"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

03.05.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің Өңірлік коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды. Ақпараттық орталықтың ашылу рәсімі сейсенбі, 30 сәуір күні орталық кітап-ханада өтті. Шараға медиахолдинг төрағасы Нұрбек Бекенов, қала әкімі Ермак Сәлімов және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінде Семей қаласында 30-ға жуық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Екі телеарна, бірнеше газет, радио жұмыс істейді.

— Ақпараттық орталық өз жұмысын бастағанына біраз уақыт болса да, ресми ашылуы бүгінгі күнге дөп келді,- деді Н.Бекенов. — Семейде республикалық және халықаралық деңгейдегі шаралар үнемі өтіп тұрады. Еліміздің рухани-мәдени орталығында осындай ақпараттық орталықтың ашылуы өңірдің барлық маңызды оқиғаларын жариялауға, жедел ақпарат таратуға, халыққа дұрыс, тексерілген мәліметтерді жеткізуге үлкен үлесін қосады. Мұнда апта сайын жергілікті атқарушы билік пен жақын маңдағы аудандар, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен баспасөз конференциялары ұйымдастырылатын болады. Бүгін сол үрдісті бірінші болып қала әкімі Ермак Бидахметұлы бастағалы отыр,- деді Н.Бекенов.

Нұрбек Бекеновтің айтуынша, өңірде 7 жыл қатарынан ШҚО Ақпараттық орталығы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде республикалық, облыстық және қалалық БАҚ өкілдерімен, интернет-сайттармен тұрақты байланыс орнатылған.

Шаһар басшысы Ермак Сәлімов журналистерге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

— Биыл айтарлықтай маңызды үш жобаны қолға алдық. Бұл — қалаға кәсіпкерлерден тартылған инвестиция. Біріншісі – «Динамо» стадионының аумағына салынатын бес қабатты «SemeyМаll» атты ойын-сауық орталығының құрылысы. Біз жобаны көрдік. Ғимарат жертөлесінде көлік тұрағы, бірінші қабатта бутиктер мен тамақ өнімдерін қайта өңдеуге арналған арнайы орын, екінші-үшінші қабаттарда балаларға арналған алаңдар, 5 кинотеатр орналасатын болады. Ал бесінші қабаты тұрғындардың спортпен шұғылдануларына, церебралды сал ауруына шалдыққандарды оңалтуға арналмақ. Құрылыс жұмыстары 1 жыл 7 ай көлемінде аяқталады деп күтілуде. Компания 25 мамырға дейін жұмысқа кіріседі. Құрылыс жұмыстары біздің бақылауымызда болады. Жоба құны 6 млрд. теңгені құрап отыр,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов. – Екінші жоба «Семей су» деп аталады. Бұл жоба кезінде қала бюджетінің 70 пайызын қалыптастырған болатын. Қазір инвестор кешенді толығымен сатып алды. Біз де бұл жұмыстарға белсене араластық. Осы жобаның арқасында қаладағы «Восход» шағын ауданы сумен қамтылмақ. Аталған ауданда сумен қамту мәселесі шешілмегенін білесіздер. Қазір жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Мекеменің негізгі қызметі майлы дақылдарды өңдеу болғанымен, сусын және сыра өнімдерін құюмен де айналысады. Қазір мекеме 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Келешекте жұмысшылар саны 240-қа, сосын 400-ге жететін болады. Жоба құны 4 млрд. 200 млн. теңге, — деді Ермак Бидахметұлы.

Үшінші жоба — мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында Қарағайлы ықшам ауданынан бой көтеретін «Мұз сарайы» жобасы. Жоба құны 6 млрд. теңгені құрап отыр.

— Мамыр айының соңында Мұз сарайы құрылыс жұмыстары басталады. Жер телімі бөлінген. 400 метрді құрайтын екі хоккей корты салынатын болады, — деді Е.Сәлімов.

Ермак Бидахметұлы тамыз айында Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы 4,1 млрд. теңгеге 170 жаңа қоғамдық көлік сатылып алынатынын айтты. Бұл көліктер қыркүйек айында жолға шықпақ. Айта кету керек, жаңа автобустарда электронды билет жүйесі іске қосылады.

— Қазір 450 қоғамдық көлік бар, олардың санын 318-ге қысқартамыз. Шағын автобустар қолданыстан шығады. Электрондық билет жүйесі бойынша алматылық компаниямен жұмыс жүргізудеміз. Электрондық жүйеге көшу арқылы шығындар мен кірістерді бақылауға мүмкіндік туады. Бірақ тариф төмендемейді. Несие шығындары тариф арқылы қайтарылады,- деді Ермак Бидахметұлы.

Брифинг барысында қала әкімі шаһарды абаттандыру, жылумен қамту, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару және өзге де мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Ермак Бидахметұлы Бейбітшілік аралынан Мирный кентіне дейінгі аралықтағы Ертіс жағалауын бекіту, Бейбітшілік аралын абаттандыру, биологиялық орталық қызметін дамыту жобалары қолға алынатынын да тілге тиек кетті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

12.07.2025
Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

Semeytany.kz – Курчатов қаласындағы «Компания Балапан Көлігі» ЖШС-нің өндірістік базасы өңірлік теміржол тасымалының маңызды нүктесіне айналған. Облыс әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

12.07.2025
Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

Semeytany.kz – Курчатов қалалық ауруханасының материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Өңір басшысы Берік Уәли емдеу мекемесіне арнайы барып, жүргізілген жөндеу...

Толығырақ...Details

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

12.07.2025
Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

Semeytany.kz – Курчатов қаласында бос тұрған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли шаһарға жұмыс...

Толығырақ...Details

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

12.07.2025
Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуге келгендер жылу мен ауыз су...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

12.07.2025
Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы қаладағы әлеуметтік-экономикалық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

12.07.2025
Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

Semeytany.kz – Абай облысында 13 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

2 дня бұрын

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

2 дня бұрын

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

2 дня бұрын

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

2 дня бұрын

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

2 дня бұрын

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

2 дня бұрын

Абай облысында орман және дала өрттеріне қарсы шаралар күшейтілді

2 дня бұрын

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 дня бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

2 дня бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС