"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС — АЙҚЫН НӘТИЖЕ

30.12.2025
ОН АЙ: НАҚТЫ ІС — АЙҚЫН НӘТИЖЕ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Берік Уәлидің Абай облысы әкімі қызметіне кіріскеніне 17 ақпанда бір жыл толады. Бір жыл аз уақыт па, әлде көп пе? Уақыттың ұзақтығы емес, оның қалай пайдаланылғаны маңызды. Осы бір жыл ішінде өңірде нақты істер атқарылып, өзгерістер басталды.

Осы кезең Абайдың 180 жылдық мерейтойымен де ерекшеленді. Бұл тойлау емес, ойлану, елге қызмет ету мақсатындағы шара болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен басталған “Абайға құрмет” акциясы еліміздің барлық аймақтарында кең қолдау тауып, халық арасында рухани серпін берді.

Қысқа мерзім ішінде талай жылдан бері шешімін таппай келген мәселелер оң шешімін тауып, өңірге ауқымды инвестициялар тартылды. Берік Уәлиұлы қала мен даладағы халықтың ортасында жиі болып, мұң-мұқтажын тікелей тыңдады.

Ал атқарылған нақты жұмыстар мен жүзеге асқан жобаларға төменде кеңінен тоқталамыз.

2025 жыл Абай облысы үшін әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан серпінді әрі нәтижелі жыл болды. Өңірде негізгі салалардың барлығында дерлік өсім қалыптасты. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар облыстың тұрақты дамуына берік негіз қалады.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

495, 2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ӘКЕЛГЕН ЖЫЛ

Аймақтың тарихи әлеуеті, географиялық орналасуы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен табиғи ресурстары жан-жақты ескеріліп, экономиканы әртараптандыруға бағытталған нақты қадамдар жасалды.

11 айда облыс бойынша барлық негізгі салаларда өсім бар.

Көлік саласында 125,2%, байланыста – 106,1%, ішкі саудада – 103,7%, өңдеу өнеркәсібінде — 102,8%, құрылыста – 102,5%, ауыл шаруашылығында – 100,9% деңгейге жетті.

Облыс экономикасына 11 айда 495,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Семейдің үлесіне 144,8 млрд теңге тиесілі (29,2%).

Өңірдің тарихи әлеуетін, ерекше мүмкіндіктері мен көлік-логистика саласындағы потенциалын ескеріп, облыс экономикасын әртараптандыру мақсатында терең талдау жасалды.

Облыс дамуының негізгі бағыттары айқындалып, биыл 17 мамыр күні облыс әкімі Өңірдің даму жоспарын таныстырды. Негізгі бағыттар:

1) инвесторларға жағдай жасау, экономиканы әртараптандыру және экономикалық өсімді арттыру үшін индустриалдық аймақтың көлемін ұлғайту;

2) туризмді ілгерілету;

3) ауыл шаруашылығын дамыту;

4) Семей қаласының инфрақұрылымын жақсарту үшін якорлық жоба ретінде жаңа шағын аудан құрылысын салу.

Бұл – аймақ үшін үлкен бетбұрыс, жүйелі жоспар және межелі міндет.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында инвестиция тартуды шұғыл міндет ретінде атап өткен болатын. Осы ретте облыста бизнеске қолдау көрсету және инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері өңірде іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 98-ге дейін, ал тартылатын инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін артты. Оның ішінде 51 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

Биыл 14 жоба іске асырылып, 30,3 млрд теңге инвестиция тарту және 510 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 11 жоба жүзеге асырылып, 333 жұмыс орны ашылды. Бұл жобалардың жалпы құны 22,4 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде Семей қаласында 6 жоба іске асырылды, 21,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 339 жұмыс орны құрылды.

Облыс әкімі жыл басынан бері 100-ден астам шетелдік инвестормен кездесу өткізді. «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясы аясында Қытай Халық Республикасының инвесторларымен 1,5 млрд АҚШ долларына  15 меморандумға қол қойылды. Қытайлық серіктестердің қатысуымен жалпы құны 39,5 млрд теңге болатын 3 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

  • XinYi ltd компаниясының 2 млрд теңгелік коммуналдық базары;
  • Suto Group компаниясының 27 млрд теңгелік чип шығару зауыты;
  • Universal SM компаниясының 7,5 млрд теңгелік ағаш өңдеу зауыты (барлығы 2026 жылы пайдалануға беріледі).

Сонымен қатар «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы барысында 336 млрд теңгеге 15 келісім жасалды. Оның ішінде құны 31,7 млрд теңге болатын екі жоба жедел іске асырылды. Соның бірі – 180 орынға арналған 130 нөмірі бар «Pana Complex Semey» қонақ үй кешені (5,7 млрд теңге), 105 жұмыс орны ашылды. Екіншісі – «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығы (26 млрд теңге), іске қосылғаннан кейін 100 жұмыс орны ашылады.

Өңірдің жаңа өнеркәсіптік базасын қалыптастыру мақсатында «Өндіріс» индустриялық аймағында аумағы 96 гектар болатын алаңда 3 жоба толық игерілді. Индустриялық аймақты 186 гектарға дейін кеңейту және шағын өнеркәсіп паркін құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Семей қаласының өнеркәсіптік аумағында қосымша 500 гектар жер бөлу жоспарланып отыр.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

ДАЛА МЕН ДӘСТҮР: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖАҢА СЕРПІН

Экономиканың негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 24,2 пайызға ұлғайып, 515,1 млрд теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 100,9 пайыз мөлшерінде қалыптасты. Мал шаруашылығында нақты көлем индексі 105,3 пайыз деңгейіне жетті.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестиция көлемі 31,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 104,4 пайыз ға жоғары.

Барлық түрдегі ет және сүт өндірісінің өсуі тиісінше 105,1 пайыз (126,0 мың тонна) және 106,6 пайызды (297,5 мың тонна) құрады. Жұмыртқа өндірісі 54,5 млн данаға жетті.

Ірі қара малы 772,0 мың басты (өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда  99,7%), ұсақ мал 1 235,8 мың басты (100,9%), жылқы малы  378,6 мың басты (103,2%) құрап, құс саны 1 587,8 мыңға жетті (127,8%).

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 782,1 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,0 мың гектарға артық.

Мемлекет басшысының егіс алқаптарын әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, бидай алқабы 234,1 мың гектарға (308,4 мың га), арпа алқабы 44 мың гектарға дейін төмендетіліп, рентабельділігі жоғары майлы дақылдар алаңы 339,4 мың гектарға, жүгері 8,12 мың гектарға ұлғайтылды. Жем-шөп алаңы 135,1 мың гектарға шоғырланды. Картоп алаңы 1,8 мың гектарды  құрады.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында өңірде күзгі жиын-терім науқаны аяқталды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңынан 348,9 мың тонна астық бастырылды. Майлы дақылдардың жинау алаңы өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде 15,0 ц/га орташа өнімділікпен 509,2 мың тоннадан астам өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.

Жыл басынан 592 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, техника паркі 6,7 пайызға жаңартылды (жоспар – 6,5%).

Су үнемдейтін технологиялармен қамтылған алаң 23,5 мың гектарға жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мың гектарға ұлғайды.

«Кең дала» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы облысымыздағы 202 диқанға 9,5 млрд теңге несие берілді, бұл өткен жылдың несиелендіру көрсеткішінен 4,6 млрд теңгеге артық.

2025 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1,0 млрд теңге бөлінді. Жалпы, 10 аудан бойынша 2,8 млрд теңге сомасына барлығы 326 жоба тізбесі қалыптасып, жобалар ҚР Ұлттық экономика министрлігінде қорғалды.

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының 2031 жылға дейінгі өңірлік инвестициялық жобалар картасы әзірленді. Даму моделі ет кластерін құруды, сүт-тауарлы фермалар салуды, етті құс шаруашылығын дамытуды және суармалы егіншіліктің әлеуетін толық пайдалануды көздейді. Осы бағыттар аясында облыста 85 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде Семей қаласында 23,8 млрд теңгеге 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалар қаладағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, жұмыс орындарының ашылуына және өндіріс көлемінің артуына ықпал етпек.

«Qazaq Astyq Group» ЖШС жылына қуаты 72 мың тонна тазартылған күнбағыс майын өндіретін зауытты 2026 жылдың 1 тоқсанында іске қосады.

2028 жылға дейін жылына 250 мың дана тері өңдейтін «Еastern Рrotein» ЖШС өндірістік нысаны, жылына 36 мың тонна сүтті қайта өңдейтін «Eртіс Өнімдері» ЖШС зауыты іске қосылмақ.

Бұдан бөлек, майлы дақылдарды қайта өңдеуге бағытталған 3 агрожобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Аталған жобалардың іске асырылуы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспорттық бағыттағы өнім өндіруді күшейтеді және Семей қаласын аграрлық өңдеу және логистика орталығы ретінде орнықтырады.

Сонымен қатар 2031 жылға дейін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы суармалы алқаптардың көлемін кемінде 88,2 мың га жеткізу жоспарланған.

Осыған орай, «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағында ирригациялық жүйелер шығаратын зауыт салу бойынша әлеуетті инвесторларды тарту мәселесін пысықтау керек. Бұл облыстың суармалы егін саласындағы тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, аграрлық сектордағы инновациялық жаңғыртуды жеделдетуге бағытталады.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ — ДАМУ НЕГІЗІ

Инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Ең маңыздысы – халықты сапалы жылумен қамтамасыз ету. Биыл облыста жылумен жабдықтау саласын тұрақтандыру және дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілді.     

Жалпы орталықтандырылған жылумен жабдықтау 3 қала мен 5 ауданды қамтиды, онда 183 қазан агрегаты бар 46 жылу көзі жұмыс істейді.

            Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында жылыту маусымына дайындыққа 12,2 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Оның ішінде 3,77 млрд теңге – Үкімет резервінен, 4,3 млрд теңге – республикалық бюджеттен, 4,1 млрд теңге – облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі Семей мен Аягөз қалаларына бағытталды.

            Семей қаласында 12 жылу көзі жаңғыртылып, қазандық және қосалқы жабдықтар ауыстырылды. Бұл жүйенің сенімділігі мен энергия тиімділігін арттырды. Сонымен қатар 13,6 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, толық ауыстырылды.

            Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандықта үш қазан ауыстырылып, жылу көзінің қуаты арттырылды және жылу энергиясының профициті қалыптастырылды. Жылу желілерін салу және ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде, бұл 2026 жылы 1000-нан астам тұрғынды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуға мүмкіндік береді.

            Курчатов қаласында және облыстың бірқатар аудандарында жылу көздері мен желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 59,3 пайыздан 55,6 пайызға, ал Семей қаласында 61,5 пайыздан 58,2 пайызға төмендеді.

            Сонымен қатар көмірмен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды: жалпы қажеттілік 1,1 млн тоннадан асады, халыққа арналған 15 отын сату нүктесінің тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, қорлар қалыптастырылды және көмір жеткізу көлемі ұлғайтылды.

Семей қаласының оң жағалауында жылу тапшылығы бары белгілі (146,99 Гкал).

Бұл мәселені шешу үшін Мемлекет басшысының жаңа жылу электр орталығын салу туралы тікелей тапсырмасы да бар. Мемлекет басшысы 17 желтоқсан күні энергетика саласы қызметкерлерімен кездесуінде: «Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Семейде жылу электр орталығын салу қажет»,- деп атап өтті. Осыған орай, әкімдіктің, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен жобалаушының қатысуымен жедел жұмыс тобы құрылды. Құрылыс алаңы мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталып (сол жағалау, Степной кентінің ауданы), техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында. Жылу қуаты 1000 Гкал, электр қуаты 360 МВт болады.

Құрылыстың 1-ші кезеңін пайдалануға берудің болжамды мерзімі – 2029 жылдың 3-ші тоқсаны. Жоба аясында экологиялық тұрғыдан қолайсыз және қуаттылығы төмен қазандықтар жабылатын болады.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмасы аясында сумен жабдықтау қызметтеріне 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 24,9 млрд теңгеге 33 жоба іске асырылды, оның ішінде

 

15,4 млрд теңгеге 18 жаңа жоба:

Семей қаласы – Нахаловка, Дорожников кенті, Теміржолшылар кенті, Дачная, 2,3 Лодочная көшелері, Макаренко көшесі, Стальская көшесі, 1-ден 12-ге дейінгі проездер, Водная — Клубная — Шлеев көшелері.

Жаңасемей ауданы – Талица ауылы;

Бородулиха ауданы — Переменовка, Ремки ауылдары;

Абай ауданы – Медеу ауылы;

Бесқарағай ауданы — Морозов орман шаруашылығы, Жыланды, Мостик, Кривинка, Башкуль, Малая-Владимировка ауылдары;

Үржар ауданы – Таскескен ауылы;

2024 жылдан ауыспалы 9,5 млрд теңгеге 15 жоба:

Семей қаласы – Бобровка, Березовский кенттері;

Аягөз ауданы – Ай, Қопа, Қорық, Байқошкар ауылдары;

Бесқарағай ауданы — Глуховка ауылы;

Жарма ауданы — Сұлусары ауылы;

Мақаншы ауданы — Бекет, Қабанбай ауылдары;

Үржар ауданы — Егінсу, Барқытбел, Қызылту, Қазымбет, Ер-Қабанбай ауылдары.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, облыс көлемінде халықты сумен қамтамасыз ету үлесі 100 пайызды құрады. Нәтижесінде 38176 адам орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізді.

Жалпы облыстағы 320 ауылдық елді мекеннің 198-і (207 047 тұрғын) орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, 98-і (10 286 адам) кешенді блок-модульдер арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 24 ауылдық елді мекеннің (11 406 тұрғын) халқы жергілікті ауыз сумен қамтамасыз етілген.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

ҚҰБЫР ЖАҢАРУЫ — ТІРШІЛІК ЖАҢҒЫРУЫ

2025 жылы желілердегі тозуды төмендету мақсатында 20,4 млрд теңгеге 19 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 12 ауыспалы жобаға 3 млрд теңге бөлінді (Ұлттық қордан – 2,9 млрд теңге, облыстық бюджеттен — 126,7 млн теңге) және 7 жаңа жобаға 1,5 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 1,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 68,5 млн теңге).

Ағымдағы жылы Жаңасемей ауданының Шаған, Алғабас ауылдарына су беріліп, 1300-дей адам орталықтандырылған  таза ауыз суға қол жеткізді.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде су желілеріндегі тозу деңгейі 44,1 пайыздан 42,2 пайызға төмендетіледі.

Биыл облыста 358 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, оған 19,7  миллиард теңге жұмсалды. Семей қаласында 52 көшеде орта мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 36 көше бұрын-соңды асфальтталмаған. Келесі жылы мұндай көшелер санын екі есеге арттыру жоспарлануда. Бұл жұмыстар алдағы екі-үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ 40 аула асфальтталып, 35 аула абаттандырылды.

Көпірлердің жағдайына келетін болсақ, Семейде төрт жолақты жаңа көпір салу жобасы іске асуда (құны – 46,6 млрд теңге, 2025 жылға дейін игерілгені – 16,8 млрд теңге, 2025 жылға бөлінгені – 10,3 млрд теңге).

Жоба Мемлекет басшысының қолдауымен, Қытай Халық Республикасымен өзара іс-қимыл аясында қайтарымсыз қаржы (грант) есебінен аяқталады. Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қалған құжаттар пысықталуда, қаражат келесі жылы түседі деп жоспарланып отыр. Аспалы көпірдің жолына биыл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Президенттің бастамасымен қабылданған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын облыс аумағында іске асыруға ерекше басымдық беріліп келеді. Мемлекет басшысы: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы қажет», — деп атап өтті. Бұл идея жергілікті тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты. Бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында қазірге дейін облысымызда 14 рет арнайы жиын өткізілді. Нәтижесінде  тазалық пен абаттандыру мәселелеріне қатысты 102 нақты хаттамалық тапсырма берілді.

Жыл басынан бері облыста әр сенбі сайын тазалық акциялары өткізілді. Оған аймағымыздың 350 мыңға жуық тұрғыны қатысып, 182 мың аула, 3 055 саябақ пен сквер, тарихи ескерткіштер аумағы тазартылып, 52 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасын табады.

Халық арасында тазалық мәселесіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту аса маңызды, себебі, сана тазармай, қала тазармайтыны баршамызға белгілі.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ – ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӨЗЕГІ

Облыс тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жалғасуда. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар тұрғын үймен толық қамтылуы қажет. Ол үшін 1 146 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Семей қаласында 319 отбасы қоныс тойын тойлайды (1 желтоқсанға дейін 33 пәтер сатып алынды).

Жалпы, биыл облыста 21,6 мың шаршы метр болатын 4 несиелік тұрғын үй (280 пәтер) пайдалануға берілді. Тағы 13 үйдің құрылысы жүргізілуде (776 пәтер).

Семей қаласында кейінгі үш жылда (2022-2024 жылдары) құрылысы заңға қайшы басталған жалпы 547 үлескері бар 17 көп қабатты коммерциялық тұрғын үйлер анықталған, оның 9-да соттың мәжбүрлеп бұзу туралы шешімдері бар.

Заң бойынша әрбір компания құрылыстың басталғаны хабарлауы керек. Аталған мәселені шешу үшін құрылыстары біткен, алайда бекітілген тәртіппен құжаттары заңдастырылмаған, бірақ пәтерлері толығымен сатылған нысандардағы үлескерлер «пәтер иелері» санатына ауыстырылды.

Құрылысы құжатсыз басталған, қылмыстық іс қозғалған нысандардан пәтер сатып алушылар «өзекті үлескерлер» санатына енгізіліп, сот шешімі арқылы рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бүгінгі күні 229 үлескерлері бар 8 көп қабатты тұрғын үйді заңды рәсімдеу ісінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Облыста тұрғын үй кезегінде 30,7 мың адам тұр, оның ішінде 20,9 мың адам Семей қаласында. (Кезекте тұрғандардың 3 411 адамы көп балалы отбасылар санатына жатады).

Халықты баспанамен қамту мәселесін шешу үшін, қаланың тарихи орталығындағы инфрақұрылымның тозуын, жаңа құрылыс үшін бос алаңдардың тапшылығын ескере келе, әкімшілік-іскерлік орталықты орналастыра отырып, жаңа тұрғын ауданын құру ұсынылды. Бұл Семей қаласындағы якорлық жоба болып, өңірдің өсуі мен урбанистикалық дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналады. Тұрақты жұмыс орындары ашылып, өңірге қомақты инвестиция тартылады.

Баспана кезегін азайтып, халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр.

Мемлекет басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің әр өңірі облысымызға бір-бір нысаннан салып бермек. Сол ғимараттардың негізгі бөлігі жаңа тұрғын ауданында бой көтереді.

Қазір 15 өңір, атап айтқанда Маңғыстау облысы «Достық» үйін, Түркістан облысы Көрме орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы Рәміздер алаңын, Ақтөбе облысы Жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы Үстел теннисі кешенін, Атырау облысы «Абай әлемі» кітапханасын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» ғимаратын, Қостанай облысы Руханият орталығын, Қарағанды облысы Ботаникалық саябақ салуға, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағажайын абаттандыруға, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуға, сондай-ақ Астана қаласы «Келешек» мектебін, Алматы қаласы медиа орталығын, Шымкент қаласы Шығармашылық орталығын салуға жобалық жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп жатыр.

 

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

18 нысанның құрылысы аяқталды

Жалпы, биыл облыста 18 нысанның құрылысы аяқталды. Семейде 18 жастан асқан адамдарға арналған 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме; Бородулиха ауданының Петропавловка ауылындағы спорттық-сауықтыру орталығы; Үржар ауданының Үржар ауылында күніне 50 келушіге арналған амбулаториялық емхананың құрылысы (10 орындық күндізгі ауруханамен); Мақаншы ауылында амбулаториялық емхана үшін аяқталмаған ғимаратты бейімдеу және қайта құру; Мақаншы ауданының Алакөл көлінің жағасында құтқару пунктінің құрылысы; Семейдегі көпфункционалды орталық (оқушылар сарайы); Үржар ауданының Жоғары Егінсу ауылындағы 100 орындық қоғамдық орталық; Мақаншы ауданының Қарабұлақ ауылындағы спорт модулі; Бородулиха ауданы, Камышенка ауылындағы ауыл клубы; Маваншин ауданы, Алакөл көлінің жағасында құтқару бекетінің құрылысы; Аягөз, Мясокомбинат шағын ауданы — 600 оқушыға арналған мектептің құрылысы; Ақсуат ауданы, Аққала ауылында медициналық орталықтың құрылысы; Ақсуат ауданы, Қожагелді ауылында медициналық орталықтың құрылысы; Аягөз аудандық ауруханасының жансақтау бөлімін кеңейту; Көкпекті аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімшесінің кіреберісін қайта құру; Абай ауданы Қарауыл ауылындағы тұрғын үй ғимаратын аумақтық мамандандырылған әлеуметтік қызметтер орталығының ғимаратына бейімдеу; Ұшақтар ауылындағы өрт сөндіру бекеті; Бородулиха ауданы Новопокровка ауылындағы ауыл клубы құрылысы аяқталды.

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС - АЙҚЫН НӘТИЖЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ: ЖАҚСЫ ӨМІРГЕ ҚАДАМ

Мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі – әлеуметтік сала ешқашан назардан тыс қалған емес.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 4 мектеп қолданысқа берілді (Семей қаласының Қарағайлы ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық, Аягөз қаласында 600 орындық).

Семей қаласында Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Апатты мектептер мәселесін шешу үшін Жарма ауданы Суықбұлақ ауылында биыл 100 орындық мектептің құрылысы басталды, Семей қаласындағы №4 және №30 мектептерге қосымша ғимараттар салынып жатыр.

Сонымен қатар биыл 12 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 9 мектеп толық жабдықталып, реновациядан өткізілді.

Облыстың 75 мектебіне 131 кабинет сатып алынды, оның 89-ы – жаңа модификация кабинеттері.

Осы айда 500 орындық көпфункционалды Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Бұл облыс орталығындағы мектеп жасындағы балаларға спорт пен шығармашылық саласында зор мүмкіндік болмақ.

Облыс оқушылары білім, ғылым және спорт салаларындағы халықаралық және республикалық жарыстарда 76 алтын, 108 күміс және 153 қола – барлығы 337 медаль жеңіп алды.

Халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалар мен байқауларда барлығы 186 медаль иеленді, оның 25-сі — алтын, 56-сы — күміс және 105-і – қола медаль. Халықаралық зияткерлік олимпиадаларға 26 оқушы қатысып, олардың 19-ы жүлдегер атанды (3 алтын, 5 күміс, 11 қола).

 

    ХАЛЫҚҚА — САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Халық денсаулығы – өңірдің, жалпы мемлекеттің  дамуына тікелей әсер ететін негізгі көрсеткіш.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында облыс бойынша былтыр – 62, биыл Ақсуат ауданының Қожагелді және Аққала ауылдарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары салынды.

Үржар ауданында күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Сондай-ақ арнайы мемлекеттік қордан 5,6 млрд теңге бөлініп, 3 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Оның ішінде Семей қаласында 18 жастан асқан адамдарға арналған 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме ғимаратының құрылысы аяқталды (құны – 2,6 млрд теңге).

Жалпы, биыл денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,9 млрд теңге бағытталды.

Халыққа сапалы қызмет көрсетуді тежеп отырған мәселенің бірі – жедел медициналық жәрдем көліктерінің тозуы.

Қазір мекеменің («Жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК) балансында 91 санитарлық көлік бар болса, оның 7-уі істен шыққан, 24-і толық тозған. Автопарктің орташа тозу деңгейі – 87 пайыз.

Осы мәселені түпкілікті шешу үшін, облыс бойынша 100 медициналық көлік сатып алуға шешім қабылданды. Бүгінге тиісті рәсімдер жүргізілуде. Келесі жылы Семей қаласына 67 көлік берілетін болады.

            Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Семей қаласында 300 төсек-орындық облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

            2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша облыста жұмыссыздық деңгейі 4,7 % сақталды (жоспар – 4,8%).

2025 жылғы 1 желтоқсанға облыс бойынша 24 864 адам жұмысқа орналастырылды (тұрақты – 16 150, уақытша – 8 714). Жылдық жоспар 108,6%-ға орындалды.

Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 1 648 адам  (тұрақты – 420, уақытша – 1228) жұмысқа орналастырылды, бұл бекітілген жоспардың 97,2%-ы  (жылдық жоспар – 1 695 адам). Субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарына 7 486 адам орналастырылды (немесе жоспардың 112,8% — ы).

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасын іске асыру шеңберінде жаңадан құрылған кәсіпорындарға 9 049 адам жұмысқа орналастырылды. Жылдық жоспар 116,3%-ға орындалды (7 780). Бос жұмыс орындарына 6 476 адам орналастырылды.  Жылдық жоспар 102,6%-ға орындалды.

Бизнес-идеяны іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 204 грант беру жоспарланған болса, жыл басынан бері 205 грант беріліп, жоспар толық орындалды.

«Дипломмен — ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 61 несие берілді, жоспар 61,6%-ға орындалды.

 

508 адам көшіп келді

Облыста Ерікті қоныс аудару бағдарламасы да нәтижелі жүзеге асырылуда.

2025 жылға қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау үшін 499 адамдық квота бекітілген (оның ішінде 255 – қоныс аударушылар, 244 – қандастар).

Жыл басынан квотаға 508 адам (178 отбасы) енгізіліп, жоспар 102% орындалды (оның ішінде 264-і – қоныс аударушылар, 244 – і -қандастар).

Бағдарламаға қатысушылардың ішінде тұрғын үй сатып алу үшін 41 отбасыға 160 094,0 мың теңгеге экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді, тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуге 36 отбасыға 27 732,0 мың теңгеге материалдық көмек және 298 адамға 82 229,0 мың теңгеге көшіп келу үшін субсидиялар төленді.

Сонымен қатар жұмыспен қамту шараларымен 141 адам қамтылды (оның ішінде тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 124 адам, субсидияланатын жұмысқа 2 адам жіберілді, 12 адам жеке кәсіп ашты, 1 адамға грант қаржысы беріліп, кәсіптік оқытуға 2 адам жолданған).

Еңбекке қабілетті жастағы 38 адам түрлі себептермен бесенді шараларға қатысудан бас тартты (оның ішінде 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған 24 ана, денсаулығына байланысты 7 адам және 39 студент бар).

Қалған қоныс аударушыларды жұмыспен қамту бойынша шаралар жүргізілуде.

 

2 667 ОТБАСЫҒА — АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығарудың негізгі тетіктерінің бірі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына атаулы әлеуметтік көмек 1,2 млрд теңгеден астам сомаға 13 563 адамға (2 667 отбасыға) төленді.

Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 892 балаға 153,1 млн теңгеге қосымша ай сайынғы кепілдендірілген көмек берілді (1,5 АЕК – 5898 теңге).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында көп балалы отбасылар басым – 8 256 адам.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл көмек алушылар саны 4 290 адамға (875 отбасына) азайған.

 

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ НАЗАРДА

Президентіміз үнемі айтып жүрген бұқаралық спортты дамытуға да жіті көңіл бөлінді. Жыл басынан бері 3 спорт нысаны қолданысқа берілді.
5 спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Қалған 12 ғимарат салынып жатыр. Оның ішінде Ұшақтар кентіндегі Дене шынықтыру және сауықтыру кешені де бар. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер өзара меморандум арқылы 5 спорт нысанның құрылысын жүргізіп  жатыр.

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында «KazMinerals» ЖШС Семейдегі жаңа ықшам ауданында 25 мың орындық стадион құрылысын бастады. Бұл – семейліктердің көптен күткен жобасы. Жаңа стадион УЕФА стандарттарына сай болады.

Абай облысында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар өңірдің экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына берік негіз қалыптастырып отыр. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, ауыл шаруашылығын жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы бұл жүйелі қадамдар алдағы жылдары да өз нәтижесін береді.

 

Жылды қорытындылай келе, облыс әкімінің адами болмысына да тоқтала кеткен артық болмас… Кадрлық ауыс-түйіс жаппай сипат алған жоқ — өзгеріс тек нақты қажеттілік туындаған салаларда ғана жүргізілді. Ең маңыздысы, бұл үдеріс әлеуметтік әділеттілік қағидаты негізінде жүзеге асты. Бірде-бір маман жұмыссыз қалған жоқ. Берік Уәли бұрын аудан орталығы болған ауылдарға арнайы ба — рып, елдің тұрмыс-тіршілігімен, нақты жағдайымен көзбе-көз та — нысты. Халық арасында іскерлік қарқын қалыптасты. Абай облы — сының әкімі жайлы ел ішіндегі «ұсақ-түйекке бой алдырмайтын, ірі ойлайтын басшы» деген баға да осыдан шықса керек. Өңірде мемлекеттік тілде жиын өткізуге айрықша басымдық бе — ріліп, бұл ұстаным жүйелі сипат алды. Ал әкімнің республикалық дең — гейдегі беделі мен салмағы әр бастамасынан, әр нақты ісінен айқын аңғарылды. Абай облысы үшін 2025 жыл даңғаза есептің емес, нақты жауап — кершіліктің жылы болды. Өңірді басқару тек әкім тағында отыру емес, халықтың сенімінен шығу екенін ісімен дәлелдей білген басшы — ның негізгі ұстанымы да осы болса керек.

Риза АСАНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Жаңалықтар

ОН АЙ: НАҚТЫ ІС — АЙҚЫН НӘТИЖЕ

2 часа бұрын

Нұсқаманың орындалмауы неге әкеледі? Абай облысындағы жағдай

20 часов бұрын

Заңды сақтау – әр азаматтың жеке таңдауы: Абай облысында студенттермен ашық диалог өтті

21 час бұрын

Көкжайықтан Қарабасқа дейін: екі ауданда жаңа өрт сөндіру бекеттері іске қосылды

21 час бұрын

Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ТУРАЛЫ

23 часа бұрын

«Семей» финалда «Ақтөбені» қапы қалдырып, Қазақстан кубогын тағы да алып кетті

1 день бұрын

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

4 дня бұрын

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

4 дня бұрын

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

4 дня бұрын

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС