"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЖОБА СӘТІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

20.02.2014
ЖАҢА ЖОБА СӘТІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сәрсенбі күні қалалық сот мекемесінде прокуратура, облыстың нотариалдық палатасы мен қалалық әкімдік бөлімдерінің өкілдері және банк құрылымдарының заңгерлері, сонымен қатар, сенімхат бойынша өкілдердің және қалалық соттың төрағасы мен судьялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда қалалық соттағы сот өндірісінде жаңа үрдістің қолданылу барысы жайлы сөз болды. Қалалық соттың төрағасы Ақан Жұмағұловтың кіріспе сөзінен соң судьялар Қарлығаш Сапинова мен Нұрсұлу Қабышевалар соттағы өкілеттік пен сенімхатты ресімдеу кезіндегі мәселелер төңірегінде баяндама жасады. Қарлығаш Сапинова Медиация туралы заңның қабылдануына орай, Азаматтық процессуалдық кодекстің кей баптарында өзгерістердің енгізілгенін атап өтті.

Жиында, сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айынан бастап Жоғарғы Соттың тапсырмасымен барлық соттарда электронды қадағалау өндірісін енгізу жобалары жүзеге асырылып жатқаны жайлы айтылды. Ал, қалалық соттың жетекші маманы Карина Ғабдуллина электронды сандық қолтаңбаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы түсінік берді. Оның айтуынша, сот ғимараттарында және ақпараттық веб-порталдарда ақпараттық дүңгіршектер енгізіліп, сот қызметкерлеріне жүгінбестен, өзіне қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік ашылған көрінеді. Мысалы, ғимаратта орнатылған моноблок арқылы азаматтар ғаламтор желісінде отырып, сотта қаралған істерінің нәтижесін, істің қозғалуы мен шығарылған шешімдерін, анықтамалар мен қаулыларға қатысты ақпараттар туралы біле алады екен.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда Семей қалалық сотының судьялары сот актілерін 100 пайыз электронды сандық қолтаңба негізінде тіркеп отырған көрінеді. Тікелей байланыс арқылы судьялар және сот мамандарымен семинар сабақтары, сол сияқты бейнеконференциялар веб-камера арқылы өткізіледі. Мысалы, өткен  12682 іске қатысты сот отырысы аудио-видео фиксацияның қолданылуымен өткен. Сонымен қатар, арыз берушілерді сот мәжілістеріне шақыруда да қазіргі дамыған заманның барлық жетіс-тіктері қолданылуда. Ұялы телефонмен хабарлама жолдап немесе электрондық байланысты кеңінен қолдануға жол ашылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы жолданған 3368 хабарламаның 3365-сі иесіне жеткен. Олардың 2672-сі сот отырысына қатысқан.

 

{jcomments on}- Бұл жаңа жоба жұмысымызды әлдеқайда жеңілдетіп отырғаны белгілі. Мысалы, процеске қатысушылар сотқа келіп, уақыттарын босқа шығындамай, өз құжаттарының реттелу барысымен ғаламтор арқылы таныса алады. Өткен жылы электрондық сандық қолтаңба  алу үшін 100 адам жүгінсе, үстіміздегі жылдың қаңтар   айында 52 азаматтан өтініш түскен екен, — деген қалалық соттың төрағасы Ақан Жұмағұлов   жиынға қатысушыларды осы жаңашылдықты үздіксіз пайдалануға шақырды.

 

Одан кейін сөз алған ШҚО Нотариалдық палатасының нотариусы Әлия Измайлова да осындай бірыңғай нотариалдық жүйе барын ескере отырып, заманауи технологияларды байланыстыруға ниетті екендігін жеткізді. Жиынға қатысушылар бұл тақырып тұрғысында өзіндік пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын да айтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС