"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСХАТ СМАИЛОВ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӘР ОТБАСЫНАН БАСТАЛУ КЕРЕК

03.10.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкпекті ауданы — аймағымыздағы адам көп қоныстанған, сан ұлтты, жері құнарлы өңірлердің бірі. Сырт қарағанда мамыражай көрінетін өңірдің  өткеніне бір сәт шолу жасасаңыз, Қалба тауларынан басталып, Зайсан көліне дейінгі жерді алып жатқан Көкпектінің жері ғана қазыналы емес, тарихы да сан қатпарлы екендігін байқап, тұнба тарихтың тұңғиығына кез боласыз. Ертерек, сонау жаугершілік заманда, Абылай хан Толағай тауының етегіне шатыр тігіп, кеңес шақырған деген дерек те бар. Қабанбай, Райымбек батырлардың да осы жерде ізі жатқан сияқты.

1997 жылы,  оңтайландыру саясаты тұсында, көршілес Самар мен Көкпекті ауданы біріктірілді. Өңірді соңғы үш жыл көлемінде басқарған Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов мамыр айында басқа қызметке ауысып, аталған ауданға әкімдікке төрт айдай уақыт бұрын Асхат Сайдахметұлы Смаилов келген болатын.

Асхат Сайдахметұлы Смаилов 1968 жылы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылында туған, Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тамамдаған, қаржы саласында ғана емес, аудандық деңгейде ел басқару ісінде де тәжірибесі жеткілікті, соңғы 8 жылда Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Таяуда Көкпектіде болып, ауданды соңғы 4 айдан бері басқарып келе жатқан Асхат Сайдахметұлымен сұхбаттасып қайтқан едік.

— Асхат Сайдахметұлы, бұл өңірге алыстан келген жоқсыз, Ақсуат пен Көкпекті — Толағайдың қос етегін мекен еткен егіз қозыдай, ежелден ауылы аралас, малы қоралас аудандар. Екі ауданның табиғаты да, ауа райы да бір-біріне ұқсас. Сондықтан Сіз үшін жат жер деуге келмес. Осы өңірге басшылыққа келген төрт ай уақыттан бері қандай ой түйдіңіз?

— Иә, Көкпектіге алыстан емес, көрші ауылдан келдік. Негізгі мамандығым экономист болғандықтан да болар, қызметті аудан бюджетінің орындалуы қандай деңгейде деген сауалдан бастадым. Жергілікті бюджеттің орындалуы — халықтың әлеуметтік жағдайының жаршысы. Менің ойымша, еліміз бай-қуатты болғанда ғана өзімізді толық тәуелсіз сезінеміз. Өзімнен бұрын болған басшыны жамандағым келмейді… Дегенмен облыс бойынша рейтингілік көрсеткіште Көкпектінің 18-19-шы орыннан жоғары көтерілмей тұрғаны ауданның бүгінгі жағдайының аса мәз емес екендігінің айғағы болса керек. Жергілікті салық шамамен 100 миллион теңге көлемінде азайып кетіпті. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы да сын көтермейтін деңгейде… Көкпекті ауданына қарасты 52 елді мекеннің 12-сінің ғана ауыз сумен қамтамасыз етілгені мені таң қалдырды. Бұл — ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету көлемінің 23 пайызы ғана.

— Айтыла–айтыла жауыр болған мақал десек те, «Ауылына қарап азаматын таны» деген халық даналығы мұнтаздай таза ауылдар мен тақтайдай тегіс жолдарды көргенде еріксіз тіл ұшына оралады. Көкпектінің жолдары қандай деңгейде?

— Республика мен облысқа қарасты жолдар кезегімен жөнделуде. Бүгінгі таңда 436 шақырымды құрайтын ауданға қарасты жолдар жөндеуді қажет етеді. Қызметке кіріскен бетте аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге қаралып, нәтижесінде біраз жұмыстарды іске асыруға қол жеткізген сияқтымыз. Көкпекті – Биғаш – Комсомол – Бастауыш — Караөткел бағыттарындағы жолдар жөнделді. Қойтас ауылына баратын 10 шақырым жолды жөндеп бердік.

Мен алғаш қызметке кіріскен күннен бастап әр салада Көкпектідегі жағдайды өзім бұрын қызмет атқарған Тарбағатаймен салыстырамын. Көп жылдар бойы аудан әкімінің орынбасары қызметінде экономика саласын басқарғандықтан цифрларды сөйлету — менің кәсібім.

Тарбағатай ауданының коммуналдық меншігінде 40-қа жуық техника бар. Қар тазалау, жолдарды жөндеу, көгалдандыру жұмыстары үшін қажетті техникалардың бұл ауданда мүлде жоқ екендігі де мені таңғалдырған жағдайлардың бірі. «Кісідегінің кілті аспанда» демекші, біреуге үнемі алақан жайып, көмек сұраумен алысқа бара алмаймыз. Осы мақсаттарға біраз қаржы қарастырдық. Алдағы уақытта да ауданның коммуналдық шаруашылығы қажетті техникалармен толықтыруды қажет етеді .

— Елбасының рухани жаңғыруды ерекше назарда ұстап отыруы тегін емес деп ойлаймын. Еркін ойлай білетін, қаржылық тұрғыдан тәуелсіз, шығармашылықта шыңдалған, рухани деңгейі жоғары азаматтар мемлекеттің, елдің нағыз патриоттары бола алатыны белгілі. Көкпекті рухани тұрғыдан қалай жаңғырып жатыр?

— Рухани жаңғыру – ұлт болып қалудың негізі! Ауылдың әр азаматы «Туған ауылыма не істей аламын?» деген көзқарасты қалыптастырып, жауапкершілікті жүрегіне ұялатса нұр үстіне нұр болар еді. Рухани тұрғыдан өсіп-өркендеу әр отбасынан басталу керек. Үйіңіздің сыртқы келбетіне көз жүгіртіңіз. Ағаш, гүл егілген бе? Тұрып жатқан көшеңізде тазалық қалай? Қақпа, дуал, қоршаулары боялған ба? Көшеде шашылып жатқан қоқысты аттап жүре бересіз бе, әлде жинай кетесіз бе? Жалпы, ауыл адамдары жоғарыда айтылған жұмыстарды әкімдіктің істейтін міндеті деп қарап отырмай, өздері де атсалысулары керек. Сонда ғана біз көркейіп, көктейміз. Өсіп-өркендейміз.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған рухани құндылықтар, ұлтты ұйытатын алтын бесік те, қазақылықтың айнасы да осы  — ауыл. Рухани жаңғыру ісінде барша халық ауылдан үлгі алуы керек деген түсінікті санамыздан шығармауымыз керек. Ұлт болашағы деп үміт күтетін жастарымызды салт-дәстүрлеріміздің озығымен сусындатып, тозығынан бездіріп, асыл дінімізбен нұрландырып, ананың тіліне адал етіп, жамандықтан жирендіріп, салауатты етіп тәрбиелесек қана ұлт болып ұйыса аламыз. Елбасының рухани жаңғыруға шақырып отырудағы басты мақсаты да осы деп білемін.

Қай ауылда да, қай кезде де белсенді азаматтар мен азаматшалар болған, әлі де бар.  Мектеп түлектері — әр ауылдың, алыстап кетсе де, үміт артар тірегі. Ұрпағымыздың өз ауылына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі үлкен істерге бастайтыны белгілі. Осы жерде айта кеткен жөн болар, Құлынжол ауылында туып өскен, бұл күндері астаналық болып кеткен Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев деген кәсіпкер азамат өзі білім алған мектебіне робототехника кабинетін ашып берді. Осы азаматтың туған жер алдындағы перзенттік парызы жайлы түсінігі мен игілікті ісі баршаға үлгі болуы керек. Отанға деген махаббат туған ауылдан, білім алған мектептен басталатынын жастардың естен шығармағаны дұрыс деп ойлаймын.

Сондықтан біз туған ауылынан сыртқары жүрген азаматтармен де байланысымызды үзбеуіміз қажет. Әр ауыл, әр елді мекен — тәуелсіз мемлекетіміздің бір бөлшегі. Әрқайсымыз туған жерімізді өркендетуге атсалысу арқылы перзенттік парызымызды өтесек,  ауыл өмірінің көңілді, ондағы әр отбасының берекелі тірлік кешуіне үлес қостық деп есептейміз.

— Өзі білім алған мектебіне робототехника кабинетін ашып берген түлек бар дедіңіз ғой. Осы жерде тағы бір сұрақ туындап тұр. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Көкпекті мен Аягөз ауданының мектептерін басқа аудандарға үлгі етіп көрсетіп жүр. ҰБТ-да түлектердің жоғары бағаға қол жеткізуі кездейсоқтық па, әлде білімнің шынайы көрсеткіші ме?

— Менің ойымша, аудан мектептеріндегі сапалы білімнің көрсеткіші. Өйткені бірнеше жыл қатарынан облыс бойынша Көкпекті ауданы ҰБТ қорытындысында 1-орынды иеленіп келеді. Биыл 6-орыннан көріндік. Бұл да жақсы нәтиже.

— Аудандарыңызда бірнеше елді мекен болашағы жоқ ауылдар қатарына жатып, картадан жойылғанын да білеміз. Әрине, халықтың саны азайып кеткендіктен… Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 70-тен астам мектеп жабылған деген ресми дерек бар. Бұл — облыста 70-ке жуық елді мекен жойылды деген сөз.

— Өкінішке орай, халық санында  азаю бар. Осындай түйткілдердің салдарынан ауылдардағы  халықтың өсу қарқыны баяулап, елді мекендердің сәні қашатыны алаңдатады. Өткен жылы ауданда халықтың саны 1000 адамға азайып кетсе, биыл жыл басынан бері, яғни 8 айдың ішінде 800 адамға кеміген екен.

Жастардың туған ауылдарында тұрақтап қалуларына жағдай жасау керек. Бұл — алдағы уақытта ойлануды, жоспарлы жұмысты қажет ететін іс.

«Дипломмен – ауылға» атты мемлекеттік бағдарлама аясында ауданға келген жастардың тұрақтап қалуларына қамқорлық жасау керек деп ойлаймын. Негізінен, дәрігер, мұғалім, мал дәрігері сияқты мамандық иелері ауылдың болашағы үшін аса қажет. Осы бағдарлама аясында ауданымызға келген 12-13 маман пәтермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да ауылды өркендетуге үлес қосамын деген жастар болса, біздің тарапымыздан қолдаусыз қалмайды. Жастар тәрбиесіне қатысты қолға алынып жатқан басқа да жұмыстар аз емес. Мысалы, бұрын білім мен спорт бөлімі бірге болған екен. Небір үлкен жарыстарда көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды көк аспанда асқақтататын сала спорт емес пе? Көкпекті ауданында туып-өскен есімі халыққа белгілі спортшылар аз емес. Осы жерде айта кеткен орынды болар, бұл аудан — ат спортынан аты шыққан өңірлердің бірі. Біздің көкпаршылар облыстық спартакиадада биыл 1-орынды иеленді. Алдағы уақытта ат спорты мектебін ашу да жоспарымызда бар.

— Енді халықтың әлеуметтік жағдайы деген мәселеге қайта оралсақ… Ауданда жұмыссыздар саны қанша?

— 1526 адам жұмыссыздар қатарына тіркелген. Олардың бірқатарын «Бастау – Бизнеспен» оқытып жатырмыз. «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы да кәсібін ашып, аяғынан тұрып кетіп жатқандар бар. 5-6 %-дық несиенің іс бастауға ниетті адамдарға қолдауы көп.

-Ауданға басшылыққа жалғыз келдіңіз бе, әлде өзіңізбен команда ерте келдіңіз бе?

— Өзіммен ешқандай команда ертіп келген жоқпын. Ел мен жердің сырын жақсы білетін азаматтармен жұмыс істегенді қолайлы деп есептеймін. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ауданда 27 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Тиісті конкурстар жарияланып жатыр. Таяу уақыттарда мемлекеттік қызметкерлер қатары лайықты кадрлармен толығады деген үміттемін.

— Әңгімеңізге рақмет! Жұмысыңызға табыс тілеймін!

— Бүгін уақыт бөліп, біздің ауданға келгендеріңізге рақмет! «Семей таңы» — өзіміз көзімізді ашқаннан оқып келе жатқан қазақ баспасөзінің қара шаңырағы. Бұл басылымның «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан жұмыстарда қосып жатқан үлесі көп деп есептеймін. Алдағы уақытта Көкпекті ауданы мен Алаш ардақтылары негізін қалаған қарт басылым арасындағы байланыс жақсара түседі деген сенімдемін.

Асхат Сайдахметұлымен арада өзі басқарып отырған ауданның, елдің  бүгінгі  тыныс-тіршілігі  мен  болашағы  жайлы кеңінен  әңгіме өрбіттік. Көкпектінің бұрынғы әкімі Рамиль Сағандықов үш жылға жуық осы ауданға басшылық жасаған уақытта қордаланып қалған, шешімін күткен мәселелердің де аз емес екенін білеміз.

Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы рейтингілік көрсеткіште 19-орынды бермей келе жатқан Көкпекті ауданына Асхат Сайдахметұлын басшылыққа тағайындағанда, сол қордаланып қалған мәселелер дұрыс шешімін тауып, ел еңсесі көтерілер деген үміт артқаны түсінікті. Біз де өз тарапымыздан Асхат Сайдахметұлының жұмысына табыс тіледік.

Сұхбаттасқан Риза МОЛДАШЕВА.

PS: Айтпақшы, үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап екі аптада бір рет «Семей таңы» газетінің Көкпекті ауданы үшін арнайы қосымшасы шығарылып тұратын болады. Редакция алқасы Асхат Сайдахметұлының газеттің Көкпекті ауданы бойынша меншікті тілшісінің бірлігін бөлу жайлы өтінішін қолдап, осы қызметке конкурс жариялайды.

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС