"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮНШЫҒЫС ЕЛІМЕН КҮНШУАҚТЫ БАЙЛАНЫС

20.05.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылы Жапония Үкіметінің «Шөп тамыры» атты әлеуметтік жобаларды қаржылық қолдау бағдарламасы аясында қаладағы №29 орта мектепте тозығы жеткен ескі терезелерді жаңасына ауыстыру жұмыстары қолға алынған болатын. Міне, араға бір жыл салғаннан кейін, қажетті жөндеу жұмыстары соңына жетіп, білім ордасына заманауи пластикалық терезелер орнатылды. Осыған байланысты аптаның сәрсенбісінде аталмыш мектепте арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Оған Жапон мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата және Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова арнайы қатысты.

Күншығыс елінің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында Қазақстанда көптеген игі істер атқарылуда. Мәселен, 1997 жылдан бері аталмыш бағдарлама бойынша елімізде түрлі саланы қамтитын 80-ге тарта жоба іске асыпты. Оның 12 жобасы Семейде сәтті орындалған екен. Солардың бірі осы №29 орта мектептің ескі терезелерін жаңасына ауыстыру еді. Бүгінде білім шаңырағы жапондықтардың қолдауымен пластикалық үлгідегі заман талабына сай терезелерге ие болып, мектептің көркі ажарлана түскен.

— «Шөп тамыры» — адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін шағын көлемдегі қайтарымсыз әлеуметтік бағдарлама. Ол халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін жобаларды қолдауға бағытталған. Осы жоба арқылы Семейдегі жалпы орта білім беру мекемесінің терезелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп ұжымы қысқы маусымда оқу барысын жылы кабинеттерде өткізгендерін жеткізді. Бұл — біз үшін қуантарлық жаңалық. Өскелең ұрпақтың білім алуына ешқандай кедергілер туындамауы тиіс. Қымбатты оқушылар! Енді сіздер сабақтарыңызды жақсы оқып, келешекте өз елдеріңіздің абыройын арттыруға бар күштеріңіз бен білімдеріңізді жұмсауларыңыз қажет,- деп жылы лебізін арнаған Жапон елінің елшісі Итиро Кавабата мектеп оқушыларына күншығыс елі жайлы сыр шертетін арнайы бірнеше журналды сыйға тартты.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктің атынан сөз алған қала әкімінің орынбасары Н.Шарова қос мемлекет арасындағы байланыстың тамыры тереңде жатқанын тілге тиек етіп, осы бағыттағы әріптестік ынтымақтастық әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.

— Еліміздің рухани астанасы болып саналатын қасиетті Семей жеріне қош келдіңіз! Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Жапон мемлекетімен жақсы қарым-қатынас орнатып, түрлі бағытта бірлесе жұмыс істеп келеді. Біздің қаламыз бен күншығыс елін тарихымыздың ақтаңдақ кезеңдері де байланыстыратыны белгілі. Ол — ядролық қаруға қатысты бірқатар мәселелер. Бұл ретте сіздердің жылдар бойы жинақтаған тәжірибелеріңіз бен озық жобаларыңыз өңіріміздегі бірқатар әлеуметтік сұрақтарды шешуге оң ықпалын тигізуде. Сол себепті сіздерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз,- деді қала әкімінің орынбасары.

Шара барысында мәртебелі меймандар қос елдің достық ынтымақтастығын бекіте түсу үшін арнайы ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ мектеп оқушылары шетелдік қонақтарға өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

04.11.2026
Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында су ресурстарының тапшылығын болдырмау және...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

04.11.2026
Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

Адам денсаулығы – қоғамның әл-ауқаты мен ел дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан медициналық көмекке қол жеткізу және денсаулықты қорғау мәселесі...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

04.11.2026
Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптары, валюталық түсімді...

Толығырақ...Details

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

1 час бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

2 часа бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

3 часа бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

1 день бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

1 день бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

1 день бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС