"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛАШ» ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

31.03.2017
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы қарсаңында Абай атындағы әмбебап кітапхана «Алаш» электронды кітапханасын жасап шығарды. Тұсаукесерге алаштанушылар, зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар мен ЖОО, колледждер мен мектептердің тарих, әдебиет пәнінің ұстаздары және студенттер қатысты.

«Алаш» (http://alash.semeylib.kz) деп аталатын электронды кітапханада Алаш қайраткерлерінің мұраларына қатысты барлық мәліметтердің қазақ және орыс тілдеріндегі сандық нұсқасы берілген. Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы туралы деректер қоры еліміздегі және шетелдердегі кітапханалар мен архивтерден, музейлер мен жеке авторлардың қорынан топтастырылып жинақталған. Еліміздегі республикалық және облыстық кітапханалар мен мұражайлардан, сондай-ақ Бішкек, Қазан қалаларындағы мемлекеттік архивтер қорынан алынған деректер құндылығымен ерекшеленеді.

— Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында цифрлық индустрияны дамыту қажеттігін айтып, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылдары кітапхана саласын ақпараттандыруға, мәдени мұраны цифрландыруға және оған қолжетімділікті арттыруға баса назар аударылуда. Біз, Абай атындағы әмбебап кітапхана, еліміздегі мемлекеттік бағдарламаны дамытуға атсалысу мақсатында Алашорданың 100 жылдығы қарсаңында Алаш қайраткерлерінің рухына тағзым ретінде халық игілігіне жарарлық  «Алаш» электрондық кітапханасы жобасын жасадық. Жобаны жүзеге асыруға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, облыстық кітапханалар мен мұражайлар, мұрағаттар, Бішкек және Қазан қалаларындағы мемлекеттік архивтер қолдау көрсетті. Барлығы 10 кітапхана, оның ішінде 3 жоғары оқу орнының кітапханалары, 17 мұражай, 8 мұрағат осы жобаны іске асыруға серіктес болды,- дейді Абай атындағы әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева.

Интернет пайдаланушыларының назарына ұсынылып отырған электронды кітапхана қорының басым көпшілігін әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың көшірмелері құрайды. Алаш қайраткерлері туралы барлығы отыз төрт құнды құжаттар әзірленген. Электронды кітапхана жобасын жүзеге асыру барысында  әуелі кітапхананың сирек қорында сақталып келген,  Алаш қайраткерлерінің көзі тірісінде Мәскеуде, Орынборда, Қызылордада жарық көрген мұралары мен Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жарық көрген мақалаларының тізімі жасалған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарияланған еңбектері мен бүгінгі алаштанушы ғалымдардың зерттеулері де назардан тыс қалған жоқ. Кітапхана ұжымы тізімде жоқ кітаптар мен материалдарға еліміздегі және шетелдегі бірқатар кітапханалар мен мұражайларға, мұрағаттарға  хат жолдау арқылы қол жеткізген.  Нәтижесінде еліміздің 10 кітапханасынан 83 кітап пен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, 18 мұражайдан 196 түрлі құжат пен басылымдардың көшірмесі, 6 мұрағаттан 66 құжаттың көшірмесі алынып, Қырғызстан, Татарстан Республикаларындағы мемлекеттік архивтер  де Алаш қайраткерлеріне байланысты құжаттар мен кітаптарды ұсынған.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, М.Қозыбаев атындағы тарих және саяси-әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімов, «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай, тарихшы-журналист, алаштанушы Мұратбек Кенемолдиндер өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ  «Дариға-ай» жастар театрының  әртістері «Алаш» тақырыбына арналған сахналық қойылым қойды. Жиын соңында кітапхана қызметкерлері электронды кітапхананы  пайдалану тәртібін түсіндіріп, бөлімдерімен жан-жақты таныстырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС