"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОРОДУЛИХА ДИҚАНДАРЫ: ӨЗГЕРІСКЕ ОҢ КӨЗҚАРАС

24.05.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтар арасында резонанс туғызған Жер кодексінің бірқатар заң нормаларына келер жылға дейін мораторий жариялағаны белгілі. Елбасы аталмыш Заң жобасына қатысты тиісті ақпараттың жұртшылыққа дұрыс жеткізілмей жатқандығын сынға алып, осы бағыттағы олқылықтарды түзету мақсатында Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осы ретте  ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдерін жалға беру мен сатуға байланысты түсіндіру жұмыстары өңірлерде қалай атқарылып жатыр деген заңды сауал туындайтыны анық. Оқырмандар назарына Бородулиха ауданы жер қатынастар бөлімінің басшысы Зәуре Қожахметовамен өрбіген сұхбатты ұсынып отырмыз.

— Зәуре Сағидоллақызы, белгілі болғандай, Мемлекет басшысы қоғамда резонанс тудырған Жер Кодексіне қатысты бірқатар заң нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған еді. Ең алдымен осы туралы кеңірек айтып берсеңіз.

— Ағымдағы айдың 6 күні Мемлекет басшысы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес, 2016 жылдың соңына дейін мыналарға:

1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қараша-дағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жекеменшік құқығын беруге мораторий жарияланып отыр.

Осы саладағы өзгерістер қазіргі таңда көптеген шаруа қожалық иелерін екі ұдайы ойға салып отырғаны жасырын емес. Сондықтан да бұл мораторий кезеңін сәтті пайдаланып, аталмыш реформаның оңтайлы тұстарын халыққа дұрыс жеткізе білуіміз қажет. Мәселен, біздің ауданымызда 433 шаруа қожалығы, 26 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 1 ауылшаруашылық кооперативі тіркелген. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, ауданда ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 462636, 6 гектарды құрауда. Оның 342733, 6 гектары егістік болса, 104730, 0 гектары жайылымдық және 8253, 0 гектары шабындық жерлер болып табылады. Бүгінде ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жерді жекеменшікке сатып алуға байланысты қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Нақтырақ айтқанда, заңды тұлғалар тарапынан біздің бөлімге 15-ке тарта өтініш келіп түсті. Олардан шаруа қожалық өкілдері де қалыс қалмай, белсенділік таныту үстінде. Қорыта келгенде, Бородулиха тұрғындары осы Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды оң көзқараспен қабылдап, оны бір ауыздан қуаттап отыр.

— Жерді жекеменшікке сатып алудың жолдарын түсіндіріп берсеңіз. Сондай—ақ отандық фермерлерге оған қол жеткізу үшін қандай да бір жеңілдіктер беріле ме?

— Ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері тек Қазақстан азаматтарына ғана жекеменшікке сатылатынын ескерген жөн. Егер де диқан жалға алған жерін жекеменшікке аударғысы келсе, онда сол жерді сатып алу құқығы ең бірінші кезекте соған беріледі. Мұндай сәтте жерді сату жеңілдікпен 50%-ға әрі оның құнын 10 жылға бөліп төлеу рәсімімен жүргізіледі. Өзге мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-ның ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері мүлдем сатылмайды. Мұның барлығы ҚР Жер кодексінің 24-бабында нақты көрсетілген. Оған ел Үкіметі заңмен тыйым салып отыр. Бұл мәселеге қатысты шынайы ақпаратты халыққа жеткізу үшін арнайы жұмыс тобын құрған болатынбыз. Аудандағы әр ауылдық округтерге барып шаруалармен кездесу ұйымдастырып келеміз. Жердің қадірін жақсы түсінетін біздің фермерлер бұл реформаны толық қолдап отыр десем, қателеспеймін. Себебі олар жаңа норманың ұтымды тұстарын бірден байқады. Бұған қоса қарапайым халықтың тарапынан да осы Заң жобасына деген қызығушылық артып келеді.

— Бородулиха ауданы Шығыс Қазақстандағы ең ірі аграрлық өңірлердің бірі болып саналады. Қазіргі күнде шетелдік инвесторлар тарапынан сіздерге қандай да бір өтініш келіп түскен жоқ па?

— Шет мемлекеттің азаматтары мен жарғылық капиталында шетелдік компанияның үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалардан бүгінге дейін бірде-бір өтініш түскен емес.

— Мораторий аяқталған соң, қандай жоспарларды қолға алуды көздеп отырсыздар?

— Келесі жылы ауылшаруашылық мақсатына арналған 5 жер телімі бойынша аукцион өткізбек ойымыз бар. Саудаға шығарылатын жердің жалпы көлемі бір жарым мың гектарды құрайды. Оның ішінде 1 300 гектары егістік және 200 гектары жайылымдық алқаптар. Біздің есебімізге сәйкес, аукционнан мемлекет қазынасына 35 млн. теңге қаржы түсуі ықтимал.

— Инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау қажет екені белгілі. Аудандағы топырақ құнарлығының деңгейіне тоқталып өтсеңіз.

— Өңіріміздегі жердің ең жоғарғы бонитеті 49 балға дейін барады. Бірақ, жер телімінің сапасынан бөлек, басқа да маңызды факторлар бар. Оған аумақтың сумен қамтылуы, қызмет көрсету орталығының қашықтығы және өзге де бірқатар мәселелерді жатқызуға болады.

— Зәуре Сағидоллақызы, уақыт—тың тығыздығына қарамастан, сұхбат бергеніңізге үлкен алғысы—мызды білдіреміз.

— Сіздерге де өз тарапымнан ризашылығымды айтамын. Ең бастысы, қалың оқырманға дұрыс әрі шынайы ақпарат жетсе болғаны.

Сұхбаттасқан Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы».

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

4 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС