"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

17.06.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде медициналық қызметкерлер арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған кең көлемді акция басталды. Бұл ауқымды шара өз кезегінде Семей қаласында да жүргізілетін болады. Атап айтсақ, апта сәрсенбісінде қаламыздағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының мәжіліс залында аталмыш тақырыпты арқау еткен сала мамандарының басқосуы өтті. Құрамында денсаулық сақтау жүйесінің алдыңғы қатарлы мамандары мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары бар арнайы топ жиын барысында мәселеге орай түсінік берді.

Айта кетейік, елімізде үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар алдағы уақытта мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер  жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлемек. Ал мемлекет азаматтарды кепілдік берілген тегін медициналық көмектің әрі қарай қамсыздандырылуын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді. Міне, аталмыш жиын барысында осындай тақырыптағы мәселелер жан-жақты қозғалып, кеңінен сөз болды. Алғашқы болып көпшілік алдында сөз алған «Республикалық Медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма басшысы Мақсұт Құлжанов қазіргі таңдағы еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жалпы ахуал, халықтың салауатты өмір салтын ұстану деңгейі жайында тұшымды сөз қозғап өтті. Сонымен қатар өз кезегінде МӘМС жүйесінің қағидалары, медициналық сақтандыруды енгізу кезеңдері мен оның ұтымды жақтары туралы тұрғындар мен жұмыс берушілерге түсіндіру жайына да тоқталды. Бұл тараптағы мәселенің жалпы ахуалына тоқталар болсақ, ескере кетер бірнеше жайт бар. Мәселен, азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етілген амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады. Жаңа жүйе аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілмек. Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады. Яғни, жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуді бастайды. Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7%-ын құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі келергі жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады. Ал мұның өзі халықтың жаңа жүйеге үйренісіп, аталмыш бағыттағы жұмыстардың біртіндеп қалыптасып кетуіне ыңғайлы жағдай туғызатыны анық.

Жалпы, жиын барысында сөз болғандай, ескере кетер тағы бір жайт, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның ішіндегі 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобы, сонымен қатар әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мамандары да бар. Ал халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жатады. Сөз орайында айта кету керек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі төленетін жарна көлеміне ешқандай тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақтылы әрі үнемі төленіп тұруы тиіс. Ал еліміздегі қолданыстағы тәжірибеге сай, қорға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, аталмыш жаңа жүйе енгізілгеннен соң, еліміздегі медициналық қызмет көрсету деңгейі айтарлықтай өсетін болады. Сонымен қатар,  дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі де арта түседі. Ал ауруханалар жоғарғы санатты, заманауи үлгідегі жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. Яғни, бір ауыз сөзбен қорыта айтқанда, еліміздегі медициналық салаға енгізіліп жатқан жаңа жүйе әр азаматқа уақытында тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда, өз қаржысын жұмсамай ем алуына толыққанды мүмкіндік береді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

21.05.2026
Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абай облысының музейлерінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. Шара өңірдегі музейлерде бір мезетте...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

21.05.2026
Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

Semeytany.kz – Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдегі инвестициялық...

Толығырақ...Details

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

21.05.2026
Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі басталды. Іс-шараны Абай облысының ішкі саясат басқармасы тапсырыспен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы»...

Толығырақ...Details

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

21.05.2026
Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Бұл — еліміз үшін мән-маңызы айрықша...

Толығырақ...Details

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

21.05.2026
Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл...

Толығырақ...Details

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

21.05.2026
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

4 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

4 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

4 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

4 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

4 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

4 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

4 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

6 дней бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

6 дней бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС