"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ САУАТТЫЛЫҚ КЕРЕК

17.05.2016
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жер мәселесі — ежелден бері өзекті тақырып. Әсіресе бүгінгі күні еліміздегі ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы түрлі реформаларға байланысты маңыздылығы тіптен артып отыр. Осы орайда,  Жер кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты қарапайым тұрғындар арасында түрлі толғақты сауалдар туындауда. Тіпті кейбір түсінбестік салдары қауесетке ұласып, қоғамымызда наразы пікірлер де қалыптастыруда. Әрине, оған елі мен жерінің жанашыры саналар азаматтардың аталмыш жаңа реформалар мен заңнамалар жайлы толыққанды сауатының болмауы себеп. «Нақты мағлұмат болмаған жерде, болжамға жол ашылады, ал он болжамның тоғызы қате» деген философиялық пайымға сүйенер болсақ, заң талабынан хабарсыз кейбір жандардың ауылшаруашылық жерлерін сату мен жалға беруге қатысты мәліметі — негізсіз. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуовтен сұхбат алған едік.

— Сүлеймен Медеуұлы, алдымен ҚР Жер кодексіне жаңадан енгізілген өзгертулер мен толықтырулар қатарына тоқтала кетсеңіз.

— Өткен жылдың қазан айында ҚР Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл кодекс 2003 жылдан бері қолданыста. Жалпы, соңғы енгізілген өзгертулерге байланысты жұртшылық арасында түсінбеушілік көп. Осыған дейінгі заңнама бойынша, шетел азаматтары мен шетел компанияларына жер жалға тек 10 жылға ғана берілетін-ді. Ал өз еліміздің азаматтарына 10-нан 49 жылға дейінгі аралықта беру көзделген-ді. Өткен жылдың қараша айында аталмыш заңнама қайта қаралып, толықтырылды. Атап айтсақ, шетелдіктерге 25 жылға жалға беру жайында өзгеріс енгізілді. Айта кетерлігі сол, осы 10 жыл ішінде, мәселен, бір ғана Семей өңірі бойынша бірде-бір шетелдік инвестор жерді жалға алуға ынта танытпады. Осы арада неге деген заңды сауал туындайды. Себебі 10 жыл — тым аз мерзім. Осы он жыл ішінде инвестор өзі салған қаражатын өтей алмайды.  Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы табиғи факторларға тәуелді, көп салымды қажет ететін сала болып табылады және оның өндірісі маусымдық сипатқа ие. Өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы — жермен жұмыс істеу оған салынған қаржы салымдарының орнын аз толтырады және алғашқы 10-15 жыл оған жұмсалған шығындарды ақтауға кетеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерінің жалға берілу мерзімі 25 жылға дейін деп белгіленді. Ал шетелдіктерге жердің бірде-бір сантиметрі сатылмайды. Бұл туралы Жер кодексінде тайға таңба басқандай айқын көрсетілген. Жер тек өзіміздің елдің азаматтарына ғана жалға немесе жекеменшікке беріледі.

— Семей өңірі бойынша сатылымға немесе жалға беруге қойылатын жер телімдері туралы айта кетсеңіз.

— Өңіріміздегі егін шаруашылығына жарамды суармалы бос жатқан жердің көлемі 4 мың гектарды құрайды. Оның тек мың гектарын конкурс арқылы жалға беруге даярлық жасап жатырмыз. Ол аумақ Новобаженово ауылдық округіне қарайды. Қазіргі таңда тиісті құжаттамалар әзірленуде. Су қоймасына жақын, Ертіс өзенінен шамамен 7 шақырымдай болады. Аталмыш аумақтың экономикалық тиімділігі мұқият зерттелінген. Алайда, айта кетерлігі сол, мың гектар болатын бұл алапты игеруге 1 млрд. теңге кетеді.  Атап айтсақ, электрлендіру, өзеннен су тарту үшін жаңа техникалық құрылғылар алу, насостық станция, су құбырлары, ауылшаруашылық машиналарын сатып алу сынды бірқатар мәселелер бар. Мәселен, бір ғана жаңбырлатқыш машина, монтаждау жұмыстарын есептемегенде, шамамен 500 млн. тұрады екен. Оның сыртында егістікке қажетті тыңайтқыштар алу қажет. Себебі аталмыш жердің балдық бонитеті өте төмен. Осының барлығын ескере келсек, аталмыш аумақты игеруге мол қаржы, көлемді шығын кетеді. Яғни, осыдан келіп, тағы да айтып өткен жөн, жалға беру мерзімін 25 жылға ұзартудың қажеттілігін түсінуге болады. Әрбір шетелдік инвестор өз салымын жоқ дегенде 10 немесе 15 жыл ішінде өтеп алуы керек. Осы арада тағы да қайталап айтамын: жер шетелдіктерге мүлде сатылмайды.

— Ал шетелдіктер жалға алған жердегі жұмыс күші мәселесі қалай шешілмек?

— Орынды сауал. Шетелдіктер жалға алған жерлердегі жұмыс күші мәселесі ҚР Заңнамасы негізінде жүргізілетін болады. Яғни заңмен бақыланады. Мәселен, әр мың гектарға 40 адамнан жұмыс істеуі қажет десек, механизаторлар мен тракторшылар, агрономдар мен гидротехниктер сынды кәсіби мамандар өзімізде де молынан табылады. Бұл орайда алаңдауға еш негіз жоқ. Демек, шетелдік компания жалға алған жерлерді өзге мемлекет азаматтары басып кетеді деген түсінік мүлде қате.

— Жердің пайдаланылуын бақылау шараларына тоқталсаңыз…

— Бірден айтайық, ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді тиімді пайдалану ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелері» арқылы реттеледі. Ал аталмыш мақсаттағы жерлерді ұтымсыз пайдалану деректері жерлерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға жерді алып қоюға дейінгі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады. Нақтырақ айтсақ, шетелдіктерге жалға берілген жерлерге әр бес жыл сайын сараптамалық тексеру жүргізіледі. Яғни топырақ құрамындағы микроэлементтер, азот пен фосфор және гумус тексеріледі. Жер құнарлылығының азаюына жол берілмейді. Сонымен қатар химиялық тыңайтқыштар мен гербицид көлеміне де қарайтын боламыз. Егістік зиянкестерімен күрес жүргізу барысы да назарда болады.

-Мәселен, жер шетелдіктерге жалға берілді делік. Өзге мемлекеттің азаматтары ол жерді басқа мақсаттарда пайдалана ала ма?

— Жоқ! Оған жол берілмейді. Жерді жалға алушы шетелдік инвестор ол алқапты тек ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында ғана пайдалана алады. Мәселен, көкөніс түрлерін өсіріп, баптай алады. Сондай-ақ өнім өңдей алады. Атап айтсақ, мал өсіріп, сүт өндіруге мүмкіндігі бар. Жалпы, шетелдіктердің жалға алу мәселесінің өзі ауқымды процесті қамтиды. Егер ынта танытқандар болса, өтініштерін қарап, толық тексеріп шыққан кейін облыстық әкімдікке жібереміз. Олар өз тараптарынан қарап шыққан соң, егер келісім берсе, әрине, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Яғни инвестордың мақсат-мүддесі, тіпті қаржылық әлеуеті де толық тексеріледі.

— Жерді өз меншігіне алған отандастарымыз оны соңынан шетелдіктерге сатып жібере ала ма?

-Жоқ! Оған жол берілмейді және Заң бойынша мұндай шараға тыйым салынған. Егер осындай келіссөз жүргізілетін болса, нотариус қызметі бойынша рәсімделінбейді. Сондай-ақ әділет органдары ондай сауданы заңдастырмайды. Тағы да тоқтала кетейін: шетелдік азаматтар жерімізді сатып ала алмайды.

— Отандық кәсіпкерлердің жерді сатып алудағы мүмкіндіктері қандай?

— Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер қазақстандықтарға 49 жылға жалға беріледі. Егер жалға алушы жалға алған жер телімін сатып алғысы келсе, онда ол бұл жерді сатып алуға ең бірінші кезекте құқылы болады. Мұндайда жерді сату аукционсыз – жеңілдікпен (50%-ға) және оның құнын 10 жылға бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Алайда бұған жерді жалға алушы оны өз мақсатында пайдаланса ғана жол беріледі.

-Елбасының Жарлығымен Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жарияланғаны белгілі. Ендігі аралықта жүргізілетін жұмыстар қандай?

— Иә, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде Сенат және Мәжiлiс депутаттары, Үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар. Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi қамтылған. Бұл жер мәселесіне алаңдайтын азаматтардың ынтымақтасқанын айғақтайды. Сондай-ақ комиссия мүшелерi өңiрлерге баруды да жоспарлап отыр. Демек, жер мәселесінде жұртшылықтың талап-тілегі де ескеріледі деген сөз.

Сұхбаттасқан Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы».

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 день бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

5 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС