Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға облыстық басқарма басшылары мен Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев та қатысты. Кездесу барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, тарихи-мәдени мұраларды насихаттау секілді өзекті мәселелерді көтерді.
Аймақ басшысы әр азаматтың өтініш-тілегін мұқият тыңдап, түйткілдерді шешу жолдарын заң аясында түсіндірді. Сонымен қатар тиісті басқарма жетекшілеріне және қала әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімі қабылдауда айтылған ұсыныс-пікірлер мен көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, олардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.







