"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЖАЛДЫҢ АЛТЫНЫ ЖАҢАША ИГЕРІЛМЕК

24.05.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қойнауы кенге толы Жарма ауданындағы Ақжал кенішінің бай қоры көп жылдар бойы ел игілігіне жарап келеді. Бүгінгі таңда бағалы шикізат өз шектеуіне жетіп, өткен ғасырда алтынымен аты шыққан Ақжалдың ажары бүгінде айтарлықтай емес. Бұл өз кезегінде жергілікті ауылдың әлеуметтік ахуалына  әсерін тигізіп, кеншілер ауылы қайласын тасқа соғып, іргесі сиреп отырған жайы бар.

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов, тау-кен саласының маманы ретінде, кенді өлкенің өрісін кеңейтуге көп мән беріп келеді. Бұл іс нәтижесіз емес. Жергілікті кәсіпорын үлкен жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Осының негізінде апта басында аудан әкімінің төрағалығымен аудандық Үдемелі индустриялық — инновациялық дамуды үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, мұнда «АС Горняк» ЖШС-нің көміртекті кеннен алтын — күміс ерітіндісін өндіретін тәжірибелік металлургиялық зауыт салу жобасы таныстырылды. Тәжірибелік зауыт жылына 250 тонна кенді өңдейтін болады. Нұрлан Бәтташұлы кеңес отырысын аша отырып, тәжірибелік жұмыс алаңының маңыздылығына тоқталды.

— Бүгінгі таңда елімізде Үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асуда. Оны іске асыру Мемлекет басшысының айрықша назарында. Жарма ауданында Үдемелі индустриялық — инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тиісінше жұмыстар жүргізілуде. Егер облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 76 жоба құрылған болса, оның үшеуі біздің өңірден. Яғни оған «Қазақцемент» ЖШС, «Бақыршық кен-байыту кәсіпорны» ЖШС және «Теньши» ЖШС жобалары енген болатын. Үстіміздегі жылы Индустриялық картаға енуге Ақжал ауылындағы «АС Горняк» ЖШС тәжірибелік зауытына ұсыныс білдіріп отыр.  Бұл орын толық іске көшсе, ауданның экономикалық ахуалына өз әсерін тигізе отырып, Ақжал ауылының да әлеуетін жақсартары сөзсіз,- деді Нұрлан Бәтташұлы.

Сөз алған «АС Горняк» ЖШС-нің менеджері Әнуар Бейісов жұмыс жобасымен кеңес мүшелерін жақын таныстырып, негізгі мақсатын жіктеп берді. «Алтын қалба» атауымен  бастау алғалы отырған ауқымды жоба үстіміздегі жылы құрылыс жұмыстарын бастап, 2020 жылы алғашқы өнімдерін өндірмек. Жобаның жалпы құны шамамен 8 миллиард теңгені құрап, кәсіпорын жұмысты өз қаражатына жүзеге асырады. Яғни, тәжірибелік зауыт толық қуатына енсе, жылына шамамен мың келіге жуық алтын өндіретін болады.                                                                                                                                          – Елімізде алтынға бай кен орындары көп. Бірақ кен негізінде күшала құрамы болғандықтан, экологиялық тұрғыда бұл зиянды заттан арылту жұмысы көптеген кәсіпорындардың технологиясында жоқтың қасы. Осының салдарынан кендер игерусіз қалып жатыр. Осы күрделі істі «ВНИИЦвет» ЖШС мамандары қолға алып, кен құрамынан күшаланы бөліп алу технологиясын жүзеге асырды. Бөлініп алынған күшала арнайы орындарда күйдіріліп, залалсыздандырылады. Яғни, жаңа тәжірибелік зауыт осы озық технологияны игере отырып, өнім өндіреді. Мұнда қауіпсіздік шараларына барынша көңіл бөлінген,- деді кәсіпорын өкілі Әнуар Бейісов.

Маманның сөзіне сүйенетін болсақ, құрамында күшаласы бар кен жаңа технологиямен салынатын зауыттан қайта өңделетін болады. Яғни, игерусіз жатқан кен құрамы тазартылып, байытылып, алтыны бөлініп алынбақ. Ал күшала арнайы пештердің көмегімен толығымен залалсыздандырылады. Төрт жылға жобаланған құрылыс жұмыстарына шамамен 200-ге жуық адам тартылатын болса,  зауыт іске қосылысымен, 450–ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл кеншілер орналасқан Ақжалға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Комиссия мүшелері жобаға қа-тысты бірқатар өздерін толғандырған сауалдарын қарастырды. Яғни зауыт жұмысына қажетті шикізат көлемінің қанша мерзімге жеткілікті болатыны және бөлініп алынатын зиянды күшаланы жою мәселесі төңірегінде сөз болды. Кәсіпорын өкілі барлық зерттеу жұмыстарының қорытындысы шығарылып, 15 жылға жететін 15 тонна алтын қоры бары нақтыланғандығын жеткізді. Ал зиянды затты Семей қаласының «Балапан» учаскесіндегі зиянды қалдықтар полигонына орналастыру жөнінде келісім жұмыстарын жүргізу көзделіп отырғандығын айтты. Жиында Ақжал ауылының әлеуметтік ахуалына ден қою жайында да бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың ішінде жас мамандарды кәсіпорын есебінен оқытып, даярлау жайы да талқыланды. Мамандар айтылған ұсыныстарды толығымен құптап, жоба өз күшіне енгенде, келісім жалғастық табатынына сенім білдірді.

Игерілусіз кенге ие табылып, игілікке жаратуды көздейтін заманауи әрі экологиялық тұрғыда барлық қауіпсіздік шаралары толығымен ескерілген зауыт жобасы кеңес мүшелерімен кеңінен талқыланып, бір ауыздан мақұлданды. Ендігі кезекте аталмыш жоба облыстық үйлестіру кеңесі мүшелерінің ой елегінен өтпек.

Жалпы, кенді өлкеде келелі істердің жүзеге асатын уақыты алда деп айтуға болады. Соңғы деректерге сүйенер болсақ, Жарма ауданында кен игеруге сұраныс білдіргендердің қатары көп. Ресми құжатқа сәйкес, қазіргі уақытта аудан аумағында он үлкен кәсіпорын кен қорын іздестіру жұмыстарын кешенді жүргізіп жатыр. Олардың басым бөлігі алтын өндіруді көздесе, тіпті арасында бағалы және жартылай бағалы тастарды зерттеп жатқандары да бар. Бүгінгі таңдағы Жарма өңіріндегі жаңа талпыныстарға қарап өнеркәсіптің кең өріс алып келе жатқанын аңғаруға болады.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

4 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС