"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛТАЙДЫҢ» АЛАР АСУЫ АЛДА

20.05.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов футболдан ҚР—ның бірінші лигасында шығыстың намысын қорғап жүрген «Алтай» командасымен кездесті. Айта кету керек, Өскемен қаласының «Восток» және Семейдің «Спартак» командалары біріктіріліп, биылдан бастап «Алтай» командасы ШҚО – ның намысын қорғауда.

Қала әкімімен кездесуге «Алтай» ФК-ның бас директоры Сержан Шайжүнісов бастаған команда ойыншылары толық құрамда келді. Ең алдымен клуб жетекшісі қала әкімін команданың ұжымымен жақынырақ таныстырды. Белгілі болғандай, алтайлықтарды кезінде Қазақстан ұлттық құрамасының сапында қорғаушы міндетін атқарған Сергей Тимофеев жаттықтырады екен. Ал команда капитаны болып еліміздің әйгілі ойыншыларының бірі Андрей Карпович тағайындалыпты.

— Ойыншылардың алдында қарызымыз жоқ. Бүгінде команда турнир кестесінде 4-ші орында. Алдағы уақытта Премьер-лигаға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Аймақ басшысы Даниал Ахметовке алғысымыз зор. Семей қаласы әкімдігінің де қолдауын сезіп отырмыз. Біздегі аяқдоп шеберлері қаржылай пайдадан гөрі, аймақтың намысын лайықты қорғауды бірінші кезекке қойып отыр,- деді С.Шайжүнісов.

Ал команда капитаны Андрей Карпович ойыншылар өздеріне артылған үмітті ақтау үшін жасыл алаңда аянып қалмайтынын жеткізіп, қала басшысына команданың жейдесі мен футболшылардың қолтаңбасы жазылған допты сыйға тартты. Өз кезегінде Ермак Бидахметұлы футбол ойыны Семей үшін әрқашан да айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, алдағы кездесулерде сәттілік тіледі.

— Семей Қазақстан футболының отаны екені белгілі. Аяқдоппен айналысатын жастардың саны күн санап артып келеді. Сіздердің Өскемендегі алғашқы кездесулеріңізге қаламыздан қалың жанкүйерлер легі аттанған болатын. Бүгінде волейбол спортынан өнер көрсетіп жүрген «Алтай» клубы шығысқазақстандықтарды өздерінің жарқын жеңістерімен қуантып келеді. Бұл ретте біз сіздерден де осындай жеңістер күтеміз. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы сіздердің алдарыңызға биік мақсаттар қойып отырғанынан жақсы хабардармыз және облыс басшысының қолдауымен аймақ футболының екінші демі ашылып отыр десем, қателеспеймін,- деді қала әкімі өз сөзінде.

Айта кету керек, «Алтай» ФК-ның құрамында 12 семейлік футболшы бар. Турнир кестесіне сәйкес, алдағы кездесу «Екібастұз» командасымен өтеді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 час бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

2 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

3 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС