"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері қалада 120-ға жуық спорттық жарыс өткізіліп, бірнеше жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов мәлімдеді.

Қуат Исажановтың айтуынша, биыл қалада спорттың түрлі түрінен чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктер, турнирлер мен әуесқойлар лигалары ұйымдастырылған. Олардың қатарында футзалдан «Әуесқойлар лигасы», қазақ күресінен «Наурыз батыры», баскетбол мен волейболдан қалалық жарыстар, сондай-ақ «Бірлік жүгірісі» шағын марафоны бар.

— Биыл қала күніне орай бірнеше ірі спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Төртінші жыл қатарынан «SEMEY BATYRY» күштік экстрим жарысы өткізілді. Сонымен қатар алғаш рет «TUNGI RUN SEMEY-2026» түнгі марафоны ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Қоян-қолтық ұрыстан өткен «ARB SEMEY» турниріне Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының спортшылары қатысты, — деді Қуат Исажанов.

Бөлім басшысы спортшылардың облыстық жарыстарға қатысуына да тоқталды. 2026 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес 70-тен астам облыстық жарысқа Семей қаласынан 1100-ге жуық спортшыны жіберу көзделген.

Биыл 17-22 мамыр аралығында Семейде Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындары өтті. Жарысқа облыстың 10 ауданы мен екі қаласының командалары қатысып, спорттың 10 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде Семей қаласының құрамасы 245 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Қала спортшылары халықаралық деңгейдегі жарыстарда да жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, Вадим Чебардаков жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында масс-старт сайысынан алтын медаль жеңіп алды. Ал Анастасия Беловодова командалық спринтте әлем чемпионы атанды.

Спорт саласындағы маңызды бағыттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту. Биыл Водный және Бобровка кенттеріндегі дене шынықтыру кешендері, Ұшақтар кентіндегі дене шынықтыру кешені мен теннис орталығы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Мирный кентінде «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар биыл «Спартак» стадионында UEFA талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Футбол маусымында стадионда «Елімай» футбол клубының Премьер-лига ойындарымен қатар, UEFA Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі кездесуі де өткізілді.

Қазіргі таңда Семей қаласында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты алты спорт мектебі мен екі спорт клубы жұмыс істейді. Онда 6000-нан астам бала мен жасөспірім спорттың түрлі түрімен шұғылданады.

2026 жылы қала тұрғындарының арасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар үлесін 44,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жаңа спорт нысандарын ашу және бұқаралық спорттық іс-шараларды көбейту арқылы жүзеге асырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

2 минуты бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 минут бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

22 минуты бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

28 минут бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

21 час бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС