжаттандыру саласында цифрландыруды белсенді енгізіп жатыр. Паспортты электронды рәсімдеу енді тек ел ішінде ғана емес, шетелде де – әлемнің 71 еліндегі 99 шетелдік мекемеде қолжетімді. Шетелдегі қазақстандықтар паспортты бұрынғы 6 айдың орнына 30 күн ішінде ала алады. Құжаттарды беруді цифрландыру және жеңілдету жұмыстары азаматтарға одан әрі қолайлы болу үшін жалғаса береді.

—  Бізде халықты құжаттандыру жүйесі бар, сол арқылы азаматтарға ЖСН қалыптастырылады және қазақстандықтарды құжаттандыру жүргізіледі. Сол жерде азаматтарды тіркеу – прописка, паспорт және жеке куәлік дайындау жүзеге асады, – деді Аслан Аталықов.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті алғашқы рет алған кезде және мерзімі аяқталған соң ауыстырғанда тегін алады. ІІМ бастамашы болған бұл бірегей тәжірибе құжат алуды жеңілдетіп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

—  Алғашқы жеке куәліктер алғашқы берілгенде тегін болады. Сондай-ақ жеке куәлік мерзімі аяқталған соң ауыстырылған жағдайда да мемлекеттік баж төленбейді, – деп түйіндеді спикер.

Материал azh.kz сайтынан көшірілініп, аударылды.

Ұқсас жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

2 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

2 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

3 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

3 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

3 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

3 дня бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС