"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Дүйсенғазы МУСИН: ШЕКАРАМЫЗДЫҢ ШЕТІН ЖАЛАҢАШ ҚАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

02.11.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі Елбасының ең бірінші қолға алған мәселесі шекараны шегендеп, халықаралық келісімшарттарды мықтап бекітіп алу болған еді. Ол заңды да. Өйткені сырттан келетін шетелдіктер ең алдымен қарсы алдынан шығатын шекаралық ауылдар арқылы Қазақстан деген елмен танысады. Сол ауылдарға қарап, еліміз туралы алғашқы пікірі қалыптасады. Ендеше, бүгінгі дүрбелеңге толы дүниеде шекаралық ауылдар жағдайы, ел шетіне халықты тұрақтандыру мен шоғырландыру — мемлекеттік деңгейде назар аударуды қажет ететін мәселе. Өкінішке орай, даладан қалаға қоныс аударып жатқандардың басым бөлігі — осы шекара маңындағы ауыл тұрғындары. Шекара маңының жалаңаштанып қалуына жол беруге болмайтындығы аз айтылып жүрген жоқ…

Таяуда аймағымызда болып, шекаралық аудандарды аралап қайтқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусинмен осы тақырыпта сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Дүйсенғазы Мағауяұлы, шека-ралық аймақтарымызды дамыту үшін жан-жақты ойластырылған, тұрғындарды мемлекеттік тұрғыдан қолдайтын арнайы бағдарлама қажеттігі жайлы көптен айтылып жүр ғой… Заң шығарушы органның өкілі ретінде әңгімені осы мәселеден бастасақ...

— Шығыс Қазақстан облысы — еліміздің ең үлкен шекаралық аймақтарының бірі. Шекараның қауіпсіздігі — қай мемлекет үшін де маңызды мәселе. Ал кең-байтақ жеріміз бен татулығы жарасқан елімізге сырттан сынай көз тастап отырғандарға шекара маңының жалаңаш қалғанын көрсетуге болмайды. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар мүлде жоқ деп айтуға болмас.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясында Елбасының шекаралық аумақтар мәселесін нақты шешуді ерекше тапсырғаны баршамызға мәлім.

Дегенмен, шекаралық аймақтарда орналасқан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы бірқатар маңызды мәселелер өз шешімін әлі де күтуде. Соңғы жылдары Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан шекара маңындағы ауылдар мәселесі аз көтеріліп жатқан жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері шекарамен шектес аймақтардың бүгінгі жағдайын талқылап, оларды шешу үшін қажетті заңнамалық негіз бағыттарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдаған болатын. Ағымдағы жылдың тамыз айында өңірлерде болған іссапарымыз барысында Марқакөл мен Үлкен Нарын өңірінің тұрғындары (мемлекет тарапынан шешіліп жатқан жұмыстарды айта отырып) қордаланған мәселелерді көтерген еді.

Әрине, шекара шебіндегі елді мекендердегі миграцияның жағымсыз сальдосына әлемде үрдіске айналған урбанизация, мобильді байланыс пен интернет жұмысы сапасының төмендігі және заманауи коммуникациямен қамту факторларының әсері де аз еместігі баршамызға түсінікті. Шекаралық ауылдардан халықтың көшіп кетуінің тағы бір себебі және ең бастысы деп айтуға болады – инфрақұрылымдардың дұрыс жолға қойылмауы, жұмыссыздық, мектептердің жабылуы болып отыр. Шекарамыз мықты шегеленгенімен, жақын орналасқан елді мекендердің қаңырап бос қалуы, халық санының азайып бара жатқаны көңілде алаңдаушылық туғызады.

— Шекаралық  ауылдардағы халықтың жағдайы туралы, елді мекендердің иесіз қалуына тікелей әсер ететін факторлар туралы таяуда өзіңіздің Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдағаныңызды білеміз.

— Иә, Тәуелсіздік алғаннан бері шекаралық ауылдардағы мектептер жабылып, халық саны жылдан-жылға қатты кеміп бара жатқанын байқаймыз. Таяуда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселелерге байланысты менің тарапымнан депутаттық сауал жолданды. Депутаттық сауал жолдауыма Шығыс Қазақстан облысының шекара маңында орналасқан Күршім және Катонқарағай аудандарында ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативі туралы» №1256 қаулысын орындау барысында  халық саны аз ауылдық елді мекендерде мектептердің жабылуы себеп болды. Бұл жалғыз аталған аудандардағы ғана жағдай емес, еліміздің көптеген шекаралық аймақтарына да тән екені даусыз.

Алаңдатарлық статистикалық деректер аз емес. Мәселен, Ресеймен 245, Қытай Халық Республикасымен 45 шақырым бойы шектесетін Катонқарағай ауданы халқының саны соңғы 20 жылда 29 мыңға азайған, 6 ауыл елді мекен мәртебесінен айырылған, 48 елді мекеннің 17-де ұялы телефон байланысы жоқ, сапалы интернет желісі тек аудан орталығында ғана жұмыс істеуде. Осы мерзім ішінде оқушы саны 9261 — ден 3518 балаға дейін азайып, 15 мектеп жабылған.

Сондай-ақ Қытаймен 300 шақырымдай шектесіп жатқан Күршім ауданының 49 елді мекенінің 11-і шекарадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Соңғы 20 жылда тек Марқакөлдегі халықтың саны екі есеге азайған.

Келтірілген деректерге үңіле отырып, халықтың көшуін тоқтату шараларын қолға алмасақ, шекара маңы таяу жылдары иесіз мекенге айналуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан бұл үдірісті тоқтату шараларын барынша жеделдету қажет. Елді мекендерді сақтап, жабылу жағдайында тұрған ауылдарға халықты көптеп қоныстандыру бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар мәселе болып табылады.

Шекара шебінде қалыптасқан осы жағдайға терең мән бере отырып, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жуырда Күршім ауданында өткен көшпелі отырыста шекаралық аймақтарға тән түйінді мәселелер қатарында қысқартылып жатқан мектептер жайын да қозғады.

Бұл орайда Бақытжан Әбдірұлы біздің ұсынысымызды қолдап, тиісті мемлекеттік органдарға сәйкесінше тапсырма береді деген үміттемін.

— Дүйсенғазы Мағауяұлы, елді мекендердің болашағы жоқ ауылдар санатына қосылуының басты себебі мектептердің жабылуынан екендігін жоғарыда айтып кеттік. Шығыс Қазақстан облысы бойынша алсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1997-2011 жылдар аралығында ғана шекаралық  аудандардағы 45 елді мекен еліміздің картасынан жойылып, 20-дан астам мектеп жұмысын тоқтатқан. Бұл деректердің артында қанша адам тағдыры жатыр… 2012 жылға дейінгі дерекке қарағанда, 15 жыл ішінде шекаралық Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Үржар аудандарынан 85,1 мың адам көшіп кеткен. Мектеп оқушыларының саны тиісті мөлшерден азайып кеткені жиі байқалып отыр. Осы орайда шекаралық аудандар үшін арнайы заң қабылдап, мектеп оқушыларының тиісті шекті мөлшерін кемітуді қолға алу керек сияқты.

— Мектеп санын қысқарту туралы мәселені, жалпы, шекара аймағындағы проблемаларды кешенді түрде шешу арқылы қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.

Бұл бағытта ШҚО басшылығы да арнайы жоспар жасап, Үкіметке бірқатар ұсыныстарын жолдаған.

Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты, Білім және ғылым министрлігі тарапынан білім беру ұйымдары желісінің нормативіне, негізгі және орта мектептердің қызмет етуі үшін, норманы төмендетуге қатысты өзгерістер енгізуді, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы №1289 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014 — 2020 жылдарға арналған шаралар кешені аясында мектептерді қолдау, олардың жабылуын тоқтатуға бағытталған өзгерістер, нақты іс-шаралар қарастырылып, оңтайлы шешімдер қабылдануы қажет деп есептейміз және Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалда осы ұсыныс айтылды.

Сонымен қатар, Елбасының кезекті Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, шекара аймағындағы мектептер мәселесі елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастырылып, әзірленетін Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасында және Еліміздің 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында арнайы шаралар кешені ретінде ерекше орын алуы қажет деп санаймыз.

— Елулікті еңсердік, енді отыз елдің ортасына енеміз деп жатқан уақытта осы шекаралық аудандарды қайта қалпына келтіру күн тәртібіне сұранып тұр емес пе?

— Әрине, бұл орайда елімізде мүлде жұмыс жүргізілмей жатыр деп айтуға болмас. Мысалы, жоғары оқу орындарына арналған Үкіметтің «Серпін» жобасы ішкі көші-қон қозғалысына сенімді  серпін беріп жатқанын байқаймыз. Шекаралық ауылдарда жұмыс орындарын көптеп ашу – кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ дәрігерлік қызмет, бюджеттік қызметкерлер жалақысына  үстеме төлеу, кәсіппен айналысуға талап қылғандарға салықтық жеңілдік жасау, жас мамандардың шекаралық алыс ауылдарға  барып, тұрақтап қалуы үшін түрлі жеңілдіктер қолға алынуы тиіс деп есептеймін.

Яғни, шекарадағы ауылдардың жағдайын жақсарту ұлттық қауіпсіздік кепілі екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Сондықтан шекаралық аудандар үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек дегенге қосыламын және өз өкілеттігімнің шеңберінде аталған мәселемен белсенді айналысу қажет деп ойлаймын. Ел шекарасын күзету тек әскерлердің ғана емес, сол шекараны мекен етіп жатқан ауыл тұрғындардың да қолында. Ендеше, шекарамыздың шетін жалаңаштауға жол бермеу егемендігін алған ел үшін аса маңызды.

— Әңгімеңізге рақмет, Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Сұхбаттасқан Риза МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен тарихи маңызын атап өтті

15.03.2026
Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен тарихи маңызын атап өтті

Қазақстанда өткен республикалық референдумның өту барысын халықаралық бақылаушылар да қадағалап жатыр. Солардың бірі - Албания Республикасының Мемлекеттік сайлау комиссары Илирджан...

Толығырақ...Details

Семейде №64 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде

15.03.2026
Семейде №64 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде

Семей қаласындағы №64 сайлау учаскесі Ш. Қабылбаев көшесі, 32 мекенжайында орналасқан Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық...

Толығырақ...Details

Ашықтық және жоғары қатысу: Өзбекстан ОСК төрағасы референдумның өту барысын бағалады 

15.03.2026
Ашықтық және жоғары қатысу: Өзбекстан ОСК төрағасы референдумның өту барысын бағалады 

Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде келген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев референдумға дайындық пен дауыс беру барысын жоғары бағалады....

Толығырақ...Details

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы: сайлау учаскелерінде халықтың қызығушылығы жоғары екенін байқадық

15.03.2026
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы: сайлау учаскелерінде халықтың қызығушылығы жоғары екенін байқадық

Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Астана қаласындағы №149 сайлау учаскесіне барып, Қазақстанда өтіп жатқан жаңа Конституция бойынша...

Толығырақ...Details

Аягөзде референдум учаскесінде ұлттық күй орындалды

15.03.2026
Аягөзде референдум учаскесінде ұлттық күй орындалды

2026 жылғы 15 наурыз күні Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде қала өнерпаздарының қатысуымен салтанатты музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Референдум учаскесіне келген...

Толығырақ...Details

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері референдумға қатысты

15.03.2026
Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері референдумға қатысты

Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен тарихи маңызын атап өтті

14 часов бұрын

Семейде №64 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде

15 часов бұрын

Ашықтық және жоғары қатысу: Өзбекстан ОСК төрағасы референдумның өту барысын бағалады 

16 часов бұрын

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы: сайлау учаскелерінде халықтың қызығушылығы жоғары екенін байқадық

17 часов бұрын

Аягөзде референдум учаскесінде ұлттық күй орындалды

17 часов бұрын

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері референдумға қатысты

17 часов бұрын

Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады

17 часов бұрын

Ортақ таңдау: теміржолшылар референдумда дауыс беруде

19 часов бұрын

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады

19 часов бұрын

Облыс әкімі референдумда дауыс берді

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС